Реферат Пәні: Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы. Ноғай ордасы



бет1/5
Дата01.03.2024
өлшемі28.67 Kb.
#493459
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Реферат (3)


А.Құсайынов атындағы Еуразия Гуманитарлық Институты

Реферат
Пәні: Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы
Тақырыбы: Шыңғыс хан империясы. Ноғай ордасы

Орындаған: Бирлесова А.К
Тексерген: Идрисов К.З
Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Шыңғыс хан империясы және Ноғай Ордасы жайлы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
2.1 Шыңғыс хан империясының құрылысы
2.2 Шыңғыс ханның ел билеу реформалары
2.3 Ноғай Ордасының құрылысы
2.4 Ноғай Ордасының саяси құрылымының ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


К І Р І С П Е
1.1 Шыңғыс хан және Ноғай Ордасы жайлы туралы жалпы түсінік
Шыңғыс хан, Тэмуджин, Темучин (1155 ж. ш., Онон өзені бойындағы Делиун-Болдак шатқалы – 25.8.1227, Сися мемлекетінің жері) – Азияда біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туылған. 12–13 ғасырдың басында монғол тайпасының өкілі Тэмуджин Орта Азия тайпаларын біріктіруші, Орта Азия даласындағы ең құдыретті жаулап алушы. Өзінің әскери дарынының арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183 – 1204 жылы өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын (Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін) талқандап, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды. "Шыңғыс хан” (түрікше "теңіз, мұхит” деген сөзден шыққан) лауазымын алып, тарихта аты өшпес, ең құдіретті билеуші, жаулаушы ретінде есте қалды.

Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. «Ноғай» атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған.
Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.


.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет