Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті
Әлеуметтік – ғылымдар гуманитарлық факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні
БӨЖ
Тақырыбы: Мониторинг мақсаты, рәсімдері және құралдары
Қабылдаған: Үмбетова А.К
Тобы: ЖХМ – 011
Орындаған: Зиятай Дана
Түркістан 2022 ж
Жоспары
I. Кіріспе:
Мониторинг жүйесінің қолданылуы.
II. Негізгі бөлім:
Мониторинг жүйесі;
Мониторинг жүйесінің құралдары;
Мониторинг жүйесі туралы еліміздегі жалпы ережелер.
III. Қорытынды:
Сапалы білім болу үшін оқыту үдерісіне мониторингтің жасалуы.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Мониторинг жүйесінің қолданылуы
Бүгінгі таңда білім беруге қойылатын талаптар адамды ең жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысынан қарастырады. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, оның жоғары адамгаршілік пен кәсібилікке ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру» қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.
Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған міндет. Білім сапасы ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс - әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек.
Жалпы білім беретін мектептерде оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру – қазіргі кезде күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Сондықтан оқыту нәтижелерін бағалаудың қазіргі тәртібі білім мекемелерінде қайта қаралып жатыр.
Білім беру процесі мен нәтижесін педагогикалық және психологиялық тұрғыда қарастыру бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Педагогикалық-психологиялық көрсеткіштер жиынтығына келесілерді жатқызуға болады:
Білім алу мотивациясы мен оның динамикасы.
Оқушыларда ақыл-ой дамуы мен оқу әрекеттерінің қалыптасуы.
Оқушылардың құндылықтарға бағытталуы және оның даму динамикасы.
Оқушылар мен мұғалімдердің оқыту процесіне қанағаттануы.
Аталған әрбір көрсеткіштерден сандық ақпараттарды алуға болады:
оқушының қандай да бір сипаттамасының даму деңгейі;
белгілі бір мерзімдегі оқушы сипаттамасындағы «өсу» дәрежесі;
оқушы жетістігінің нақты деңгейін бағалау.
Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бүл үрдісте оқу - тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден - бір көзі – мониторинг.
Қазір білім беру процесін жетілдіру жетекші бағыттардың бірі мектепті білім сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Ол мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. Білім беру сапасының қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау үшін оған негіз болып табылатын мынандай 3 міндетті орындау шарт:
1. Басқарудың түпкі мақсаттарын көздейтін (білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәйкес) сапа эталонын қалыптастыру;
2. Қол жеткізген даярлық деңгейін эталонмен салыстыру және осы негізде сапаны бағалау;
3. Қол жеткізген сапаны анықтайтын шарттар мен факторларға орын алған ауытқуларды жою бағытында пәрменді ықпал ететін шаралар қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |