Реферат тақырыбы : «Философия және философ қоғам мен адам өмірінде»



Дата21.02.2023
өлшемі22.71 Kb.
#469860
түріРеферат
филос 2 (срс)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Философия және философ қоғам мен адам өмірінде»




Орындаған: Серғалы Айша
Тобы: ДМ 21-11
Тексерген: Киекенова Бағдат

Алматы 2023

Жоспар


1.Философиялық білімнің пәні мен құрылымы
2.Философияның жалпы білім жүйесіндегі және адам мен қоғам өміріндегі орны
3.Әлемді философиялық түсіну,оның негізгі түрлері мен әдістері
4. Әдебиеттер тізімі

Философия – ғылымдардың атасы. Қазіргі күні бізге жеткен ғылым алыптары (физика, логика, механика т.б.) дәл осы философияның балалары іспеттес.

“Философия сөзі теология мен ғылымның арасындағы нәрсе” деп Б.Рассел айтқандай, бұл ғылым дінге де ғылымға да жақын болғанымен, оларға ұқсамайтын, өзінің зерттеу объектісі бар ілім. Ол объект - адам. Сондықтан, қоғамның әр мүшесі үшін философияның рөлі маңызды деп ойлаймын.

Философияның басты мақсаттарының бірі өмір мәселесі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда философия адам үшін, бүкіл қоғам үшін өте маңызды болып табылады деп ойлаймын. Меніңше, қоғам әлі күнге дейін оның адам өміріндегі маңызын жете түсінбеген. Күнделікті өмірде адамға философиялық ой, философиялық сөзді тұжырамдап айтатын болсақ ештеңке естімегендей кейіп танытады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қазіргі заманда адамдар күнделікті өмірдің қарбалас ісіне басымен кіргендігі соншалық, тіпті көшедегі кез-келген адамнан не үшін өмір сүріп жүрсің, өмірлік мақсатын не деген сұрақ қойсан, жауап таба алмай қалады. Ал философия болса адам жанының айнасы, оның сөздігі емес пе?! Тура жолға тұру үшін, өмірдің мәнін білу үшін ең алдымен өзіндік менді түсіну керек деп ойлаймын. Ал оны тікелей философия қарастырады.

Философияны ұғу – өмірді ұғу, оны түсіну. Бұл ғылым адам, қоғамға берері мол асыл сандық тәрізді. Кез-келген адам оның кілтін таба бермейді, ал тапқан адам нағыз бақытқа жол ашады. Меніңше, өз-өзіңді түсіну, өзгелерді түсіну, өмірдегі орныңды білу бұл нағыз бақыт. Демек, философияны оқу – бақытқа апаратын жол.

Қоғамда философтардың рөлі ерекше. Философ болу адамның мамандығына, оның ұлтына, жасына байланысты емес. Ежелгі грек философтарының бірі Пифагор “Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді”. Менің ойымша, өмірде де солай - біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған. Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.

Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихи жолы куә.

Ой жүйесінің ең жоғарғы деңгейі — дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп-ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым-қатынастың саңада ерекше бейнелену формасын айтамыз.

Адамдардың жаһанды танып-білуге, тіршілік болмысының мән-жайын ұрынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат-мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой-пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.

Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, қарастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлануының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.

Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы түрленіп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ол, Энгельстің айтуынша «...ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе». Бұл мәселені, Энгельс философияның негізгі мәселесі — деді. Оның себебі мен мәнісі неде?

Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да — материалдыққа және идеалдыққа душар бола ды. Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады. Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың арақатынасы, байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа қатынасы қалай?

Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мәселенің бірінші жағы — материя алғашқы ма, жоқ әлде рух, сана шешуші, алғашқы болып табыла ма деген сұрақтарға кеп саяды.

«Осы мәселелерге қалай жауап берулеріне қарай,— дейді Энгельс,— философтар екі үлкен лагерьге бөлінді. Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын өмір сүрді дегендері... идеалистік лагерьді құрды. Ал табиғатты бірінші деп есептегендері материализмнің әр түрлі мектептеріне қосылды.

Материализм мен идеализм негізгі осы мағынада қолданылады, Олардың арасындағы күрес философия дамуының түбегейлі бағытын анықтады. Бірақта осы күрестің қалыптасуы адам қызметінің мазмұнына тәуелді және материализм мен идеализмнің түрлеріне байланысты.

Сөйтіп, философияның негізгі мәселесінің бастапқы, онтологиялық, жағы бар. Онтология болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Бірақта сыртқы және ішкі дүниенің өзгерістері туралы көзқарастар үнемі жаңарып отырды. Осыдан материализмнің негізгі үш тарихи түрін ажыратуға болады: тұрпайы материализм, механикалық-метафизикалық және диалектикалық материализм.



«Материализм» деген ұғым философияда негізінен XVII ғасырда тұрақтанса да, ол туралы көзқарастар ертедегі Үнді, Қытай, Грек елдерінде қалыптаса бастады. Тұрпайы материализм құлдық қоғамның туындысы. Оның өкілдері (Лао-цзы, Ян Чжу, Ван Чун, локаята мектебі, Гераклит, Анаксагор, Эмпедокл, Демокрит, Эпикур және т. б.) дүниенің материалдығын және оның адамның санасынан тәуелсіздігін мойындады. Әйтседе дүниенің көрнекті көріністері мен елестеушіліктері оның қасиеттері мен құрамы туралы жалпылама түсініктерден құралды, соларға теңестірілді. Дүниеге деген көзқарас жалпы бір деңгейге тиянақталынса да, грек философтары табиғатқа тән, ортақ бастаманы — дүниенің негізі саналатын түпкі субстанцияны табуға тырысты, Левкипп және Демокриттің материяның атомдық құрылысы туралы гипотезасы ертедегі материалистік ілімнің үлкен бір жемісі болды.
Б.з.д. 800 және 200 жылдар аралығында тарихтағы ең шұғыл бетбұрыс жасалды. Бұл уақыт ішінде философияда көптеген жаңалықтар ашылды. Нақ осы кезеңде Қытайда Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы сияқты ойшылдар өмір сүрді және Қытай философиясының барлық бағыттары пайда болды. Үндістанда Упанишадтар дүниеге келіп, Будда өмір сүрді. Персияда (Иранда) Заратустра қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы күреске толы дүние туралы үйретті. Грекияда – бұл Гомердің, философтар – Парменид, Гераклит, Платонның, драматургтер – Эсхил, Еврипид пен Софоклдің, тарихшы Фукидид пен механик Архимедтің дәуірлеген уақыты болды. Бұл есімдермен байланыстының бәрі аздаған жүзжылдықтар ішінде бір мезгілде дерлік Қытайда, Үндістан мен Батыс Еуропаның оңтүстігінде бір-біріне тәуелсіз дүниеге келді және қалыптасты. ХХ ғасырдағы неміс философы К.Ясперс нақ осы уақытты белдеулік уақыт деп атады.
Бұл дәуірде аталған үш мәдениетте туындаған жаңалық – адам тұтас болмысты, өзін-өзі және өз шекарасын танып біледі дегенге келіп тоғысады. Оның алдынан әлемнің тереңдігі мен маңыздылығы ашылды. Адам дүние мен өзін жеке проблема ретінде ой елегінен өткізе бастады. Ол түбегейлі мәселелер қояды, осы мәселеге түсіністікпен қарап, одан құтылу жолдарын іздейді. Бұл ретте өз шекараларын сезіне отырып, ол алдына жоғары мақсаттар қоятын деңгейге көтерілді және өзіндік сананың тереңдігіндегі абсолюттілікті де танып білді. Философия дәл осылайша адамзаттың өзін-өзі танып білуінің нәтижесінде жарыққа шықты.
Философия сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық (phileo – «сүю», «құштарлық», sophia – «даналық») дегенді білдіреді. Философия сөзін бірінші болып қолданған ежелгі грек математигі және ойшылы Пифагор болды. Аңыз бойынша ежелгі грек қалалары билеушілерінің бірі одан өзінің кім екендігін сұраған кезде, Пифагор: «Философ» деп жауап берген екен. Билеушіге бұл сөз беймәлім еді, Пифагор оны былайша түсіндірді: «Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді. Өмірде де солай – біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған». Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады. Бастапқыда философилық даналық дәстүрлі өмір салты, нормалар мен ұғымдар ретінде көрініс береді. Философияның алғашқы өскіндері әдеттегі, дәстүрлі патриархалдық қағидалардың әділеттігі мен шынайылығына күмән келтіру негізінде өніп шықты. Тұтастай алғанда, философия ережелері мен әдістері енді табиғи және әлеуметтік шындықты түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылатын мифологиялық – діни сананың дағдарысы кезеңінде пайда болды. Бұл кезде ақиқатты жалпы қабылданғаннан, шынайыны көзге ұрынатыннан бөліп алу, сондай-ақ жаңа өмірлік бағдарлар құру қажеттілігі туындады. Бұл міндеттерді шешуге әрекеттену философияны дүние мен адам туралы еркін, сыни тұрғыдан, зерделі ойлау ретінде дамытуға әкеледі.
Алғашқы ұлы философтар бұдан 2,5 мыңдай жыл бұрын өмір сүрді. Жалпы адамзаттың әртүрлі дәуірлерінде «философия» сөзіне бірыңғай мағына берілген емес. Алайда бұл сөздің шығу тегінің өзі барлық шынайы философияның нақты белгілерін сәтті бейнелеп тұрғандығын мойындаған жөн. Ежелгі Шығыста дана-философты ақиқат пен мәңгіліктің үйлесімін зерделейтін адам ретінде түсінді. Бұл жерде даналықты «барлығынан» бас тарту ретінде қабылдаудың дәстүрлі түсінігі дамыды. Ерекше жаратылған адам ретінде «дана» дүниеге тиесілі емес және тіршілік күйбеңінен тым қашық деген пікір басым болды. Дана байсалды және алаңсыз, өйткені дүниедегі қандай нәрсе болса да, оны алаңдата алмайды.
Ежелгі грек философиясында даналық түсінігмен білім мен мінез құлықтың ең жоғарғы мұраты байланыстрылды. Ол адамды мәңгілік пен шексіздікті ақылмен ұғынуға, толып жатқан сан алуан өтпелі құбылыстарды шыдамдылықпен қабылдауға үйретеді. Нақ сол өмірді лайықты және бағалы етеді. Даналыққа ұмтылушы адам әрқашан заттар табиғатымен келісімді түрде әрекет етуі тиіс. Сондықтан да білімнің бәрі даналық емес, Гераклит әділ атап көрсеткендей «көп білім ақылға үйретпейді», даналықты арттырмайды.
Ұлы Аристотель бізге дана түсінігін ұғына білуіміз үшін көптеген өсиеттерін қалдырды. «Біріншіден, дананың, жеке алып қарағанда, әрбір зат туралы білімі жоқ болса да, біз ол туралы мүмкіндігінше көп біледі деп ұйғарым жасаймыз. Екіншіден, біз адам үшін қиын және қол жеткізу оңай емес нәрсені танып білуге қабілетті адамды дана деп есептейміз. Үшіншіден, біз барлық ғылымда себептерді айқындауды үйретуге неғұрлым қабілетті және неғұрлым дәлдік танытатын адамды дана деп есептейміз. Төртіншіден, ғылымдар арасында көмекші ретінде көп мөлшерде үстемдік ететіндеріне қарағанда, өзі және таным үшін қалаулы болатындары көп мөлшерде дана болады». Аристотельдің пікірінше, дана адам рақаттануды емес, азапты болдырмау жолын іздеуі тиіс. Жаңа уақытта француз философы және ғалымы Рене Декарт мынаны атап көрсетті: «Даналық ретінде істеріндегі ізгі зерделілік қана емес, сондай-ақ адам танып біле алатынның бәрін жете білу түсініледі. Бұл білім өмірдің өзін бағыттайды, денсаулықты сақтауға, сондай-ақ барлық ғылымдардағы жаңалықтарға қызмет етеді». Декарт даналықтың бірнеше баспалдағын ажыратуды ұсынды. Бірінші баспалдақ ойлап-толғанусыз-ақ меңгерілуі мүмкін айқын ұғымдарды пайдалана білушіліктен көрінеді. Екіншісі сезімдік тәжірибе мәліметтерін қамтиды. Үшіншісі бізді басқа адамдармен қарым-қатынас жасау неге үйрететіндігін есепке алумен көрініс береді. Төртінші баспалдақ жақсы өсиеттері бар кітаптарды оқу негізінде игерілетін біліммен байланысты болады. Даналықтың ең жоғары тұрған бесінші баспалдағы алғашқы себептер мен ақиқаттық бастамаларды іздестіруге бастайды. Даналықта адам өмірінің жоғары игілігі көрініс табады. Философия бұған дейін беймәлім болып келген ақиқатты табуда бастан өткізетін әдеттен тыс рақаттануға жетелейді.
Осылайша терминнің этимологиялық мәніне сәйкес философия «даналыққа құштарлық» немесе даналықты сүю болып табылады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, философияның мәні адамның жетілдірілген білімге деген мәңгі қажетсінуін қанағаттандырудан құралады, мұндай білім даналық болып табылады. Сонымен даналық дегеніміз – терең ойлылық, қолжетімділгі қиын нәрсені танып білу, өмір тіршілігінің жаңа бағдарларын дайындау, оның басты құндылықтарын анықтау шеберлігі. Бұған қоса философия дегеніміз осы түсінікке сәйкес, даналықтың өзі емес, тек қана даналықты іздеу, оған ұмтылу ғана болып табылады, мұны құштарлық күшінің мағынасын сүйіспеншілікке теңеуге де болады.

Әдебиеттер тізімі:




  1. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық. Қ.Ш Мұхамеджан Алматы 2007ж


  2. Философия : Жоғарғы оқу орнындағы студенттеріне арналған оқулық құрастырған Т. Ғабитов. Алматы




Философиялық сөздік. - редокл: Нұрғалиев, Ақмамбетов ж.б. –Алматы


Философияның қысқаша даму тарихы «100 жаңа оқулық жобасымен
басып шығарлған»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет