Сабақтың тақырыбы: Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама Мақсаты



Дата17.06.2016
өлшемі69.41 Kb.
#142606
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

Қаратөбе мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі

Сүлейменова Ләззат Батырбекқызы


Сыныбы:

8б уақыты: 25.10.2013

Сабақтың тақырыбы:

Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама

Мақсаты :

Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын өзендердің және ішкі алаптарға жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру. Өзендердің қазіргі экологиялық жағайына тоқталу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Күтілетін нәтижелер:

А. Қазақстан өзендерінің алаптар бойынша өзіндік ерекшеліктерін біледі, картадан көрсете алады, картаға түсіріп, сипаттайды.

В. Алаптар бойынша өзендерді ажырата алады, өзендерді өзара салыстырады.

С. Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайы туралы ой тұжырымдайды

Керекті жабдықтар:

Ресурстық парақтар, тақырыптық карталар, атлас, кескін карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, «Кемпірқосақ», диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, критерий арқылы срикердің бағалауы, рефлексия парағы

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


5мин

1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.

3. «Өзен алаптары» техникасы бойынша 3 топқа бөлу. «Кемпірқосақ» түстеріне байланысты 5 түрлі түске

Каспий теңізі алабы өзендері: Жайық, Жем, Ойыл, Сағыз, Сары өзен

Арал теңізі алабы өзендері: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай

Балқаш-Алакөл алабы өзендері: Қаратал, Лепсі, Іле, Ақсу, Тентек аттары жазылады.

Қазақстандағы алаптар бойынша өзендерді тауып, картадан географиялық орнын анықтап табады.



-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу

Оқушылар алдағы бірлескен жұмысқа әзірленеді және сәйкес жағдайға икемделеді.

Қазақстандағы Ішкі алаптар Каспий, Арал және Балқаш-Алакөл алаптары бойынша топтасады.


Тұсаукесер

3 мин

«Ой қозғау»

- Қазақстан өзендері тағы да қандай алапқа жатады? Мысал келтіріңіз.

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін тыңдатамын.

- Бұл өлең не туралы?

- Ақын өзенге қалай сипаттама берген?

- Қандай ерекшелігін байқап тұрмыз?

- Өзеннің қандай қасиетін ерекше атап өткен?
- Олай болса бүгінгі сабағымызда Қазақстанның ірі өзендерімен танысатын боламыз.

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.



Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды іске асырады

Критерий

Дескриптор

Ұпай

Деректер арқылы ойын жеткізуі.

Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі.

3

Деректермен жұмыс жасай алады.

2

Деректер бар, толықтыру

ды қажет етеді



1




Негізгі бөлім

20 мин

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту сыни тұрғыдан ойлаудың «Кемпірқосақ» әдісі арқылы топтық әңгіме жүзеге асады.

Топтағы түрлі стикерлерді алған оқушыларға бес түрлі тақырыпша беріліп әрбір топ мүшесі өз тақырыпшасы бойынша ой бөлісіп, өзінің тобындағы оқушыларға мәліметтерімен бөліседі.

Сары: Солтүстік мұзды мұхит алабы. Ертіс өзені

Жасыл: Ертіс өзенінің қоректенуі, маңызы

Көк: Каспий теңізінің алабы. Жайық өзені

Қызыл: Арал теңізінің алабы. Сырдария өзені

Алқызыл:Балқаш –Алакөл алабы. Іле өзені

Топтық жұмыстар

Мәтін мазмұнын меңгерту мақсатында 3 топқа тапсырмалар беру

I топ. Сипаттау. Жайық өзенін «Радиоға қоңырау шалу» әдісі бойынша қорғау

IІ топ. Салыстыру. Сырдария мен Ертіс өзенін венн диаграммасы бойынша салыстыру

III топ Зерделеу «Ыстық орындық» әдісі бойынша географ-ғалым бейнесін сомдау


Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтіндіоқиды.Әрбір топ мүшесі түстерге байланысты үш-үштен ой бөліседі. Тапсырманы орындау үшін, бір-бірімен кеңесіп, топ ішінде өзге топтарға қолайлы түсіндірудің жолдарын іздеп, жұмыстанады



Критерий

Дескриптор

Ұпай

Топтық талдауға қатысуы

Өз ойын жеткізеді, идея қосады, дәлелдей алады

3

Өз ойын жеткізеді, дәлелдемелері әлсіз

2

Дәлелдемелері әлсіз

1

«Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері :

Егер жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл түс

Егер жеткізуі орташа болса

Сары түс

Егер мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс




Қорытынды

15 мин

1. «Алты ойлау қалпағы» арқылы 6 тәсілмен тақырыпқа жұппен қорытынды жасауға ықпал ету.

Ақ қалпақ – Фактілер: Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? (Білетінін ғана жазу)

Қызыл қалпақ – Түйсік: Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді? (Өз ойларын жазу)

Сары қалпақ – Позитив: Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? (Оң тармақтарын жазу)

Қара қалпақ – Жағымсыз: Жағымсыз жақтарын көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? (Жағымсыз тармақтарды жазу)

Жасыл қалпақ – Креатив: Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? (Барлық жаңасын және қызықтысын жазу)

Көк қалпақ – шолу: Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ?Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? (Жалпы түсінігін жазу)



2. Кері байланыс.
Үйге тапсырма:



Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің?





Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың?




Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің?


  1. Міндетті деңгейлі тапсырма.

Кескін картаға алаптар бойынша өзендерді түсіру

  1. Мүмкіндік деңгейлі тапсырма.

Өлкеміздегі өзендердің қазіргі экологиялық

жағдайы туралы шағын жоба дайындау.


- Әр қалпақта тапсырманы орындап, әртүрлі шешімдерді бір ойға шоғырландырады.


Критерий

Дискриптор

Ұпай

Ең негізгі мәселені меңгеру дәрежелерін дәлелдеуі

Мәселеге өзіндік бағасын берді

3

Өзі дәлелдей алды

2

Басқаның көмегімен дәлелденді

1

-Ақ қалпақ киген оқушылар қажетті ақпаратқа назар аударады.

-Мәселеге сезімнен туған өз ойларын білдіреді.

-Тақырыптағы жаңалықтарын анықтап, жағымды жақтарын зерделейді.


-Өзендердің қазіргі экологиялық жағдайының салдарын айтады.
-Өзендердің проблемасын шешу жолдары туралы өз идеяларын айтады.

Осыдан соң мұғалімнің қорытынды бағалауы жүреді.

Топтағы оқушыларды топ басшысы бағалап отырады.

Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет