Реферат тақырыбы: «Адсорбция және десорбция процестері»



бет3/8
Дата03.01.2022
өлшемі1.78 Mb.
#451618
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
физколоид соөж9

1.2 Адсорберлердің түрлері
Адсорбция процестерін өткізуге арналған адсорберлердің төмендегі түрлері болады:

1. Адсорбент қабаты қозғалмайтын;

2. Адсорбент қабаты қозғалмалы;

3. Адсорбент қабаты жалған сұйылған.

Адсорбент қабаты қозғалмайтын адсорберлердің құрылымы қарапайым және мерзімді әрекетті жұмыс істейді, және процесс төрт сатыдан тұрады:

1. Адсорбция;

2. Десорбция – адсорбентті су буымен регенерациялау;

3. Адсорбентті құрғақ ауамен құрғату;

4. Адсорбентті суық ауамен суыту.

Олар цилиндр пішінді болады да, тік немесе горизонталь орналасады. Адсорбетті регенерациялағанда қоршаған ортаға таралатын жылу мөлшерін азайту үшін адсорберлердің сыртқы қабаты жылу оқшаулағышпен қапталады. Үздіксіз әрекетті жұмыс істейтін адсорбциялық аппараттар кемінде екі аппараттан құралуы тиіс: біреуінде адсорбция, ал екіншісінде – десорбция процесі өтеді. Адсорбент қабаты қозғалмалы адсорберлер ішіне суытқыш, ысытқыш және таратқыш табақша орнатылған колоннадан құралады. Аппаратқа берілген адсорбент жоғарыдан төмен қарай қозғалады және де жылдамдығы төменде орнатылған шығарғыш қақпа арқылы реттеледі.

Десорбцияда адсорбенттен бөлінген газ немесе бу өткір бумен бірге аппараттан шығарылады. Таратқыш табақша адсорбция және секцияларындағы булы-газды ағындарының араласпауын қамтамасыз етеді. Адсорбент қабаты жалған сұйылған адсорберлер бір сатылы және көп сатылы болады. Бір сатылы адсорберлер ішіне шаңұстағыш және газ таратқыш тор орнатылған цилиндр пішінді корпустан тұрады. Адсорбент аппараттың жоғары жағынан беріліп, төменгі жағынан шығарылады. Көп сатылы жалған сұйылу қабатындағы адсорберлердегі колонна ішіне құйылғы құбыры бар газ таратқыш торлар орнатылады. Құйылғы құбыр газ ағынына қақпа ролін атқарады, яғни газ тек тор тесіктерінен өтіп, адсорбентті жалған сұйылдырады. Газды қоспа төменгі келте құбырмен беріліп, жоғарыдан шығарылады. Адсорбент аппараттың жоғары жағынан беріліп, сатыдан сатыға төмен қарай құйылғы құбырмен қозғалады да ең төменгі сатыдан шығарғыш қақпа арқылы шығарылады. Көп сатылы адсорбер бір сатылыға қарағанда процесті қарама-қарсы ағынды тәсілмен өткізуге және қозғаушы күшті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Адсорбциялық аппараттар мерзімді және үздіксіз әрекетті жұмыс істейді.



1-сурет - Абсорбция



2-сурет - Адсорбция


3-cурет- Адсорберлердің түрлері:

1-Адсорбент қабаты қозғалмайтын

2-Адсорбент қабаты жалған сұйылған




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет