Реферат орындаған: Өтешова Асылханым Тексерген : Есенова Гүлшат Ақтөбе,2023



Дата28.11.2023
өлшемі21.69 Kb.
#484763
түріРеферат
12-13 апта срсп


Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
Филология Кафедрасы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы.
РЕФЕРАТ

Орындаған: Өтешова Асылханым
Тексерген : Есенова Гүлшат

Ақтөбе,2023
Білім беруді жаңаша дамыту және білім алушылардың өзін-өзі басқаруы.
Жаңашылдық үрдістегі басқаруда педагогтарды ынталандыруды және жетілдіру.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және
түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген.
Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарымқатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген.
Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған.
Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген
нормативті актілері бар.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім
беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей
мен бағыттағы мемлекеттік білім беру
стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі
ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі
және түрдегі білім беру мекемелерінде іске
асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім
беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты:
- бәсекеге қабілетті маман
дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Заманауи білім берудің ерекшелігі :
-жаңа ақпарат беру;
-заманауи технологияны меңгерту;
-іздендіру;
-өз бетімен жұмыстарды орындату;
-ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;
-іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
-қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;
-топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.

ПАЙДАЛАНҒАН РЕСУРСТАР:

  1. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/

  2. https://bilimger.kz/20908/

  3. https://daryn.online/article/294


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет