Реферат Тақырыбы: Баскетбол ойыны Орындаған : Мәмле Ә. Ә Тексерген: Ысқақов М. А орал-2011 Жоспар



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі34.49 Kb.
#486613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
stud.kz-6641

3. Баскетбол ойынының техникасы
Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.
Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру
Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы – бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.
Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:
- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;
- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.
- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;
- қарсылас ойыншының қарама–қарсы іс–әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;
- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан–ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол техникасының негізі – қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс–әрекеттер жүйесінің белгілі–бір бөлігі болып табылады.
Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе–теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..
Ойындағы жүріс басқа қозғалыс тәсілдеріне қарағанда азырақ пайдаланылады. Ол, негізінен, қысқа тоқтамдарда орын ауыстыруға немесе ойын жағдайының интенсивтілігін төмендетуге, сонымен қатар жүгіріспен қоса темпті жайлату үшін пайдаланылады. Қарапайым жүрістен айырмашылығы, баскетболшы аяғында тізесін бүгіп жүреді, бұл оған кенеттен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жүгіру ойындағы негізгі қозғалыс тәсілі болып табылады. Ол жеңіл атлеттің жүгірісінен біршама ерекшеленеді. Ойыншы ойын алаңының шегінде, кез–келген бағытқа, алдымен немесе артымен алға қарай түрлі бастапқы орналасулардан жылдамдығын арттырып отыруы керек.
Қарсыласушыға кенеттен болған, тез арадағы жүгіріс жылдамдығын арттыру немесе бастапқы старт спорт ойындарында талпыныс деп аталады. Талпыныс – қарсыласушы қарауынан босатылуына және бос орынға шығуға арналған негізгі құрал болып табылады. Талпынысты жүзеге асыру үшін алдымен 4-5 қадам өтеді. Олар өте қысқа, әрі жыдам (соққылы) болады. Орындау барысында аяқты аяқ ұшынан қояды. Жүгіру жылдамдығы қадамның созылуына байланысты артады. Осы уақытта ойыншы допты қабылдауға әзір болуы тиіс.
Секірулерді өзіндік әдіс ретінде де қолдануға болады. Көбінесе, ойыншылар жоғарыға және ұзындыққа жоғары қарай немесе бірнеше секіруді қатарынан пайдаланылады. Секіруді орындаудың екі түрін пайдаланылады: екі аяғымен және бір аяғымен итеріліп секіру.
Екі аяғымен итеріліп секіруді көбінесе негізгі қалыптан бастап жасайды. Ойыншы кішкене ғана отырып, қолдарын артқа қарай жібереді де басын көтереді. Жерден тебіну аяқтың қуатты бүгілуінен, дененің және қолдың алға жіне жоғары қозғалысынан туады.
Жүгіріп келіп екі аяғымен итеріліп секіру көбінесе қоржынға допты лақтырғанда және допқа қайта таласқанда пайдаланылады.
Жүгіріп келіп бір аяғымен итеріліп секіру.
Жағдайға байланысты ойыншы жүгірудің бағытының өзгеруі кезінде жүгіріп қарсыластың қарауынан босануға мүмкіндік алады және ары қарай шабуыл жасау мақсатында ашық жерлерге шыға алады. Тоқталыс екі тәсілмен: секіріс және екі қадам жүзеге асады.
Шабуылдаушы қорғаушыдан кету үшін, допты соғудан қорғану мақсатында айналымдар жасайды. Айналудың екі әдісі бар: алға және артқа.
Алға қарай айналуда баскетболшы бетімен қарап тұрған жаққа қарай аттап өтеді, ал артқа қарай айналуда арқасымен тұрған жаққа қарай аттау.
Шабуылшының техникалық қабілеттілігі қорғанушыға қарағанда көбірек. Тәжірибе көрсеткендей қорғаныс іс-әрекеттері олар дұрыс және зейін қойып орындалған жағдайда, олар тиіді болады. Қорғаны техникасын екі негізгі топқа бөледі:
1) қимылдау техникасы;
2) доппен ойнау және қарсы іс-әрекеттер техникасы.
Алаң ішінде қимыл –қозғалыстарды жасау ерекшеліктері мен мінезі, жеке қорғаныс қимылдары ойыншының мақсатты орнатуы мен нақты ситуацияларды жоспарлауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет