Реферат тақырыбы: "Балалар мен жастар бірлестігі " Орындаған: Билялова Айнара



бет1/4
Дата10.04.2024
өлшемі32.64 Kb.
#498225
түріРеферат
  1   2   3   4
Балалар мен жастар бірлестігі


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: “Балалар мен жастар бірлестігі

Орындаған: Билялова Айнара
Қабылдаған: Бердыбекова Нургуль Салимтаевна


2024-2025 ж.ж
КІРІСПЕ

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындығы анық. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым – қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу- іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналысатын іс- әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір – біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні борлмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы еінші жаққа өз тағдырын тапсырады.


Сенім – адамның ерік жігерін, оның бір – біріне қарым – қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір – біріне ынтымағы жа жойылады. Сенімсіздік болған жағдайда, іс – әрекет құлдырайды. Балалар бір- біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.
Іс-әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол – адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатына жетуге жан – жақты көмек беретін күш. Соған сәйкес, оның нақты мақсаты мен міндетті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.
Олай болса, балалардың және жас жеткіншіктердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым – қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірбиесін молайтады, әлеуметтік мінез – құлық ережелері мен құндылық бағдарды менгереді, жолдастық пен достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын - тұлғаны дамудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конференциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7 – 18 деп қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет