«Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық Сауда Университеті»
РЕФЕРАТ
Пәні: философия
Тақырыбы: Таным және шығармашылық
Орындаған: Құлыбек Қ.Қ,
Тексерген: Омарова Л.
Нұр-Сұлтан
2021жыл
Таным және шығармашылық
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Таным және шығармашылық.
1. Таным дегеніміз не?
2. Танымның практикалық табиғаты.
3. Таным кұрылымы.
4. Танымдағы ақиқат мәселесі.
5. Таным деңгейлері мен әдістері.
6. Диалектика және метафизика.
7. Синергетика методологиясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.
Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.
Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс — әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс — әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.
1.Таным дегеніміз не?
Біз ең бірінші, «Дүние қалай құрылған?», деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бұл сұраққа оң жауап қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әркашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зэресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.
Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның сұранысына байланысты «табиғи таңдауға» ұқсас үрдістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани байлығына айналады. Ол үшін адамдар өз білімдерімен бір-бірімен бөлісуі қажет. Ол, негізінен алғанда, университтердің мінбелері, басылып жарық көрген мақалалар мен кітаптар арқылы, олардың мазмұнын сынау, тиімді және тиімсіз жақтарын қоғамдық санаға көрсету т.с.с. жолдармен жүріп отырады.
Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде қайсыбір жануар өзінің дене кұрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген, дүниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы универсалды, яғни жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың Дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады.
Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз - сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық үстау, еңбек күралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.
Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері -олардың мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің басын бірік-тіретін құндылықтарға келер болсақ, олар - адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с.
Гуманитарлық білім саласында көркемдіктануды ерекше алып қарауға болады. Оған әдебиет, поэзия, қылқалам, әуен т.с.с. өнер саласындағы туындыларды зерттеуді жатқызамыз.Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысқа түсуіне байланысты, дінтану мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Дүниетану - өте күрделі қүбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалытасатын қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үрдісінде өз орнын алады.
Олай болса, дүниетану негізінде жатқан негізгі қүбылысты анықтамай болмайды, сонда ғана оның терең мэнін ашуға болады. Сана, pyx болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді: «таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі», «шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен табиғи дарын» т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ олардың негізінде толыққанды таным теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның «таза табиғатқа» қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде «практика» дейді.
2.Танымның практикалық табиғаты
Практика (practikos - грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты айнала қоршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен қүбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты қатынасқа түседі. Айнала қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мүраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар қоғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болса керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен каналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала басталды.
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның қажеттіліктері де ғылымның дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан зор синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің «білімқүмарлығы үшін» жүмсалды деп ойлау тым түрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені органикалық шектелген энергия ресурстары (мұнай, газ, таскөмір) жылдан-жылга азайып, қазірдің өзінде алаңдатушылық тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен жаңа энергия көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау - бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. XX ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген эволюциялық химияның да алдындағы зор мақсат -күн сәулесін электр тогына айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с.
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы –биологияға келер болсақ, мұндағы ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микро-биологиялық зерттеулер тіршілікті клондық, яғни бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу - қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені тек осы зерттеулердің негізінде болашақта тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен қатар мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа үшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашылады.
Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат практикасымен байланысты екенін байқауға болады. Мысалы, ғарыштағы орналасқан байланыс жүйелері арқылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып алып, көмек көрсетуге болады. Бүгінгі жер бетін толығынан шырмаған ақпарат жүйелері: интернетті өмірге енгізу, әртүрлі құрлықтармен телефондық байланыс жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз мүмкін болмас еді.
Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың бәрі де таным үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін көрсетеді. Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты практикада, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағынасында жатқаны сөзсіз.
3. Таным кұрылымы
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі түйсіктері, ақыл-ойы, ыркы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) - бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.
Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау жэне елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілігін т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе - адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.
3. Таным кұрылымы
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі түйсіктері, ақыл-ойы, ыркы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) - бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты.
Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау жэне елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілігін т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе - адам қабылдаған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.
Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды (үғым-дарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен әуестенетін адамның санасында неше түрлі солар жөнінде ақпараттар бар. Егер ол бұрын көрмеген машинаның жаңа моделін көшеде байқаса, оның жанына келіп, бұрынғы білімдерін пайдаланып, бір минуттан кейін сол көлік жөнінде белгілі бір пікірге келеді, яғни ол оны игереді. Ал басқа адам ол машинаға көңіл де аудармауы мүмкін. Музейге қойылған мәрмәрдан жасалған жас әйелдің дене бітімінен бір адам асқан сұлулықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам оны нәпсілік тұрғыдан қабылдауы мүмкін.
Енді елестетуге келер болсақ, оның санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені көзге елестетін зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретін досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазір жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.
Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі -өткендегіні есте сақтау. Физиологиялық түрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Біріншісі сезімдік бейне болса, екіншісі - сөздік-ұғымдық түрі.
Сонымен сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттілігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан дүниесі қатысады.
Енді абстрактіліқ ойлау формаларына келер болсақ, онда ең бірінші ұғымдарды атап өтуіміз қажет. Ұғымдарда заттар мен құбылыстардың адамға деген жалпы, мәнді, қажетті жақтары бейнеленеді. Уақытында көркем түрде Г.Гегель ұғымды табиғаттың жаны деген болатын. Өйткені қайсыбір ұғым мазмұнына заттың біршама мәнді қасиеттері кіріп, оның көлемін сондай қасиеттері бар көп заттар кұрайды. Ұғымдар, бір жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек сан алуан қасиеттерінің бар екенін және олардың бір-бірімен байланыстарының байлығын бейнелесе, екінші жағынан, адамның танымдағы белсенділігі мен нәтижелілігін, ой мен білімнің құнарлы күшін көрсетсе керек.
Жалпы алғанда, ойлау дегеніміз ұғымдарды ретімен байланыстырып, белгілі бір пікірге келу, пайымдау болып табылады. Мысалы, адам - ойлай алатын пенде десек, оның негізгі қасиеттерінің бірін көрсетеміз.
Бірнеше бір-бірімен байланысты пікірлерді салыстырып, белгілі бір қорытындыға келуге болады. Мысалы:
Адам ойлай алады;
Нұрлан - адам;
Нұрлан ойлай алады.
Алғашқы екі пікірді қорытудан үшінші пікір пайда болды. Сонымен адам ойланған кезде белгілі бір зат жөніндегі сезімдік деректерді ұғыммен қамтуға тырысады. Соның нәтижесінде сезімдік әртүрліліктің бірлігі анықталады, яғни зат жөнінде жаңа білім пайда болады. Егер сезімдік деректер әралуандықты көрсетсе, ұғым олардың бірлігін алға тартады. Мұны біз ғылыми тілде категориалдық (ұғымдық) синтез (біріктіру) дейміз. Кейбір әдебиет беттерінде оны дискурсивтік ойлау әдістері дейді.
Сонымен қатар адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген ұғымды келтіруге болады. Ол адамның ең жоғарғы, бүкіл Дүниені біртұтас ретінде қамтуға бағытталған, яғни философиялық дәрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі.
Енді интуиция (көкей көз) мәселесіне келер болсақ, ол -тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің қиындығы сол саған ашылған шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны тағы да ой елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз арқылы берілген шындық сол мәселемен талай күндер, я жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнін баурап алған адамға келеді. Ал оның өзі сол мәселенің шешілуі тіпті адамның саналы түрде ғана емес, сонымен қатар бисаналық жолмен жүріп шешілгенінің көрінісі емес пе?
Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. Алайда ырық әрқашанда сананың ең алдымен моральдық құндылықтардың бақылауында болуы қажет. Ол әсіресе бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені адам дүниеге тереңдеген сайын табиғаттың орасан зор күштерімен кез болып, ар-ұжданы дамымаған ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы ғажап емес. Мұндай жағдайда, ол адамзатты үлкен қайғы-қасіретке, тіпті бұрын-соңды болмаған апатқа әкелуі мүмкін. Көне Грек елінде өз атын тарихта қалдыруды армандаған, бірақ қолынан ұлы іс келмейтін Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап кесенені жағып жіберген екен. Сол сияқты бүгінгі уақытта ғылым саласында қызмет етіп жатқан геростраттар жок деп кім айта алар екен?
Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе - ол адамның таланттылығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу көркемөнерге жақын болса, екінші - математика, физикаға, үшінші -тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар түлғаның қажымас еңбегінің арқасында талантқа, яғни шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес.
Танымның негізгі мақсаты - акиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.
4. Танымдағы ақиқат мәселесі
Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе - дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми акпаратты өңдеп,пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.
Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол - адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы түрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сана-сында сәйкес бейнеленуін айтамыз.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.
Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны - объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.
Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді.Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік.
Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол - ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.
Батыс философиясында прагматистік (pragma - іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», - дейді осы ағымның өкілдері.
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт кылмаған жөн. Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сүлу жігіт еді», - деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың», - десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактіліқ тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені аланда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талданып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол - біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскийге келер болсақ, ол, керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол - Құдайдың аяны деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық құндылықтарға сәйкес келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты.
5. Таным деңгейлері мен әдістері
Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады.
Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар - эмпирикалық жэне теориялық білім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Қайсыбір зерттеу эмпирикалық сатыдан, яғни ғылыми деректерді жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі, өйткені ол «tabula rasa» - таза такта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін объект жөнінде белгілі бір пікір, түжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.
Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелік білімді үгым, тұжырым, заң т.с.с. ғылыми кұралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз.
Енді теориялық білімнің құрылымына келер болсак, оларға проблема (мэселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.
Таным үрдісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте проблема дүниеге келеді. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді.
Сондықтан кейбіреулер проблеманы - білмейтінімізді білу дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс жөнінде екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі - оны дұрыс қоя білумен байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, проблеманы айқын сезіну қажет. Шешілген проблема ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады.
Гипотеза (болжау) - белгілі бір зерттеліп жаткан зат, я құбылыстың себебі жөніндегі кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол - осы Дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде - адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы - осы Дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. XX ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс» (Grand Explosion) гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге болатын сияқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі гравитация күші арқылы тартылып, яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін токтатады. Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нәрсе - осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos - кұдай, sofia - даналық) Е.Блаватская өзінің «Құпия доктрина» деген еңбегінде айтқан болатын.
Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп гипотезалардың ішінен академик Опариннің «коацерваттық», яғни алғашқы көп минералдық тұздар еріген жылы мұхитта күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі гипотезаларды біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз.
Әрине, жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты гипотезалар ғылым дами келе, өз жалғандыгын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды.
Теория - зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі мән-мағынасын ашатын, практика арқылы дәлелденген, қайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады.
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану жатады.
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдық моделін (үлгісін) жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады.
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа әлементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, құқтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Танымның практикалық табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді қанағаттандырып қана қоймайды. Оның негізгі мақсаты - омірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты орасан-зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.
Заң - зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады.
Енді таным методологиясын талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
1. Жеке ғылым әдістері
2. Жалпы дүниетану әдістері
3. Ең жалпы (универсалды) методологиялар.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. Ол - оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін емес т.с.с.
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.
Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, эксперимента жатқызуға болады. Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады.
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, модельдеу, тарихтық және қисындық, абстрактіліктен натылыкқа өрлеу т.с.с. жатады.
Абстрактілеу дегеніміз зерттеліп жатқан объектінің кездейсоқ мәнсіз жактарын ой аркылы «жақшаға алвп», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалнылау - жинақталған жактардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол аркылы олар жөнінде үғымдану.
Анализ - зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін айтып, олардың қасиеттерін зерттеу.
Синтез - заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция - белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.
Дедукция - жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады.
Экстраполяция - белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).
Модельдеу - кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ моделін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда басқа заттардың оның даму жолын қалай бұрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен қоғам өмірін зерттегенде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихи әдіс арқылы Қазақ елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілердің болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз -қысқартылған тарихтық. Соңғы - қисындықтың өзге болмысы.
Абстрактіліқтен нақтылыққа өрлеу әдісі ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсіктеріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.
Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін абстрактіліқ ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін категориалдық (ұғымдық) жүйе жасалуы қажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі - оның абстрактілігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы бар абстрактіліқ демократия теориясы бар. Ал осы демократия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес менталитеті (ой өрісі) т.с.с. бар. Сондықтан Қазақ еліндегі демократиялық үрдістің нақтылы теориялық моделін жасау үшін, сол абстрактіліқ ұғымдарды пайдаланып, абстрактіліқтен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.
6.Диалектика және метафизика
Енді танымдағы ең жалпы (универсалды, яғни философиялық) методологияға келер болсақ, ол:
A) барлық ғылым саласында қолданылады;
B) оның негізгі қағидалары нақтылы жүріп жатқан зерттеудің басынан аяғына дейін басшылыққа алынады.
Ғылымда универсалдық методология қағидаларының болуы Дүниенің біртұтастығымен байланысты. Өлі, тірі табиғат, қоғам өмірі, ойлау үрдістері - бәрі де белгілі бір ең жалпы даму заңдылықтарына бағынады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, сонау көне заманнан бастап, Дүниетану саласында екі бір-біріне қарсы түрған көзқарас пайда болды. Олар - диалектика және метафизика.
Көне заманда стихиялық диалектиканың негіздері Шығыс пен Батыста бірдей қалыптаса бастады. «Дүние - ағым, өзен», - деді Гераклит. Қытай данасы Лао-цзы болса, қарама-қарсылықтың бір-біріне өтетінін айтып қана қоймай, одан өмірге керек қағидалар шығарды. «Қиындықты жеңу үшін жеңілден баста, ұлылыққа жету үшін кішіден баста, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек (әйтпесе, бақытты екеніңді қайдан білесің)...» т.с.с. Грек топырағында ұлы Сократ алғашқылардың бірі болып ой қайшылықтарын зерттей бастаса, Элеялық Зенон қозғалысты қалайша ой арқылы беруге болатындықты зерттеді...
Жаңа дәуірде неміс философиясының ұлы өкілі Г.Гегель адамзат рухани өрлеу тарихын ұқыпты зерттеп, диалектикалық ойлау методологиясын жасады.
XIX ғ. марксизмде Гегельдің идеялары әрі қарай дамытылып, тек ой өрісі ғана емес, бүкіл Дүниедегі барлық даму үрдістері диалектикалық заңдар мен категориялардың негізінде жүретіні, олай болса, таным мен қисынның өздері де соларға сәйкес келетіні жөнінде терең ойлар айтылды. Бүкіл XX ғ. жаратылыстану мен әлеуметтану нәтижелері - диалектикалық методологияның салтанатты өрлеуі болды десек, асыра айтпаған болармыз. Ең алдымен диалектикалық идеялар қоғамтану пәндеріне, содан кейін биология саласына, XX ғ. физика, астрофизика, химия, геология т.с.с. ғылымдарға кірді.
Бүкіл Дүние қозғалыс пен дамуда, ал оның қайнар көзі - ішкі қайшылықта екенін барлық ғылым салалары бүгінгі таңда дәлелдеді. Олай болса, қайсыбір зерттеуде заттың ең алдымен ішкі қайшылығы ашылып, оның өзіндік қозғалысы, өзгерісі анықталуы керек. Ол үшін ойлау категориялары да бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар қайшылықты, бір-біріне өтетін дәрежеге көтерілуі қажет.
Дүниедегі барлық заттар мен кұбылыстар бір-бірімен сансыз неше түрлі байланыста болғаннан кейін, диалектикалық методологияның зерттеуші алдына қоятын келесі талабы - заттың неше түрлі байланыстарын жан-жақты зерттеу. Әрине, ол байланыстардың шегіне жетіп, барлығын қамту мүмкін емес. Дегенмен де мейлінше көбірек қамту бізді қателіктерден сақтайды.
Дүниеге келген әрбір зат өне бойы бір орында тұрып қалмайды. Ол өзгеріске ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында, өмірден озады. Сондықтан диалектиканың негізгі талаптарының бірі - зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан қарау.
Дүниеге әр зат өз қайталанбас болмысымен келеді, сонымен қатар басқа заттармен ортақ қасиеттері арқылы бірігіп, байланысады. Олай болса, әр зат өз ерекшелігімен құнды. Сондықтан қайсыбір зерттеудің негіздерінің бірі болып нақтылық қағидасы жату керек, өйткені барлығына бірдей абстрактіліқ ақиқат танымда ешқашанда болған емес.
Диалектиканың әрбір категориясының методологиялық мәні бар, өйткені олар Дүниенің сан қилы жактарының ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал Дүние қайшылықты жаратылғаннан кейін, диалектикалық категориялар пар-парымен бірге, сонымен қатар қайшылықты болып келеді. Сондықтан қайсыбір сандық өзгерістер ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып, жаңа сапаның пайда болуына, себеп салдарға, шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына, кездейсоқтық қажеттіктің іске асуына т.с.с. әкеледі.
Енді диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методологияны талдау үшін, ең алдымен осы ұгымның мағынасын анықтау керек. Уақытында Аристотельдің болмыс іліміне арнаған «Бірінші физика» атты еңбегін Андроник Родосский «Метафизика» (физиканың ар жағында деген мағына береді) деген атпен жарыққа шығарған болатын. Сол уақыттан бастап осы күнге дейінгі бұл категорияның негізгі мағынасы - болмыс ілімі, табиғаттың ар жағында жатқан терең философиялық мәселелерді талдау. Мысалы, «бұл Дүние шектелген, я шексіз бе, мәңгілік, я уақытша ма?», «ақиқат, ізгілік, әсемдік, бақыт дегеніміз не?», «Құдай бар ма, я жоқ па?» т.с.с.
Жаңа дәуірде Г.Гегель бұл категорияға екінші мағына берді. Ол - диалектикалық методологияға қарсы тұрған даму тұжырымы. Олай болса, метафизика дамуға қандай тұрғыдан қарайды деген заңды сұрақ туады.
Қозғалыс, дамудың қайнар көзін метафизика сыртқы ықпал, себептен көреді. Осы тұрғыдан алып Карағанда, мысалы, тұлғаның білім алуы оған білім беретін мүғалімдердің сапасына байланысты (сыртқы ықпал). Бірақ сол адамның білімге деген құштарлығы, білгені мен білмейтіні арасындағы ішкі қайшылық оның жүрегінде от болып жанбай, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де, терең білім ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол өз белсенділігі арқасында жақсы маман болып шығуы ғажап емес. Бүгінгі өмірде «Мен шетелден оқып келдім», - деп «ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бір-ақ ешкі» азаматтарды жиі кездестіруге болады. Оларды шетелдерде оқытуға әке-шешелерінің қолы жеткенмен, балалары үміттерін ақтамайды.
Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса кішіреюіне» теңейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрық, метафизикалық тұрғыдан қарағанда, кішкентай аяқ-қолы, басы бар адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. Ал қазіргі ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен жолын қысқаша қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық қасиетке ие болу үшін, негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған жылдар бойы дамытқан тілін меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы организм) филогенезді (тектің дүниеге келіп, өмір сүруі) қайталауы дейді.
Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. «Бұл ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне оралады. Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» пайымдауды оқырман талай рет естіген болар. Сырттай қарағанда, дәл сол сияқты. Бірақ биылғы қыс өткенмен толық тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я болмаса мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жылдардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның бұл өмірдегі өмірі өте қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын, жас кезімізде болмаған құбылыстардың Дүниеге келгенін байқаған болар едік. Біз, мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануарлар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы - жер астында қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың өзі өне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық «бір шеңбердегі қайталаудың» жалғандығын байқауға болады.
Қоғамтану, саясат, дипломатия т.е.с. салаларда софистика мен эклектика - жиі кездесетін құбылыстар. Софистиканың шыққан тегі - коне Греция, нақтылап айтсақ, - Афиналық демократия кезеңі. Билікке ұмтылып, бақталастыққа бой ұрған Афинаның бай азаматтары сайлау кезеңінде халық алдына өз саяси бағдарламаларын ұсынып, бір-бірімен айтысқа түседі. Жеңіске жету, көп жағдайда, кұлаққа жағымды майда сөйлеу, өз саяси ұстанымының ақиқаттығына сендіру, халық алдында өз даналығы мен көрегендігін көрсетумен т.с.с. байланысты болды (тіпті бүгінгі күнгі біздің өміріміз сияқты!!! Тек біз оны қазір «пиар-технология» дейміз). Ал ол үшін риторика (әсем сөйлеу өнері), қисын (ойды дәлелдеу, я болмаса терістеу өнері), философия (даналыққа жету өнері) сияқты пәндерден сабақ алуға тура келді. Бүл пәндерден сабақ беретін мамандар тыңдаушылардың талабына сай айтылған ойды қалайша теріске шығару, бұрмалауға болатыны жөнінде дәріс берді. Осы себептерге сәйкес софистика дүниеге келеді. Сондықтан да грек халқы «софистика» деген сөзді «жалған даналық» деп түсінді (софистиканың философиялық негіздерін қалаған Протагор )
Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса, керісінше, дәлелдеу әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, қоғам өмірінің күрделілігі, оның шеңберіндегі топтардың әртүрлі мүдделерінің болуы, екінші жағынан, саясатта үстем топтың өз мүддесін іске асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі таңдағы аса өткір мәселе - халықаралық терроризмді алар болсақ, оның шынайы қайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия ресурстарын зорлық-зомбылық жасап, күші келген-дердің қайта бөлу әрекетінен туындайды. Нақтылай келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы соғысқа кінәлі - Саддам Хусейннің саяси режимі емес (ақырында, сол елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, бірде-бір адамзатқа кауіпті қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алуына бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі неше түрлі софистикалық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық қауымдастық алдында төккен абыройын жуып-шайып жатқаны ...
Эклектикаға (eklektikos қанша іздесе де, грек сөзі, таңдау) келер болсақ, ол адамның саналы түрде белгілі бір саладағы эртүрлі ымыраға келмейтін құбылыстарды таңдап, бір арнаға қүю әрекетінен пайда болады.
7.Синергетика методологиясы
Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында тұрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасын береді) ілімі пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-өзіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.
Расында да, бүл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бүрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шыгыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында болса да, қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл Дүниені біртүтас «Үлкен Жүйе» ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуумная көреді.
Енді «өзіндік үйымдасу» ұғымына келер болсақ, бұл идея философия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «теормодинамиканың екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаоска айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин еңгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылыс тану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, биология ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді.
Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, дамуды байқауға болады.
Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсақ, ол Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, практикалық түрде, әрі қарай тәрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». Ол - даму механизмінің қажетті кілті. Сонымен бұл теорияның «ақылға сыймайтын» ғажап жағы - кездейсоқтықтың дамудағы ерекше рөлі. Шексіз кездейсоқтықтардың біреуі "таңдалғаннан" кейін, жүйе жаңа тұрақты даму барысына көшеді (келесі бифуркациялық нүктеге дейін).
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің әрі қарай даму жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауга болады. Дегенмен де жүйенің қай жолмен әрі қарай дамитыны әрқашанда белгісіз болып қала береді. Сонымен даму барысындағы көптінділік мойындалды да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.
Синергетика іліміндегі флуктуация ұғымының (болар-болмас нәрсенің бейнақтылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына түсіріп жіберу мүмкіндігі) қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор. Қоғам өміріндегі даму үрдістері бифуркациялық нүктеге жақындаған кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті, ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.
Сонымен синергетика философиялық-методологиялық дәрежеге көтерілген соңғы жылдардағы теория десек қателеспейтін болармыз. Осы теорияның арқасында біршама диалектикалық категориялар: мүмкіндік пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат, қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.
Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.
Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз.
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.
Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.
Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.
Пайдалаған әдебиеттер
Философия тарихына шолу автор: Т. Х. Рысқалиев
Қысқаша философия тарихы автор: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов
Тарихи философиялық таным автор: А. Қасабеков
Философия Серік Мырзалы
Философия тарихы Ж. Алтай, А. Қасабеков, К. Мұхамбетәлі
Әлемдік философиялық мұра: жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. – 2005-2007.
Қазақ халқының философиялық мұрасы: жиырма томдық. - Астана : Аударма. – 2005-2007.
Серия «Философское наследие» (продолжающееся издание).
Антология мировой философии: В 4 томах. – М., 1969.
Батыс философиясының антологиясы. - Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2002.
Мир философии: Книга для чтения: В 2 т. – М., 1991.
Восточная философия: Словарь и хрестоматия. – Ростов-на-Дону, 1995.
Ғабитов Т. Философия [Электронный ресурс] / Т. Ғабитов. - Электрон. текстовые дан. ( 10,2 мб). - [б. м.] : [б. и.], 2003
Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000.
Бейсенов Қ. Философия тарихы : оқулық / Қ. Бейсенов. - Шымкент : "Нұрлы бейне", 2005
Мусаева Н.Р. Философия. – Шымкент, 2006.
Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т. Алматы, 2000-2001.
Арендт X. Истоки тоталитаризма. М., 1996.
Антисери Дж., Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. В 8 т. М., 2000.
Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
Берн Э. Секс в человеческой любви. М., 1990.
Достарыңызбен бөлісу: |