Сабақтың тақырыбы: Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі



Pdf көрінісі
Дата23.10.2023
өлшемі294.18 Kb.
#481477
түріСабақ
Лекция.Биология.Зәрдің түзілуі.Абсорбция,реабсорбция. (2)



21.10.2023. Лекция Биология. 
Сабақтың тақырыбы: Абсорбция және реабсорбция.Зәрдің түзілуі. 
Сабақтың мақсаты: Фильтрация және несептің түзілу үдерістерін сипаттау.Ультрафильтрация 
және реабсорбция үрдістерінінің механизімін сипаттау 
Сабақтың міндеттері:
Бүйректің құрылысы туралы алдыңғы білімдерін қолданып
бүйректің құрылыcын талдай алады. Суреттен бүйректің құрылымдық бірліктерін дұрыс жаза 
алады. Нефронның құрылысы мен қызметін біледі. Нефронның құрлысы мен қызметін зерттейді 
және дұрыс талдай алады. Ультрафильтрация және реабсорбция, секреция процестерін түсіндіре 
алады. Зәрдің құрамын біледі, бірінші және екінші реттік зәрдің құрамын салыстыра алады. 
Теориялық материал 
Зәрдің түзілуі 
Зәр нефронда түзіледі. Ол екі кезеңенен тұрады. Бірінші кезеңде алғашқы зәр, ал екінші кезеңде 
соңғы зәртүзіледі. Нефрон капсуласындағы тамырлар шумағына қан қысымы жоғары, сондықтан 
қанның сұйық бөлігі капсула ішіне сүзіледі. Мұның нәтижесінде алғашқы яғни бірінші реттік зәр 
пайда болады. Алғашқы несептің құрамы қан плазмасымен бірдей, бірақ оның құрамында нәруыз 
бен қан жасушалары болмайды. Екінші кезеңде бірінші реттік зәрдің құрамындағы су, глюкоза, 
амин қышқылдары, натрий, калий иондары т.б. ағзаға қажетті заттар қайтадан қанға кері сіңіріледі, 
ал несепнәр, несеп қышқылы, сульфаттар сияқты зиянды заттар Генле иінінен кейінгі екінші 
деңгейлі иірім каналдарда(дистальды канал) қалып, нағыз зәрдің құрамына кіреді. Соңғы зәр 
нефронның жинағыш жолдарымен ағып бүйректің бүртіктеріне, одан тостағаншаларына, одан 
бүйрек түбегіне, содан соң ұзындығы 30 см-дей несеп ағар арқылы қуыққа барады. 
Қорытып айтқанда, несептің түзілуі күрделі үш қызметтің нәтижесі: 
1. нефронның капилляр шумағындағы сүзілу (фильтрация). 
2. иірімді каналдардағы кері сүзілу (реабсорбция).3. екінші деңгейлі иірім каналдардың эпителий 
клеткаларының белсенді секрециялық қызметі. Мұнда аммиак, сутегі иондары, креатинин т.б. 
заттар соңғы несепке қосылады және кейбір улы заттар залалсыздандырылады.Тәулік бойы 
бүйректен 2000 л қан айналады, одан 150-180 л бірінші реттік зәр өндіріледі, бірақ соңғы зәрдің 
мөлшері 1,5 л ғана. Мұндай қарқынды сүзілу бүйрек каналшаларының өте ұзын болуына 
байланысты. Қуыққа айдалатын соңғы зәр сарғыш түсті сұйықтық. Оның меншікті салмағы 1,010-
1,025, реакциясы сәл қышқыл. Құрамының негізі – су (98-99%), қалған 1-2 %-ы көптеген (130-140) 
химиялық заттар, олардың көбі мочевина/ несепнәр, несеп қышқылы, креатинин. Дені сау адамның 
несебінің құрамында нәруыз бен глюкоза болмауы тиіс. Бүйректен тәулігіне 1700–1800 л астам қан 
ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты 
(бүйректе капилляр қантамырлары екі рет тор шумағын құрайтынын естеріңе түсіріңдер).Бүйректе 
зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша 
абсорбция – сүзілу, ре – қосымша кері, қайтадан деген ұғымдарды білдіреді.Зәр түзілудің сүзілу 
кезеңінде зәр бүйректің қыртысты затында орналасқан бүйрек денешігіндегі капилляр 
шумағындағы қаннан бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген 
зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр 
түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан плазмасына ұқсас, бірақ онда нәруыздар 
болмайды.Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан қанға өтеді. 
Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышқылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар 
қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде 
тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.Бүйрек тасы (уролитиаз). Зәрдің құрамындағы 
қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде 
көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі 
келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тұра келеді.Зәр шығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың 
бірі – қуықтың қабынуы (цистит). Грекше «kystіs» – қуық деген ұғым. Бұл ауру көбіне қуыққа суық 


тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде 
дәрігерге қаралуы керек.Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы – түнде зәр тоқтамау (энурез). 
Бұл ауруды шыжың деп атайды. Ол бадамша бездерінің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. 
Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек 
ауруларын емдейтін дәрігерді уролог деп атайды.Қазіргі кезде өте қауіпті бүйрек ауруларын емдеу 
кезінде жасанды бүйрек аппараты (гемодиализ) қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін 
мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады. 
Бүйрек гигиенасы. Бүйректің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте 
сақтау қажет: 1. Салауатты өмір сүру; 2. Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау; 3. Ішімдіктен, 
есірткіден, темекі шегуден аулақ жүру; 4. Әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу. Бұл 
шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен 
шығармаңдар.Мальпиги шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысымы әсерінен 
капсуланын ішіне өтеді.Мальпиги шумағынан қан плазмасының қан қысымы әсерінен капсула 
ішіне су, Na+, K+, Cl- иондары өтеді.Базальдық мембрана мен капсуланың ішкі қабырғасынан 
үлкен молекулалы заттар, мәселен, шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70000 және одан да 
көп заттар — глобулиндер, фибриноген, гемоглобин өтпейді.Шумлянский—Боумен капсуласынан 
алынған алғашқы несеп құрамы жағынан кан плазмасымен бірдей болады. Оның кұрамында қан 
жасушалар және үлкен молекулалы нәруыздар болмайды, аздаған альбуминдер, баска заттардаң 
қант, амин қышқылдары, тұздар болады.Несептің көлемі өте көп — тәулігіне 150—180 л.Мальпиги 
шумақтарындағы капиллярда қан кысымы басқа мүшелердегі капиллярлармен салыстырғанда өте 
жоғары 70—90 мм. с. б. б.Қанды алып кетуші артериянын, диаметрі, қанды алып келуші артерия 
тамырынан анағұрлым тар.Шумақтық сүзілу нәтижесінде түзілген алғашқы несеп бүйректің 
түтікшелеріне барып құйылады. 
Реабсорбция /қайта сіңірілу/ 
Түтікшелерде алғашқы несеп қайта сіңуге ұшырайды.Несеп құрамындағы су мен онда еріген кейбір 
заттар кайта сіңеді, сіңбей қалған заттар мен түтікшелер эпителиіндегі синтез нәтижесінде түзілген 
заттар қосылып соңғы несеп құрайды.Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер 
болмайды, бірақ мочевинаның, несеп қышқылының және тағы басқа белок алмасуы барысында 
пайда болған заттардың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) 
концентрациясы да басым болады.Нефронның төменгі бөліміндегі жоғары және төмен жүретін тура 
түтікшелерде, Генле ілмешегінде, иірім түтікшелерінің төменгі бөлімінде, несеп жинайтын 
түтіктерде реабсорбция тұрақсыз, деңгейі өзгеріп отырады, оның мөлшері су мен тұздар алмасуына 
байланысты. Сондықтан бұл бөлімдегі реабсорбция құбылмалы (факультативтік) реабсорбция деп 
аталады. 
Үйге тапсырма:
Лекцияны оқып танысып дәптерге конспектілеңдер,сұрақтарға жауап жазып сабаққа алып келіңдер. 
1.Зәр түзілу механизмі қандай процестерден тұрады? 2.Осы механизмді жүзеге асыратын бүйректің 
құрылымдық бірлігі қалай аталады? 3.Абсорбция қайда жүреді және оның нәтижесі не болып 
табылады? 4.Реабсорбция дегеніміз не? 5.Бірінші реттік зәр қайда түзіледі? 6.Нефрон деген 
не?7.Бүйрек гигиенасы қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет