М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
Пәні: XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Тақырыбы: «Нұрым Қашаған шығармашылықтары, айтыс, толғаулары»
Орындаған: Самат Б.Е. (ҚТӘ-21 тобы)
Тексерген: Шайекенов Ж.Ж.
Орал, 2022
Жоспары
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
Нұрым, Қашаған шығармашылықтары
Кіріспе
Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы – 1908, рсонда) – ақын.
Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған. Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” (Қазан, 1908) және “Аламан” (Ташкент, 1926) жинақтарында жарық көрді. Кейін өлеңдері “Ақберен” (1972); “Өсиетнама” (1982); “Бес ғасыр жырлайды” (1985 – 89); “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985); “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) атты жинақтарға енген. Терме, өсиет, арнау үлгісіндегі жырлары өмірдің өтпелілігін, замана жайын толғайды (“Мен қашанғы жүйрігің”, “Әлеумет, келдің қаумалап”, “Ұсынсам қолым жетер ме?” “Шенен ер”, “Жарлау”, “Әкесімен қоштасуы”, т.б.). Сондай-ақ “Тайсойған, Бүйрек – екі құм”, “Әтембекке айтқаны”, т.б. толғауларында ру алауыздығын шенеп, елді татулыққа, бірлікке шақырды. Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған. Ол “Қырық батыр” дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.[1]
Қашаған Күржіманұлы [1](1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісінедейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.
Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.
Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараң байларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға»), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны»,) дәріптейді, елдік пен ерлікті, халық мұратын («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны») жырлайды. «Атамекен», «Топан», «Адай тегі», «Әзірет Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен «Қырымның қырық батыры» деп аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Кейбір толғаулары алғаш
Достарыңызбен бөлісу: |