Реферат пән атауы: " Жылыжай шаруашылығы" Мамандығы: 6В05101-биология



Дата11.05.2024
өлшемі54.45 Kb.
#500856
түріРеферат
ррррр[1]


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Пән атауы: “ Жылыжай шаруашылығы”
Мамандығы: 6В05101-биология
Тақырыбы: Жылыжайда өсірілетін тәтті бұрыш, баялды,көп жылдық жасыл өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері,өсіру агротехникасы

Орындаған: Бердіғалиқызы Айдана
Қабылдаған: Ещанова Г.Ж
Ақтөбе-2024
Жоспары:
1.Бұрыш, баялды туралы жалпы түсінік.
2. Бұрыш сапасына қойылатын талаптар.
3. ⁠Көп жылдық жасыл көкөністер өсіру.
4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер

Бұрыш - Capsicum annum L.Бүршаққынды бұрыш көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік немесе тәтті бұрыш та-маққа жас, бұқтырылған, фаршталынған, түздалған және консервіленген күйінде пайдаланылады. Дәмдік немесе ащы бұрыш әртүрлі тағамға тұздық, сонымен бірге қиярды, самсарды және басқа да көкөністерді түздағанда дәмдеуіш ретінде қолданылады. Бұрышта 5-тен 12 %-ға дейін құрғақ заттар және 2-ден 8%-ға дейін қанттар болады. С дәрумені бойынша ол басқа көкөністерден асып түседі. Тәтті (болгар) бұрыштың 100 г шикі жемісінде 270 мг С дәрумені болады, ащыда - 380 мг, тиісінше, А дәрумені 9 және 12 мг. Дәмдік бұрыштың ауыз қуырғыш дәмі, ондағы алкалоид капсаицинаға байланысты; көкөністік бұрышта ол, біршама азырақ болады.


Ащы бұрыш тұнбалары емге қолданылады. Бұрышта Р дәруменді белсенділікке ие зат табылды (100 г 33-450 мг). Оның адам ағзасына физиологиялық әсері - қан тамырларының беріктілігін арттырудағы маңыздылығы. Термиялық өңдеуде бұрыш жемісі С дәруменінің 60-70 %-н сақтап қалады. Сондықтан, ол кон-серві өңдеу өнеркәсібінің бағалы шикізаты болып табылады. Бұрыштың сабағы берік, f үп жағы ағаштанады, сондықтан сүйе-мелдеуді қажет етпейді. Тәтті бұрыштың бұтасы аумақты, ал ащынікі тік өседі. Тамыр жүйесі шашақты, 70 см-ге дейін бойлайды. Тәтті бұрыштың жапырақтары ірі, жұмыртқа тәрізді, тегіе, ащынікі - ұсақ, қандауыр тәрізді. Гүлдері жеке - жеке болады, негізінен өздігінен тозаңданады, бірақ аралардың және басқа да жәндіктердің көмегімен айқас тозаңдануы да мүмкін. Жемісі үшкір бұршақын тәрізді, 2-4 үялы, әртүрлі пішінді жидек: тәттісінікі - қалың қабықты (3-6 мм), призма, шар тәрізді; ащынікі - жұқа қабықты (1-2 мм), ұзын, тұмсық тәрізді (6-сурет).
Жемістің түсі қызыл және сары. Тұқымдары жайпақ, ашық — сары, 1000 дәннің массасы 5-6 г. Бұрыш - қысқа күннің өсімдігі, күннің ұзақтығы 10-12 сағат болғанда жақсы дамиды. Көлеңкені көтермейді. Тұқымы 13°С-да өне бастайды. Өсу және дамуы үшін оңтайлы температура - 20-28°С, температура 13°С-дан төмендесе, өсуін тоқтатады. Топырақтың ылғалдылығы шекті сыйымды-лығының 70-80 % тең болуы керек, ылғал жетіспесе, өсімдік бүршігін және жемісін түсіре бастайды.
Бұрыш үшін ең дұрысы -құнарлы, борпаң, қарашірігінде бай топырақ. Ауыспалы егісте оны қызанақпен бір танапта орналастырады. Ең жақсы алғы дақыл орамжапырақ және қияр. Негізгі және егіс алдындағы топырақ өңдеу қызанақтікіне ұқсас. Гектарына 2,0-2,5 ц, аммиак селитрасын, 3,5-4,0 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.
Бұрышты топыраққа қызанақтан кейін, тәтті бұрышты 70x25 см қоректік алаңымен, ал ащыны 70x35 см етіп, әр үяға 2 өсімдіктен отырғызады. Отырғызуды көшет отырғызатын машиналармен, ал аз алаңға қолмен атқарады.
Бұрыштың жылуға талап қойғыштығын ескеріп, танапқа ықтырма дақыл егу керек. Суландыруды қызанаққа қарағанда, жиірек жүргізеді, әсіресе жемістенген кезінде, әйтпесе өнім күрт төмендейді, әрі оның сапасы нашарлайды.Өсу - даму кезеңінде бұрышты 2 рет үстеп қоректендіреді: көшет отырғызғаннан 8-10 тәулік өткен соң (гектарына 0,5 ц аммиак селитрасы, 1,0-1,5 ц супрефосфат, 0,5 ц хлорлы калий) және өсімдіктің жаппай гүлдеген кезеңінде (0,5 ц аммиак селитрасы, 0,5 ц суперсфосфат). Үстеп қоректендіруді суландырудың алдында жүргізеді. Арамшөптерді отауды және топырақ қабышағын жою үшін қатараралықты өңдеуді суландырғаннан кейін жүргізеді.Бұрышты кәдімгі бүта түрінде, шырпусыз өсіреді.Тәтті бұрышты техникалық піскен жасыл, шырынды күйінде, жемістің сыртынан саусақпен басқанда әлсіз сытырлаған дыбыс шығарса жинайды. Биологиялық пісу кезеңінде жемісте қант және дәрумендері ерекше мол болады. Ащы бұрышты жемісі қызарып, тұқымы піскенде және құрғағында жинайды. Бұрыштың жемісін жеміс сағағымен жинайды.
Баялды - Solarium melangenal. Баялдыны көкөніс дақылы ретінде Еуропада және Ресейде XVII ғасырдан бастап өсіре бастаған. Одан жеке тағам дайындауға да болады, ал көбінесе, консер-вілеу өнеркәсібінде қолданады. Тамаққа өсуін аяқтаған, бірақ піспеген - 25-30 тәуліктік жемістерін пайдаланады. Ондай жемісте 7-11% құрғақ заттар, 3-4 % қанттар, сондай-ақ фосфор, калий, темір тұздары, А, Вр В2, С, Д дәрумендері және т.б. болады. Баялдының жемісі емдік қасиетке ие - қандағы холестериннің кемуіне әсер етеді, тамырлардың склерозын және бүйрек ауруын емдеуі үшін де пайдалы.
Баялдының тамыр жүйесі жақсы дамыған, тарамдалған, топырақтың жоғары қабатында орналасады. Сабағының биіктігі 1 м-ге жетеді, мықты, төменгі жағы ағаштанады, бұтақтанғыш, түкті. Жапырақтары ірі, сопақша, жиектері бүтін немесе сәл ойықты. Олардың түсі сұрпына байланысты жасыл немесе күлгін болады. Гүлдері қос жынысты, өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.
Кейбір сұрыптарының жемісінің ұзындығы 40 см-ге жетеді және массасы 1 кг-нан асады. Олардың пішіні map, алмұрт, цилиндр тәрізді болуы мүмкін. Түсі күлгін, еті ақшыл немесе сәл-пәл жасылдау. Жемісінде жатын камералары болмайды, тұқымдары тікелей етіне орналасқан, бұрыштікіне ұқсас, бірақ ұсақ 1000 тұқымның массасы - 3,8-4,4 г.
Тұқымы 13°С-да өне бастайды. Баялдының өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура 25-30°С. Өсімдіктің өсуі 15°С-да тоқтала-ды. Тым жоғары температура да қолайлы емес, 35°С тозаңдардың опат болуына байланысты гүлдердің ұрықтануы жүрмейді.
Баялды - қысқа күннің өсімдігі. Ол үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы 50-60 %, ал топырақтікі ТТСС-ның 80 % болғаны жөн. Топырақта ылғал жетіспесе, гүлдері түсіп қалады, жемісте-рінде ащы дәм көбейеді. Баялды сонымен бірге топырақта ылғал жеткілікті болса, ауа құрғақшылығына шыдайды.
Ең кең тараған сүрпы Алмаз. Донецк көкөніс бақша шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, өнімді (760 ц/га), ертерек өнімі оданда жоғары, механизм көмегімен жинауға жарамды. Столбурмен және теңбілмен (мозайкамен) зақымдануы шамалы, вертициллезді және фузариозды солумен, фитофторозбен, қызанақ жемісінің шірігімен орташа зақымданады.
Жылыжайда өсіруге Ласточка сұрпы тиімді. Жылыжайды отырғызуға дайындау қызанақтікіне ұқсас. Өсімдіктерді орналастыру сұлбасы: блокты жылыжайларда - қос қатарлы 100+60, аңғарлы және пленкалыларда — 80+40 см. Бұтаны қалыптастырғанда 2-3 бұтақ қалдырады да, әрқайсысын жеке-жеке аспаға іледі. Өсімдікті күтіп-баптаған кезде жемісі алынған бүтақтарды, әлсіз, жетілмеген түйіндерді аластайды. Бұл ірі жемістер жинауға ықпал жасайды. Бұрыштың өркендері өте осал, сондықтан өсімдікті мұқият байқап ұстау керек.
Бұрыш қызанақпен салыстырғанда, жиірек суаруды қажет етеді, себебі топырақтың аз уақытқа да құрғағанын көтере ал-майды. Сонымен бірге ол артық ылғалдылыққа да шыдамайды, сондықтан оны аз-аздап суарады. Отырғызғаннан кейін 2-4 жұма бойы топырақтың орташа ылғалдылығын (ТСС-ның 60-70 %) сосын алғашқы жемістері қалыптасқанша — 75 %, ал өнім жиналар алдында - 80-90 % шамасында ұстайды. Бұрыш өсіргенде өсімдіктердің қатарлары қабысқанша, 3-4 рет саяз қопсыту жүргізеді. Тыңайтқыш қодану жүйесі және үстеп қоректендіру қызанақтікіне ұқсас.
Бұрыш жылыжайда СО2 қолданғанды өте жақсы қабылдайды. Жылыжайда СО2 мөлшері 1 % болғанда қысқы-көктемгі және күзгі айналымда бұрыш өнімділігін 30 % арттырады. Бұрыш өсіргенде бітіден және жұқпалы-вирустық темекі теңбілінен (мозайкасынан) қорғау шаралары жүргізіледі. Жемісті жұмысына бір рет техникалық пісу кезінде жинайды.
Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар, 13908-68 МҰҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз, пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6 см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс. Жылыжайда тәтті бұрыш, баялды дақылдарын күтіп-баптау жолдары.
Бұрыш үшін ең дұрысы -құнарлы, борпаң, қарашірігінде бай топырақ. Ауыспалы егісте оны қызанақпен бір танапта орналастырады. Ең жақсы алғы дақыл орамжапырақ және қияр. Негізгі және егіс алдындағы топырақ өңдеу қызанақтікіне ұқсас. Гектарына 2,0-2,5 ц, аммиак селитрасын, 3,5-4,0 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.
Бұрышты топыраққа қызанақтан кейін, тәтті бұрышты 70x25 см қоректік алаңымен, ал ащыны 70x35 см етіп, әр үяға 2 өсімдіктен отырғызады. Отырғызуды көшет отырғызатын машиналармен, ал аз алаңға қолмен атқарады.
Бұрыштың жылуға талап қойғыштығын ескеріп, танапқа ықтырма дақыл егу керек. Суландыруды қызанаққа қарағанда, жиірек жүргізеді, әсіресе жемістенген кезінде, әйтпесе өнім күрт төмендейді, әрі оның сапасы нашарлайды.
Өсу - даму кезеңінде бұрышты 2 рет үстеп қоректендіреді: көшет отырғызғаннан 8-10 тәулік өткен соң (гектарына 0,5 ц аммиак селитрасы, 1,0-1,5 ц супрефосфат, 0,5 ц хлорлы калий) және өсімдіктің жаппай гүлдеген кезеңінде (0,5 ц аммиак селитрасы, 0,5 ц суперсфосфат). Үстеп қоректендіруді суландырудың алдында жүргізеді. Арамшөптерді отауды және топырақ қабышағын жою үшін қатараралықты өңдеуді суландырғаннан кейін жүргізеді.
Бұрыш жылыжайда СО2 қолданғанды өте жақсы қабылдайды. Жылыжайда СО2 мөлшері 1 % болғанда қысқы-көктемгі және күзгі айналымда бұрыш өнімділігін 30 % арттырады. Бұрыш өсіргенде бітіден және жұқпалы-вирустық темекі теңбілінен (мозайкасынан) қорғау шаралары жүргізіледі. Жемісті жұмысына бір рет техникалық пісу кезінде жинайды.
Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар, 13908-68 МҰҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз, пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6 см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс.
Баялды үшін ең жақсы топырақ - жеңіл, қарашіріндіге бай құмбалшық және құмайт. Оны қызанақ және бұрышпен бір танапқа орналастырады. Баялды өсірілетін танапқа ықтырма дақыл себу дұрыс болады. Топырақты егуге дайындау қызанақтікіне ұқсас. Тыңайтқышты (2,5-3 ц аммиак селитрасы, 2-2,5 ц суперфосфат, 1,5 ц хлорлы калий) қызанақ танабына қолданған мерзімде жүргізеді.
Көшетті, қызанақты отырғызғаннан кейін, жылы ауа райы қалыптасқанда отырғызады. Ең жақсы нәтижені қоректік күбіршекте немесе стаканда өсірілген 60-70 тәуліктік көшет береді. Оны тігінен, өсімдікті тамыр мойнына дейін тередетіп, бір қатар, қоректік алаңы 70х30см етіп отырғызады.
Баялды - ылғал сүйгіш дақыл, сондықтан оны, әсіресе, жемістенген кезеңде жиі суландырады. Жүйелі түрде суарғанда жоғары өнім береді, жеміс нәзік және тәтті, еті ащы дәмсіз болады. Үстеп қоректендіруі бұрыштікіне ұқсас. Қатараралығын суландырғаннан кейін өңдейді. Қопсыту, арамшөптер мен қабыршақты жою-мен бірге, солумен күресу тәсілі болып табылады.
ішінара таңдап, жемістері сұрыпқа тән көлемге жеткенде жинайды. Түсінің бозғылттануы жемісті өсімдікте артық мезгіл ұстанғанын білдіреді. Мұндай жемістерде ащы дәм көбейеді, сапасы төмендейді. Жемісті кішкене сағағымен кесіп алады. Жиын-терін жұмыстарын суық түскенше аяқтау керек, себебі тоңазыған жемістер тауарлық сапасын жоғалтады. 13097-86 МҰҚ бойынша жеміс жас, дертсіз қиқы-жиқысыз, пішіні мен түсі бойынша осы сұрыпқа сәйкес, жарақаттанбаған, нәзік қабақты, техникалық піскен, жеміс сағағымен, еті шырынды, серпілмелі, қуыссыз, жетілмеген ақ тұқымдарымен болуы керек.
Жылыжайда жасыл көкөністер өсіру өте тиімді,. Өйткені бұл өсімдіктер биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жылыжайда өсіруге өте ыңғайлы және оңай болып келеді.Көп жылдық және жасыл көкөністерді тамакка пайдаланады.Оларға қымыздық,ақжелкек,аскөк,ақсүттіген,саумалдық т.б. жатады.
Қымыздық – Rumex acetosa. Қымыздық – көп жылдық өсімдік. Күзде оның жапырақтары мен сабақтары опат болады, қоректік заттар жиналған тамыры ғана қыстап шығады. Ерте көктемде, топырақ жібісімен, күшті дамыған тамыр жүйесі өсімдігінің тез өсуін қамтамасыз етеді, сондықтан қымыздық ашық грунтта өндірімін өте ерте береді.
Тамаққа С, Р дәрумендері, каротин және әртүрлі минералды тұздары бар, жас жапырағын пайдаланады. Халық емінде қымыздықтың қайнатпасын баспа, қырқұлақ, қызылиек еті босаңсығанда ауыз шаюға қолданады. Қымыздықтың қышқылтым дәмі оның құрамындағы қымыздық қышқылының болуына байланысты. Ескі жапырақтарында жас жапырақтарымен салыстырғанда ол көбірек жиналады, сондықтан қымыздықты тек көктемде, гүл сидамдары пайда болғанша пайдаланады.
Қымыздықтың тамыры кіндікті, жапырағы ұзынша келген, жиектері тегіс, етті. Қымыздық әдетте екінші жылы гүлдейді, бірақ ерте көктемде себілгенде гүлсидамы (биіктігі 1 м дейін) бірінші жылы да пайда болуы мүмкін. Гүлдері жиі қос жынысты, гүл шоғырына – шашаққа жиналған. Жемісі бір тұқымды, пішіні үш қырлы, жылтыр, қоңыр-қара түсті, өте қатты қабықты.1000 тұқымның массасы – 1 г. Өте құрғақ және қатты қабығына байланысты тұқымы баяу өнеді (өскіні тұқым сепкеннен кейін 10-15 тәулікте пайда болады), бірақ біршама төмен температурада – 2-3оС жылылықта.
Қымыздық қар астында жақсы қыстап шығады және көктемгі үскірікке жап-жақсы шыдайды (жапырақтары – 7оС дейінгі үскірікке төтеп бере алады), бірақ топырақ пен ауа ылғалдылығына жоғары талап қояды. Ылғал жетпегенде жапырақтары қатаяды, өсімдік мезгілінен бұрын гүлдейді, өнімнің сапасы төмендейді. Жүйелі суландырғанда қымыздық ірі жапырақты қуатты дегелек қалыптастырады. Азотты тыңайтқыштар шығыны жоғары қосымша өнімімен қайтарылады. Жарыққа талабы жоғары емес екенін ескерсек, оны жеміс ағаштарының қатараралығына да өсіруге болады.
Қымыздықты бір орында 3-4 жылдан артық өсірмейді. Осыдан кейін ол күшті бұтақтанады, өте көп гүл шоғырын және ұсақ жапырақтар қалыптастырады, өнімнің сапасы мен көлемі күрт төмендейді.
Қазақстанның солтүстік өңіріне екі сұрып ұсынылады.
Бельвильский. Шетелдік, қысқы аяздарға және ерте көктемгі бозқырауларға төзімділігі орташа. Жапырақтары ашық жасыл, ірі, етті, сағақтары жуан, ұзындығы орташа. Сәл қышқылтымды, өнімді.
Широколистный. Донецкі ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Кәдімгі қымыздық түріне жатады. Жапырақ тақтасының ірілігі орташа, жұмыртқа пішіндес. Түсі жасыл, өнімді сұрып. Өсінді кезеңі – 41 тәулік.
Қымыздықты күтіп-баптау қатараралығын өңдеуден, суландырудан және үстеп қоректендіруден тұрады. Ескі егістікте одан басқа, ерте көктемде былтырғы жапырақтардан тазартады.
Ашық жерде қымыздық жинауға мамыр айының ортасында дайын болады. Уақытша пленкалы жамылғыны қолданып, өндірімді алуды тездетуге болады. Ол үшін сәуір айының орта кезінде телімді қардан, ескі жапырақтардан тазартады және пленкалы пана орнатады. Пленка астында алғашқы екі өнім жоғары болады. Мамыр айының 15-20 кезінде – пананы алып жылу сүйгіш көкөніс дақылдарына пайдаланады.
Қымыздықты, өсімдігінде 3-4 жапырақ түзілгенде жинайды. Жинауды ең дұрысы, таңертең жоғарғы бүршіктерін зақымдамайтындай етіп, жапырақтарын пышақпен кесіп алған жөн. Жапырақтарын жинауды әрбір 20-25 тәулікте қайталап отырады. Жапырақтарын орып жинау тиімсіз, себебі оларды сұрыптап алу өте көп қол еңбегін талап етеді. әрбір жинаудан кейін өсімдікті, гектарына 1 ц аммияк селитрасын, 0,5 ц хлорлы калий беріп, үстеп қоректендіреді. Жаз бойы егіс алқабын 6-8 рет, гектарына 400-450 м3 су шығындап суландырады. Суық түсуден бір ай бұрын, өсімдік келесі жылғы өніміне қоректік заттар жинап үлгеру үші, жапырақтарын кесіп алуды тоқтатады.
Ақжелкек – Cochlearia armoracia. Жуан, күшті тарамдалған көген тамырын және ұзынша келген жапырақ түзеді. Ақжелкектің тамырын ет және балық тағамдарына ащы дәмқосар дайындауға, ал жапырақтарын қызанақты және қиярды тұздағанда пайдаланады. Ең жақсысы – сүйкімді ащылығы бар, жас, шырынды көген тамыры. Ескі тамырлары – қатты, ағаштанған, кейде іші қуыс: тамаққа жарамдылығы төмен.
Ақжелкектің көген тамырында 53-58 мг % С дәрумені, 6 %-ға дейін қанттар, және 1,6 % ақуыз, әртүрлі минералды тұздар мен фитонцидтер бар. Медицинада ақжелкекті қырқұлаққа қарсы, іш, бауыр, тіс ауырғанда (шаю үшін), күшті ой және ауыр жұмыстарда – әлдендіргіш ретінде пайдалануға ұсыныс береді. Ауыл шаруашылығында тұқымдарды саңырауқұлақ ауруларына шалдықпас үшін өңдеуге, үй шаруашылығында ет өнімдерінің және жемістердің сақталу мерзімін ұзартуға пайдаланады.
Ақжелкектің кіндік тамырының ұзындығы 60 см, жуандығы 4-5 см, топыраққа бірнеше метрге бойлайтын көптеген бүйірлік тарамдары болады. Ол сыртынан көптеген тамыршалары бар қабықпен және тыныштықтағы бүршіктермен көмкерілген, кейінгілері түптен бөлініп, қолайлы жағдайда тез дамып жаңа өсімдік қалыптастыра алады. Ақжелкек өсу жағдайына аса талап, әсіресе жылуға, қоймайды. Ересек өсімдіктің тамыры топырақта 20оС аязға шыдайды. Қазақстанның солтүстігінде ол ашық жерде, ең қатты аяздардың өзінде, жап-жақсы қыстап шығады. Топырақта ылғал жетпесе тамырлары қатаяды, өнімі төмендейді, ылғал артық болғанда, әсіресе топырақ бетінде су тұрып қалса, тамырларында қара қошқыл дақтар пайда болады және шіриді. Топырақ құнарлылығына жоғары талап қояды, сондықтан енгізілген органикалық және минералды тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды.
Егістікте ақжелкектің жергілікті формасы – кәдімгі ақжелкек өсіріледі. Рижский сұрпының өнімі жақсы. Оның, кейін қалемшелер дайындауға болатын бір жылдық тамыр өркендері өте көп болады. Өнімділігі: бір жылдық дақыл ретінде өсіргенде 40-70, екі жылдықта – 140-160 ц/га.
Ақжелкекке топырағы жеңіл, қарашіріндіге бай танаптарды, әдетте өзен арналарын, таңдап алады. Ауыр саздақ топырақтарда өнімі төмендейді, тамырлары тарамдалған, сапасыз болады және жинау қиындайды.
Ақжелкек үшін сүдігер терең,тереңдеткішті қолданып, 35-40 см жыртады. Жырту қабаты терең топырақтарда тамырлары тез жуандайды және оларда көптеген бір жылдық балапан өскіндері болады.
Топырақтың жағдайы қалай жұмыс бастауға мүмкіндік бергенде, күзде дайындалған телімге қалемшелерді отырғызады. Отырғызудың ең жақсы нәтижесі қалемшелерді атыздың түбіне көлбеулетіп немесе қабырғасына орналастырғанда байқалған. Атыздың түбіне отырғызғанда қалемшелердің жоғарғы бөлігіне, атыздың жиегіндегі топырақтан салып, оның жоғарғы бөлігін 3-5 см, ал төменгі бөлігін 12-15 см жабады. Атыздың жиегіне отырғызғанда қалемшелері өзінен-өзі көлбеу орналасады. Атыздардың арақашықтығы 70 см, қалемшелердің арасы – 40 см. Қалемшелерді жылдамдықты баяулатқышы бар «Беларусь», Т-38 тракторларына тіркелген көшетотырғызғыштармен де отырғызуға(8 сағаттық жұмыста – 1,5 га) болады. Егер топырақтың жоғарғы қабаты құрғақ болса, қалемшені отырғызарда телімді суландырады.
Қатараралықтың бірінші өңдеуін 6-8 см тереңдікке, жапырақтарының пайда болуының басында, екіншісін – 10-12 см-ге, маусым айының 15-і кезінде жүргізеді. Өсу-даму кезеңінде гектарына 300-400 м3 су беріп, 5-6 рет суарады.
Танапты жинағанда өнімнің жартысы екі жылдық тамырлар (тауарлы өндірім), ал қалғандары бір жылдық тамырлар болады да, оларды келесі жылы қайтадан отырғызуға пайдаланады. Ақжелкектің тұқым шаруашылығымен айналыспайды, себебі оны тамыр қалемшелерімен көбейтеді. Өсімдікті өнімділігі және дәмінің ащылығы бойынша сұрыптайды. Ақ түсті, тегіс, шамалы бұтақтанған, шырынды тамырлары бар формалары ерекше бағаланады. Ақжелкектің тауарлы тамыры түзу, тегіс, жуандығы 6 мм болуы керек.
Аскөк – Аnethum graveolens. Тез көктейтіндігі, өсетін ортасына жоғары талап қоймайтындығы, сондай-ақ өніммен жыл бойы қамтамасыз ету мүмкіндігі аскөкті бағалы татымды-дәмді дақылдардың қатарына қояды. Аскөкті Қазақстанның солтүстігінде ашық жерде өсіргенде көгі мамыр айының соңына қарай, ал техникалық мақсатқа өсімдік гүлдегеннен кейін – жаппай көктеп шыққаннан 45-60 тәулік өткен соң дайын болады.
Көгін алу үшін өсіргенде өнімі 120-200 ц/га жетеді, ал техникалық мақсатқа – 200-300 ц/га.
Аскөктің жас өсімдіктерін әртүрлі тағамдарға дәмқосар, ал ересек өсімдіктері көкөністерді тұздағанда және маринадтағанда дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Аскөк каротинге, С және Р дәрумендеріне бай, ақуыз және фитонцидтер бар. Ересек адамның тәуліктік С дәруменіне деген қажеттілігін 25 г аскөк көгімен өтеуге болады. Халық емінде аскөк шаншуды және тырысуды басатын амал ретінде қолданады. Аскөк тұқымынан стенокардия және холецистит ауруларын емдейтін анетин дәрмегін дайындайды.
Аскөк – бір жылдық өсімдік. Суыққа төзгіш, 5-6оС аязға шыдайды. Тұқымы 3оС жылылықта өне бастайды. Тұқымында эфир майы көп болғандықтан, ол өте ұзақ бөртеді де, өскіндері себілгеннен 10-15 тәулік өткеннен кейін пайда болады.
Өсу-даму кезеңінде және тұқым байланғанда өсімдік жылуға жоғары талап қояды. Шуақты күн гүлденуге және жеміс байлануға, сондай-ақ өсімдіктің хош иістенуіне қолайлы жағдай жасайды.
Аскөк борпаң, ылғалы жеткілікті топырақта жақсы өседі. Ылғалдылықты сүйеді, бірақ ойпаң, аса дымқыл жерлерде сусоқтанады және опат болады. Оны ашық және қорғаулы жерлерде өсіреді. Ашық жерде оның көгін алу үшін өсіргенде, көбінесе оны басқа дақылдарға жиілеткіш егіс (негізгі дақылдың тұқымына аскөк тұқымының 5-10 % араластырады) ретінде пайдаланады. Көгін 2-8 жапырақ кезінде пайдаға асырады. Сорттары Армянский269,Каскеленский
Аскөктің жеке егістігін булыжай маңайындағы жерлерде, булыжай маңайындағы арнаулы ауыспалы егістікке, қиды немесе көңді енгізгеннің келесі жылында орналастырады. Ерте егістіктерде ол көшетпен өсірілетін қызанаққа немесе қиярға алғы дақыл бола алады.
Аскөкті ерте көктемде пиязбен және тамыржемістілермен бір мерзімде себеді. Кейде өте ерте – мұздақтың бетіне, тұқымын сіңірмей де себеді. Аскөкті ерте піскен орамжапырақты жинағаннан, сондай-ақ қыс алдында – қызанақтан, үрме бұршақтан, картоптан кейін де себеді (мұндайда тұқым қар астына өнбей кетуі керек). Қыс алдында себу өндірімді өте ерте қамтамасыз етеді.
Арамшөпсіз танаптарға аскөкті жай қатарлап себеді, ал арамшөбі басым жерлерге кең қатарлап (45 см) немесе қос іздерді бір-бірінен 20 см, ал таспаларды бір-бірінен 50 см қашықтықта орналасатындай етіп себуге де болады. Көгі үшін сепкенде гектарына 20-25 кг тұқым жұмсалады, сіңіру тереңдігі – 2-3 см. Қысқа қарай сепкенде себу мөлшерін 25-50 %-ға арттырады. Сонымен бірге аскөк тұқымына ақсүттігеннің тұқымын қосады (0,5 кг/га), олар ерте көктейді және қатарларды көрсетеді. Бұл, егістікті ерте күтіп-баптауға мүмкіндік береді. Аскөктің көгін ерте алу үшін оны пленка астында өсіреді.
Аскөкті күтіп-баптау арамшөптермен және зиянкестермен күресуден, топырақты қопсытудан және суландырудан тұрады. Өсімдіктерде біті пайда болғанда темекі тұнбасымен өңдейді. 100 л суға 5-6 кг темекі немесе қара темекі тозаңын және 100 г қара сабын салады. Бір гектарға 500 л ерітінді шығындалады. Темекі тұнбасымен өңделген егістіктің аскөгін тамаққа, өңдегеннен он тәулік өткен соң және алдын ала суландырғаннан кейін пайдалануға болады. Аскөктің көгін биіктігі 10-12 см жеткенде, дегелек жапырақ кезеңінде пайдаланады. Өсімдіктерді тамырымен жұлып, байламдарға байлайды да, сауда орындарына жөнелтеді. Екінші мерзімде себілген аскөктің көгін кептіруге және тұздауға пайдаланады.
Қорғаулы жерде 1 м2 25-30 г тұқымды шашып немесе қатарларының арақашықтығын 10-15 см етіп себеді. Сіңіру тереңдігі – 0,5 см. Өнімділігі – 1-2 кг/м3. Өсімдіктің биіктігі 20 см жеткенде жинайды. Өскіндері пайда болғанша температураны 20-22оС деңгейінде, өскіндер пайда болған алғашқы 5-7 тәулік бойы, күндіз – 12-18оС, түнде – 12-14оС деңгейінде ұстайды. Аскөкті орташа мөлшерде суарады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 50-70 %.
Ақсүттіген. Ақсүттігеннің үш түршесі бар – жапырақты (Lactuca acephala), қауданды (Lactuca capitata), ромен (Lactuca jangifolia). Жапырақты ақсүттіген сұрыптары, қаудандыққа қарағанда ең тез пісетіндер болып саналады. Қауданды ақсүттіген жапырақты ақсүттігенмен салыстырғанда өнімдірек және өнімінің тауарлық сапасы жоғары болады. Ол тасмалдауға және сақтауға жарамды. Жапырағы қаттылау, жуан шылым (сигара) тәрізді қаудан қалыптастыратын ромен – ақсүттіген суыққа ең төзімді өсімдік. Қазақстанның солтүстігінде негізінен қауданды ақсүттігенді өсіреді.
Ақсүттіген – бір жылдық өсімдік. Оның дамуы дегелек кезеңінен басталады. Қауданды ақсүттігенде ол қауданға өседі. Ақсүттігеннің бір ерекшелігі барлық өсінді мүшелерінің – тамыры, жапырағы, сабағы – сүттей шырын (сүтсымақ) шығаратындығы.
Ақсүттігеннің тез пісіп-жетілгіштігі ашық жерден өнімді ерте алуға мүмкіндік береді, ал дәмдік және қоректілік қасиеттері оны маңызды емдәмдік көкөніс етеді. Ақсүттіген В1, В2, В6,С, Е, Р дәрумендерінің, каротиннің және минералды тұздардың қайнар көзі. Ондағы аз мөлшердегі ащы заттар мен лимон қышқылы тәбет ашып, ас қортуды жақсарта түседі. Ақсүттігеннің тамаққа әдетте шикі жапырағын пайдаланады, ал қауданын пісіруге және одан пюре дайындауға болады.
Ақсүттіген – суыққа төзімді өсімдік. Дегелегі дамыған кезде ол – 5-6оС аязға шыдайды. Оның дамуы үшін оңтайлы температура – 15-20оС жылылық. Өсу-даму кезеңінің екінші жартысында, өсімдіктің өнімді бөлігі қалыптасу кезінде, оған температураның төмендегені қажет. Осы кездегі температураның өзгермелілігі қауданның байлануына жақсы ықпал жасайды, күндізгі жоғары температура тез өсуіне, ал түнгі төмен температура қауданның тығыз болуына себеп болады. Өте жарық сүйгіш өсімдік. Ағаштардың көлеңкесінде, тым жиі егістіктерде немесе тығыз егістік ретінде өсіргенде қауданы нашар қалыптасады.
Қазақстанның солтүстігінде ақсүттігенді көшетпен және тұқымын сеуіп өсіруге болады. Көшетпен өсіргенде ерте және сапалы өнім алынады.
Қазақстанның солтүстігінде бұрынғы БОКДС және ТШҒЗИ-да шығарылған қауданды ақсүттігеннің Крупнокочанный сұрпы өсіріледі. Өсінді кезеңі 50-75 күндей. Қауданның массасы 350 г жетеді. Жапырақтары кітірлек, ашық жасыл, кейде қызғылт реңді, сәл әжімді, желпуіш тәрізді, шеттері тісті. Жалпы өнімі – 164, тауарлысы – 151 ц/га.
Ақсүттігенді ашық жерде өсіру. Ақсүттігенді ашық жерде тұқымынан өсіру үшін су өткізгіш, қарашіріндіге бай, жақсы өңделген, борпаң және арамшөптен таза телімді таңдап алады.
Булыжай маңайындағы ауыспалы егісте ақсүттігенді аскөкпен, жапырағы үшін өсірілген пиязбен, шалғаммен бірге өсіреді, ал көкөніс ауыспалы егістіктерінде – қызанақ немесе қияр көшеттерін отырғызатын танаптарға бірінші дақыл ретінде және ерте орамжапырақты жинағаннан кейін екінші дақыл ретінде өсіреді (ақсүттігенде екінші дақыл ретінде өсіргенде оны себу алдында топырақты суландыру қажет). Бір гектарға 2-3 кг тұқым себеді, сіңіру тереңдігі – 2-3 см.
Себу алдында тұқымның өнгіштігін тексереді. 20-30 минуттай 0,2 % калийдің марганецті қышқыл ерітіндісінде өңдейді, сосын таза сумен жуады және 2-3 тәулік дымқыл күйінде, тұқым мұртын жарғанша ұстайды. Тұқымы біркелкі себілуі үшін, оны еленген ұсақ ағаш үгіндісімен (1:5 қатынасымен) араластырады.
Өсімдікті 2-3 нағыз жапырағы кезеңінде сиретеді – бірінен-бірі 25 см қашықтықта болатындай етіп. Сиреткеннен кейін ақсүттігенді 1-2 рет үстеп қоректендіреді (гектарына 90-150 кг аммиак селитрасы мен 50-60 кг калий тұзы). Топырақты жүйелі түрде қопсытып отырады.
Ақсүттігенді жылыжайда өсіру. Жылыжайда ақсүттігенді тұқымынан, немесе көшетпен өсіреді.
Көшет алу үшін тұқымды 30 тәулік бұрын жәшікке себеді. Тұқымды тісті таңбалағышпен, 10х10 см сұлбасымен (бір кәсекке 150 өсімдік келеді) ұяларға отырғызады. Күтіп-баптау жылыжайдағы шалғамды күтіп-баптағандай. Көшеттерді отырғызғаннан бір ай өткен соң қаудандар жинауға келеді.
Ақсүттігенді көшетсіз өсіргенде, тұқымды ашық жер үшін көшет өсіргендей етіп себеді. Тек сиреткенде ғана өсімдіктер бірінен-бірі 8-10 см қашықтықта орналасады. Тұқымды сепкеннен 50-55 тәулік өткен соң өндірімді жинауға кіріседі.
Ақсүттігенде жай пленка астына да өсіруге болады. Телімді күзде дайындайды (сүдігер жыртқанда әр гектарға 60-70 т жақсы шіріген көң немесе қарашірінді, 3-3,5 ц суперфосфат, 1 ц хлорлы калий енгізеді және тырмалайды).
Телімді сәуірдің соңғы онкүндігінде қардан аршып, аммиак селитрасын (1,5-2 ц/га) енгізеді және ПРСМ-7 тұқым сепкішімен тұқым себеді. Бір шаршы метрге 1,5-1,7 г тұқым себіледі. Жүйекке қарашірінді себелейді және ізінше пленкамен жабады.
Күтіп-баптау суландырудан, 1-2 рет үстеп қоректендіруден, жылу және ауа режимін қалыпты деңгейде ұстаудан тұрады. Ақсүттіген пайдалануға өскін шыққаннан 35-45 тәулік өткен соң дайын болады. Әр шаршы метрден 3-4 кг өндірім жинайды.
Жылыжайда көшет отырғызылған алғашқы 1-2 апта бойы температураны 12-14оС жоғарылатпайды, одан әрі күндіз 14-16оС, түнде 6-10оС жылылықта ұстайды. Топырақ қабатының төменгі шегінде топырақ ылғалдылығы көктемгі-жазғы өсіруде ТТСС 90-95 %, ал қысқы-көктемгіде – 85-90 % деңгейінде болады. Көшеттің отырғызу сұлбасы: қыста – 22,5 – 25х20 см; көктемде және жазда – 10-18х20; күзде – 20-22, 5х20-22,5 см.
Көшеттің құмырасын орта беліне дейін тереңдетіп отырғызады, жапырақтары топыраққа тимеуі керек, топырақ тисе олар шіриді. Қажет болса температураны 4оС дейін төмендетіп, жинауды 15-20 тәулікке кешеуілдете тұруға болады. Жиналған қауданды 2-3 аптаға тоңазытқышта, 0оС және 90-95% салыстырмалы ылғалдылықта сақтауға болады. Полиэтиленді орамда сақтау мерзімін 40-45 тәулікке дейін ұзартуға болады.
Қауданды ақсүттігеннің қауданы жасаң, зиянкестермен және аурулармен зақымданбаған, 2-3 тамыр мойны жапырағымен кесілген және ұзындығы 1 см артық емес зігірікті болуы керек. Қауданның ең жалпақ диаметрі 6 см кем болмағаны дұрыс. Аққауданды массасы 10 кг аспайтын етіп жәшіктермен, себеттермен тасымалдайды. Ыдысы құрғақ, бүтін, мықты, бөтен иіссіз болуы керек. Ыдыстың бетін, ақсүттіген құрғамас үшін, кенеппен жабады.
Саумалдық – Spinacia oleracea. Саумалдық алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Суыққа төзімділігі, күтімнің жеңілдігі және оны өсіруге еңбек шығынының шамалылығы бұл дақылды ерте пісетін көкөністердің ішінде алдыңғы қатарға қояды. Тамаққа саумалдықтың жасыл жапырағын пісірмей-ақ, пісірген және бұқтырылған күйінде, сондай-ақ сорпа, пюре, тұздық дайындауға пайдаланады. Саумалдықтың жапырағында күшала, йод, С, В1, В2 дәрумендері, темір бар, олардан басқа ол каротинге, калий тұздарына бай.
Саумалдық – қос үйлі өсімдік. Аналық өсімдіктері өсінді кезеңінің ұзақтығына байланысты сапалы өнім береді, ал аталық өсімдіктерінің жапырақтарының массасы шамалы болады да, гүлденгеннен кейін тез сарғайып, қурайды, тауарлық сапасын жоғалтады.
Саумалдық – суыққа өте төзімді өсімдік. Жарықты онша талап етпейді, сондықтан оны жеміс-жидек бағының қатараралығына, үрме бұршақ пен жапырақты орамжапыраққа жиілеткіш дақыл ретінде өсіруге болады. Жарық сатысын күннің ұзарған кезінде өткізеді. Жазғытұрым, саумалдықты кеш отырғызған кезде жылдам сабақтанады, сондықтан тауарлы өнімді тек көктемгі және күзгі – қысқа күндері ғана береді. Саумалдық топырақтың құнарлылығына және ылғалдылығына жоғары талап қояды, ылғал жетпесе жылдам қатаяды, сабақтанады.
Қазақстанның солтүстігінде Виктория сұрпы өсіріледі.
Саумалдықты жылыжайда өсіру. Жылыжайда саумалдықты қызанақ пен түсті орамжапыраққа жиілеткіш дақыл ретінде өсіреді. Жай қатарлап, қатараралығын 6-8 см етіп сепкенде негізгі өсімдіктерге орын қалдырады. Бір м2 жерге 30 г тұқым себеді. Сепкеннен кейін жақсылап суарады. Тұқым көгі шыққанға дейін температураны 20-23оС шамасында ұстайды, ал көгі шыққаннан кейін 3-4 тәулік бойы 10оС, одан әрі күндіз 18-23оС, түнде 14-16оС болуы керек. Көктеп шыққаннан 60 тәулік өткен соң өнімді жинайды.

Қорытынды
Қорыта келе көшетті әдіспен көкөніс дақылдарын өсіру өте тиімді болып табылады. Ең тиімді көшетті құмырада өсіру тәсілі. Ол жетілуін 12-14 тәулікке жеделдете отырып, өнімділікті 20-30% арттырады. Құмыраларды шымтезек қарашіріндіден әзірлеген қолайлы болады. Шымтезек жетіспеген жерлерде қарашіріңді топырақ қоспасын пайдалануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Жеміс көкөніс шаруашылығы” Н.Г.Щепетков, М.Ә. Ысқақов “Алматы” 2011ж 415-419бет

  2. Интернет желісі www.yandex.ru


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет