Реферат тақырыбы: «Бизнес-жоспар құрастырудың әдістемесі»



Дата27.03.2024
өлшемі37.98 Kb.
#496709
түріРеферат
Реферат бизн


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

Факультет:Шет тілдері


Кафедра:Шетел тілдерін даярлаудың теориясы мен әдістемесі
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Бизнес-жоспар құрастырудың әдістемесі»


Орындаған: Әбдуқадыр Мөлдір


Қабылдаған:Нұржан Мәдин
Қарағанды 2023ж.
Жоспары:

Кіріспе


Негізгі бөлім
1)Бизнес жоспарды құрудағы негізгі әдістемелер
2)Кәсіпорын жұмысын жоспарлаудағы негізгі принциптер мен функциялар
3)Бизнес-жоспарды құрағы кезеңдер
4)Бизнес-жоспар бөлімдерін құру әдістері
5)Жоспарлаудың мәні және қажеттілігі
6)Стратегиялық жоспарлау
7)Фирмаішілік жоспарлау
8)Қорытынды
9)Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Жоспарлау адам ойының ең маңызды жетістікреті ретінде, адамның күнделікті өмірде және де өнідірісте ең қажетті эліменттірдің бірі болып табылады. Адам еңбегі басынан -ақ белгілі бір мақсатқа жеті үшін бағытталған, яғни осы мақсатқа жету үшін ең алдымен орындалатын жұмыс
тізімі құрылады. Өндірістік және коммерциялық қызметті жоспарлау ол тек
қана қажетті аспект емес, ол әрбір ұйымдық-құрылымдық формадағы кәсіпорындарға өмірлік қажетті элемент болып табылады. Кезкелген кәсіпорын немесе мемлекет болсын олардың даму кезеңдерін алдына қойған жоспар, яғни көзге көрінбейтін белгілі бір қол жетелегендей болады. Кәсіпорын деңгейінде, тек қана стратегиялық жоспар ғана емес (ұзақ мерзімді) сонымен қатар, оперативті яғни, жедел бір күндік жоспармен қатар, әрбір жұмыс орнының атқарылатын жұмыс тізімі болады.
Әрбір кәсіпкер жұмысын бастамай тұрып, қаржылық, материалдық, еңбек және де ителлектуалдық ресірстарды, оларды алу көздерін анықтап, фирманың жұмысы барысында оларды тиімді қолдануды жоспарлау қажет.
Нарық жағдайында кәсіпкерлер өз жұмысын жоспарлап алмай белгілі бір жетістіктерге жету мүмкін емес. Кәсіпорын жұмысы барысында ең қиындығы инвестиция тарту болып табылады. Инвестицияны тарту үшін ивесторларға арнайы жоспарланған проекттер мен ұсыныстарды қажеттілігін анықтап көрсету керек. Осы және басқа да мақсаттар үшін бизнас-жоспар қолданылады. Бизнес-жоспар көмектеседі:жаңа кәсіпкерлерге жұмысын бастау үшін бәсекелестік нарықта кәсіпорынның табыс табу үшін отандық өндіріске ивестицияларды тарту үшін.
Бизнес-жоспар әдеттіе келесідей себептерге байланысты құрылады:
Сыртқы қолдану үшін. Жұмыстың тиімді жақтарын көрсету үшін, мысалы инвесторларға.
Ішкі қолдану үшін. Мұнда атқарылатын жұмыстың күшті және әлсіз жақтары көрсетіледі. Бұл жұмысты басқару үшін қолданылады.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты:өнімді өткізу нарығын немесе қызмет көрсеті нарығын зерттеу арқылы, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау,товар немесе қызметті өндіруге кеткен шығындарды талдай отырып, нарықтағы баға мен кәсіпорынның пайдасын анықтау,кәсіпорынның қызмет ету саласын зерттеп, алдағы уақытта мүмкін болатын қиыншылықтарды нықтау, белгілі бір көрсеткіштерді анықтай келе, кәсіпкерліқ жұмыстық барысын анықтау. 1. Бизнес жоспарды құрудың негізгі әдістемелері.

Кәсіпорын жұмысын жоспарлаудағы негізгі принциптер мен функциялар.


Жалпы алғанда жоспар - белгілі бір нәрсенің пішіні, алдына қойған мақсатқа жету үшін арналған жүйе немесе модель. Қазіргі уақытта жоспардың ең көп таратылғаны бизнес жоспар мынаны көрсетеді:


• өз қызметін ұйымдастыру үшін кәсіпкердің жұмыс жоспары; • бизнес жобаларды, табыс және шығысты бағалау үшін жасалған программа; • кәсіпорын қызметіне тән жақтарды және оның дамуын көрсететін негізгі құжат;
• белгілі бір нарықта кәсіпорынның қызметін зерттеу нәтижесі.
Жоспар - қызметке және оны орныдауға бағыт болып табылады.Ол ойлар мен мақсаттарды, кәсіпорынды басқарудың және қызмет нәтижесін болжаудың тиімділігн арттырады. Кәсіпорынның қызмет жағдайының өзгеруіне байланысты жоспар да өзгеріліп, толықтырылуы мүмкін.
Бизнес - жоспардың нарықтың жаңа жағдайларын байланысты өзгеріліп отырылуы кәсіпорынның қызметінің тиімді түрде атқарылуына мүмкіндік береді.Әр бизнес-жоспардың өзіндік ерекшелігі болады, яғни барлық жағдайларға бірдей стандартты бизнес-жоспар болмайды. Бизнес- жоспарды құрудың негізгі принциптері болады. Олар:
• Түсінікті
Қысқа және толық
• Логикалық мағынасы бар
• Шынайы
• Сандармен дәлелденген
• Қажеттілік
• Үздіксіздік
• Бейімділілік.
Бұл принциптер өзара тығыз байланыста. Олар жобаның құрылуынан оның жүзеге асуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. Осы принциптермен қоса, жоспарлау барысында әдетте ғылымның, динамиканың, жалпылылықтың, тиімділіктің жалпыэкономикалық принциптері қолданылады.
Бизнес-жоспарлау басқарудың қажетті элементі ретінде бірнеше маңызды функцияларды атқарады. Олар:
• Ынталандыру - жобаларды, келсімшарттарды және қызметті активизациялау;
• Жобалау - факторлардың анализі және есебі барысында фирма жағдайын
көрсету:
• Оптимизациялау - нақты әлеуметтік-экономикалық ортада фирма дамуының ең жақсы әдісін таңдау;
• Координация және интеграция - бір нәтижеге бағытталған компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысы және тәуекелділігі;
• Басқарудың қауәпсіздігі жағымсыз нәтиженің алдын алу үшін мүмкін болатын тәуекел туралы ақпаратпен қамтамасыз ету,
• Тәртіпке келтіру - жауапкершілік және жағымды жұмыс үшін ортақ тәртіпті белгілеу;
• Бақылау - жоспардың орындалуын жедел түрде бақылау, қателерді анықтау және түзету;
• Тәртіпке салу және білім беру қызметкерлер жұмысын рационалды пайдалану, оларды оқыту;
• Құжаттау - фирма менеджерлерінің қызметін күнделікті қағазға түсіріп отыру. Бұл атқарған жұмыстың айқындылығын көрсетеді.
Кәсіпорында бір уақытта бірнеше бизнес - жоспар болуы мүмкін. Кез келген бизнес жоспар кәсіпкердің өзіне және оның серіктестіктеріне кем дегенде 5 сұрағына жауап беруі керек.
Бизнес-жоспардың бағытталуы және оның негізгі элементтері.
Бизнес-жоспарды құрағы кезеңдер Кәсіпкерлік қызметтің кез- келген түрі және бизнес - жоспарды жоспарлау әдетте жаңа ой, яғнижаңа идеямен басталады. Жақсы идеямен кәсіпкерлікті жүргізу мүмкін емес. Жалпы алағанда, осындай идеяларды жүзеге асыру арқылы табысты бизнеске жетуге болады. Кәсіпкерлік және басқа идеялар, ол адамның ішкі ойлары, яғни ішкі қоздырғыш күштер - армандар, қажеттіліктер, құндылықтар.
Жаңа идеялардың сыртқы қозғыштарының бизнес жоспарда көрініс табуы.
Мотивация, идеялардың жинақталуы кәсіпкердің өз бизнесі және нәтижелерін қанағаттандыру мақсатында пайда болады. Қажеттілік материалдық және рухани жетіспеушілік негізінде адамада идеялар пайда болады. Алдымен қажеттілік құштарлыққа (жетіспейтін затты іздеу), содан кейін ынтаға (қажет заттың образы) және мотивке (ішкі қоздырғыш күштер) айналады. Бизнес-жоспар кешенді, жалпылай құжат болып табылады. Ол басты қасиеттер тұрғысынан алып жобаны бағалайды. Жоба - бір бірімен өзара байланысты, жаңа товар мен қызметті құру үшін жасалады. Жаңашылдық уақыт өте келе өз құндылығын жоғалтады, себебі сыртқы орта, тұтынушылардың жаңа өнімге деген сұранысы азаяды. Жаңа жобаны құру ұшін шектеулі ресурстар қажет: материалдық, қаржылық, еңбек, техникалық.
Егер жоба бәсекелестік ортада құрылса, онда оның бизнес жоспарда көрінуі қажет.
Бизнес-жоспар бөлімдерін құру
Бизнес - жоспарды құрудан бұрын барлық қажетті ақпаратты жинау керек. Өндірілетін товарға (қызмет) деген сұранысиы анықтау қажет. Нені сатамын,
калай сатамын және неліктен тұтынушылар сатып алады? Осындай сұрақтарға жауап алу керек. Тұтынушылар товарды (қызмет) қана емес, олардың өз қажеттілікретін қанағаттандыру арқылы белгілі бір артықшылықтарды спатып алатындығын есте ұстаған жөн. Бұл артықшылықтар өзіне төрт элементті (маркетинг мамандары олады маркетинг комплексі, кешені дейді) товардың өз қасиетін, оның бағасын, бірелген товарға сұранысын қанағттандырады және оның жөнелту орнын қосады.
Бизнес-жоспардың құрылымы:
1. Сыртқы беті;
2. Резюме;
3. Мақсаттар мен міндеттер;
4. Қызмет, өнім түрін бейнелеу;
5. Нарықты талдау;
6. Маркетинг жоспары;
7. Өндірістік жоспар;
8. Басқару персоналы
9. Қажетті құралдардың көздері және көлемі;
10. Заңдық жоспар;
11. Тәуекелді бағалау;
12. Қаржылық жоспар.
Бизнес - жоспардың барлық бөлімдері бір бірімен өзара байланыста болуы керек. Бизнес жоспардың әрбір бөлімін құру барысында, олар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сондықтан оның бірнеше нұсқасын жасайды. әрбір кәсіпкер бизнес - жоспарды өзінің қызмет ету саласына қарай арнайы түрде жасайды.
Сыртқы бет - бизнес жобаның түбіртегі, яғни алғаш көрген адамға ең бірінші пікірді көрсететін құжат. Ол бизнес -жобаның атауын ғана емес, осы
жобаның дамутудың қысқаша мағлұматын береді. Бұл мағлұматқа бизнес
жобаның авторы, ол жобаның салалық бағытталуы, жобаның басталуы және аяқталу уақытын көрсетеді. Жобаның қаржылық көрсеткіштерін (пайызбен берілуі мүмкін – жалпы соммасы, өзіндік капитал, қарыз капиталы, мемлекеттік көмек) сыртқы бетте көрсету дұрыс.
Резюме - бұл бөлімнің көлемі бірнеше беттен артық болмауы қажет. Оның мазмұны сол салаға мамандандырылған тұлғаға ғана емес, сонымен қатар қарапайым адамға да түсінікті болуы қажет. Бұл бөлім өте маңызды.
Себебі, осы бөлімді оқи отырып, инвесторлардың қызығушылығы пайда болады. Жалпы бұл бөлім инвесторларға және кредиторларға мынандай екі сұраққа жауап беруі қажет: Бұл жобаны нарыққа жағымды енгізетін болса, олар қандай артықшылық алады (пайда) және олардың ақша қаражатының жоғалту тәуекелі қандай? Бұл бөлім бизнес жоспарды құрудың ең соңғы кезегінде құрылуы қажет.
Себебі, басқа бөлісмдерді зерттеу барысында басқа да сұрақтарға жауап алынады. Бұл бөлімде кәсіпорынның қай салаға бағытталғаны, оның жағдайын және кәсіпкерлік қызметін жазады. Мақсаттыр мен міндеттер - мұнда идеялардың талдауы жүргізілуі қажет.
Идеяның пайда болу факторларын зерттеу қажет. Оның болашақта қалай
дамитындығына жауап беру қажет. Жоспар кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін ашуы қажет.
SWOT анализ жасалынуы қажет.
Strenth – күшті жақтары;
Weafness - әлсіз жақтары;
Oportunitis – мүмкіндіктер;
Troubles - тәуекелділік.
Идеяның әлсіз және күшті жақтарын талдау кәсіпкермен бақылануы мүмкін.
Олар әдетте осы уақытқа бағытталады.Мұнда келесідей факторларды қарастыру керек:
• Ұйымдастырушылық (құқықтық нысан; өз ғимаратының немесе жалдамалы ғимараттың болуы);
• Маркетингтік (орналасу орны, маркетингтік кешен, нарық, оның сегменті,
бәсекелестер: өнім (қызмет) бәсекелестер өнімінен қандай ерекшелігі бар);
• Техникалық (өндірістік қорлар: олардың жағдайы мен ресурстар);
• Қаржылық (өзіндік капиталдың бар болуы);
• Еңбек (арнайы мамандандырылған қызметкерлердің бар болуы). Тәуекелдер кәсіпкердің бақылануынан тыс болады. Мұнда келесідей факторларды ескеру қажет:
• Экономикалық орта (кіші бизнестің мемлекеттік қолдауы, салық кодексі);
• әлеуметтік – мәдени ортасы;
• технологиялық орта;
• демографиялық орта;
Өнім (қызмет) осы жобаның негізі болып табылатындықтан, осы өнім немесе қызмет туралы ақпарат беріледі. Бұл бөлім - тұтынушы қандай қажеттілікті қанағаттандырады, оның ерекшеліктерін, патенттер мен авторлық куәліктердің болуы, өнім сапасы, одан алатын пайда және т.б. сұрақтарға жауа береді. Нарықты талдау - бұл жаңа бизнестің ең қиындықты тудыратын кезеңі болып есептеледі. Нарықты талдау кезеңі әдетте - 4 кезеңдә қамтиды.
• Қажетті көрсеткіштер типін анықтау;
• Осы мағлұматты іздеу,
• Мағлұматты талдау; • Осы мағлұматты кәсіпорын қажетіне қолдану. Маркетинг жоспары - бұл клиеттердің нақты клиенке айналуы үшін қажет.
Бұл бөлім тұтынушылар не себепті осы өнімді сатып алатындағын көрсетеді.
Өндірісітік жоспар - кәсіпорында бар барлық өндірістік процестерді ашып көрсетеді. Өндіріс ғимараты, еңбек күші туралы сұрақтар осыбөлімде ашылады.
Басқару персоналы инвестициялар бизнес-жоспарға емес, белгілі бір адамдарға салынады. Басқарушы тұлғаны анықтап, оның жұмысын белгілеу қажет. Қажетті құралдардың көздері және көлемі - бұл бөлімде құралдардың қаншалықты көлемін несиеге алуға болатындығын, олардың қажеттілігін көрсетеді. Мұнда қажетті құралдардың көлемі, оған идеген қаражатты қайдан алатындығы, құралдарды қайтару уақыты ашылады. Заңдық жоспар - бұл бөлім әсіресе жаңа кәсіпорындарға өте маңызды.Мұнда оның ұйымдық -құқықтық жақтары қаралады. Яғни оның серіктестік, не болмаса аышқ қоғам ретінде туралы әңгіме болады.
Тәуекелді бағалау - мұнда пайданың қаншалықты болатындағы, оның шығынды өтейтіндігін, тәуекел деңгейін, оның алдын алу жолдарын іздестіреді. Қаржылық жоспар - мұнда қаржылық жағдайды бөліп қарастыру қажет. әдетте ол үш жылға жасалады. Ол мыналарды көрсету қажет:
Сатылым көлемі;
• Пайда және табысты талдау;
• Ақшаның бір жылғы айналымы, содан кейін тоқсандық айналымы;
• Жылдық баланс ведомосі.

Жоспарлаудың мәні және қажеттілігі


Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтндыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді.
Жоспарлау кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол
байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспары бар және кәсіпкер оларды ескеріге міндетті; сонымен
қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай ақ қызметкерлерге жеке
өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізі бір бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндердентұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсынжоспарлай өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкісшілік тәсіл болып саналмайды. Егер индикативтік жоспарлаудың ролі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл жаңылысу.
Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро, мезо, және микродеңгейде жүріп жатқан әр түрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс.
Директивті жоспарлауға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізші субьектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген бындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субьектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған келешектегі жұмыс үшін бағдар болып табылады.Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді қиыстыру (үйлестіру) рәсімдерінің жиынтығы ретінде шығады. Макроэкономикалық жоспарлау - өндірістің біріккен тісілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманғы ғылыми категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті көлемі болып табылады.
Макрожоспарлау мемлекет жасайтын болжамдарды, бюджеттік жоспарларды,макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік - жоспарлық реттеу мен елдің элеуметтік экономикалық дамуын мемлекеттік болжау макрожоспарлаудың құрамдастары болып табылады.
Жоспарлаудың осы деңгейінде субьект болып макроэкономикалық меншік иесі шығады, оның старатегиялық мақсаты - дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсу.
Аумақтық жоспарлау индикативті жоспарлаудың түрі ретінде мемлекет деңгейіндегі, бірақ аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзекге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айырмашылығы - аумақ
пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.

Мезожоспарлау - салаларда, сала тармақтарында, аумақтық өндірістік кешендерде, ірі корпорацияларда және т.б. болып өтетін процестерді қамтитын индикативті жоспарлаудың бір түрі.


Микрожоспарлау - менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микродеңгейде қолданылады және кәсіпорынның жоспарларында жүзеге асырылады. Бұл деңгейде жоспарлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіпорында пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің) тағдырын, оның бәсекеге қабілеттілігін, ақыр соңында, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Стратегиялық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау ерекшелікті стратегия әзірлеуге жетелейтін, басшылық ұйғарған іс-әрекеттер мен шешімдердің жиынтығы болып табылады. Ал олар ұйымның өз мақсаттарына жетуіне жәрдемдесуге арналған. Сртатегиялық жоспар келещек пен жеке тұлға тұрғысынан жасалады, көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі нақты мәліметтерге негізделуі тиіс. О фирма анықтық, даралық дарытады, бұл қызметкерлердің белгілі бір типтерін тартуға мүмкіндік береді, ұйым үшін келешекке жол ашады. Стартегиялық жоспарлар ұзақ уақытқа сазылған кезең бойы тұтастығын сақтап қана қоймай, қажетті жағжайларда жаңғыртып, жетілдіру мен қайта бағдарлануды жүзеге асыра алатындай жеткілікті икемді болуы керек. Стратегиялық жоспарды қалыптастыру дегеніміз – болашаққа мұқият, жүйелі дайындалу. Схемалы түрде былайша: миссияны таңдау (ұйымның негізгі жалпы мақсаты) мақсатты қалыптастыру (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді), қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу (саясат, стартегия, рәсім).
Стратегиялық жоспарлау төңірегінде басқару қызметін төрт негізгі түрге бөлуге болады: ресірстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру мен ұйымдастырушы сатратегиялық алдын ала болжау.
Ресурстарды бөлуге тапшы басқарушы таланттар мен технологиялық тәжірибе қорлары сияқты шектеулі ұйымдастырушылық ресурстарды бөлуге кіреді.Сыртқы оратға бейімделуді кең мағынасында түсіндірген жөн. Ол
компанияның айналысындағы қатынастарын жақсартатын, стратегиялық сипаттағы барлық іс әрекеттерді қамтиды. Сыртқы ортаны талдау дегеніміз фирманың мүмкіндіктері мен төнетін қатерін анықтау, үшін ұйымға қатысты сыртқы факторларды бақылайтын стратегиялық жоспарды жасайтын процесс.
Өркендеп келе жатқан компаниялардағы жоспарлау неғұрлым жетілген өндірістік жүелерді әзірлеу жолымен жаңа қолайлы мүмкіндіктерді жасайды.
Тактикалық жоспарлардың кейбір сипаттамалары:
Тактикалық старатегия дайындайды, тактика орта буын басшылығы деңгейінде жасалады, тактика стратегияға қарағанда уақыттың ең қысқа бөлігіне есептелген, стратегияның нәтижелері бірнеше жыл бойы толығымен анықтала алмаса, тактикалық нәтижелер, әдетте өте тез байқалады және нақтылы іс-әрекеттерге оңай үйлеседі.Тактикалық жоспарлаудың әр түрлі формалары болады. Формалардың бір түрі ұзақ мерзімді жоспарлардың егжей-тегжейді мәселелерді қозғаған қысқа мерзімді жоспарларға бөліну процесі. Әдетте бір жылға: өндірістік, қаржылық жоспар, маркетинг жөніндегі жоспар жасалады.

Фирма ішілік жоспарлау


Жоспарлау басқару функциясы ретінде микродеңгейде ең үлкен мәнег ие болады. Нарықтық экономика жағдайында микроэкономикалық деңгейде жоспарлауды нығайту, өндірісішілік және фирмаішілік жоспарлау туралы ұлттық бағдарлама мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде сөз қозғалуы тиіс. Қай қоғамның да әлеуметтік- экономикалық даму мақсаттарына жетуі экономиканы басқарудың бастапқы буыны қалыпты жұмыс істейтін өндіріс саласында басталады.
Фирмаішілік жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі белгісіздік пен құбылмалылықтың теріс әсерін жою, назарды басты міндеттерге баса аудару, үнемді жұмыс істеуге жеті мен бақылауды жеңілдету.
Фирмаішілік жоспарлауға мыналар кіреді:
Фирманың сыртқы төңірегінің даму келешегін айқындау;
Мақсаттар мен ықтимал сатратегияларды тұжырымдау;
Бірінші кезектегі міндеттер мен оларға жету жолындағы іс-әрекетті айқындау.
Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгеін қамтиды және кәсіпорынның, корпорацияның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету үшін алғышарттар жасайды. Фирмаішілік жоспарлау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыру формаларының әр түрлігілігімен айрықшалынады. Фирманың жоғары әкімшілігінде тікелей президентке немесе вице- президентке бағынатын және корпорация құралына кіретін кәсіпорындарға арналған келешектегі және ағымдағы жоспарларды жасаумен айналысатын орталық жоспарлау қызметі бар.Кәсіпорынның мұндай жағдайда жоспарла уқызметі болмайды. Мұндай үлгі, әдетте, бірдей және жуық өндірістік бейіндегі кәсіпорындардың біразында қолданылады.Фирма деңгейінде жоспарлау қажетті мәліметтер алғаннан кейінгі болашақтағы қызметтің нобайын жасау:
Айналадағы жағдай жайында. Бұл мәліметтер фирманың қызметін ықпал ететін (заңнама, тұрмыс деңгейі, баға деңгейі, халық саны) саяси, мәдени, әлеуметтік факторлардың жинын қамтиды.
Бәсеке туралы. Бұл орайда экономикалық және іскер жағдай, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы арасындағы қатынастар назарға алынады;
Ішкі ұйымдастыру туралы. Бұған басқару құрылымы, стратегия, мақсат, кадрлар, қаржылық жағдай, өндірістің даму деңгейі және т.б. жайлы мәліметтер кіреді.
Фирманың іс-әрекетін жоспарлау пррцесіне мына кезеңдер кіреді:
Мүмкіндіктерді (ресурстарды, өндірісті, қуаттылықты) анықтау;
Нақты жоспарлардың мақсатын түпкі нәтижені белгілеу;
Жоспардың негізгі параметрлерін белгілеу (шектеулер - ішкі және сыртқы);
Іс-әрекеттің баламалы (неғұрлым жақсырақ) бағыттарын анықтау; Іс-әрекеттің баламалы бағыттарын бағалау;
Баламалы бағыттардың бірін таңдау;
Жоспардың орындалуын ұйымдастыру.

Қорытынды


Жоспарлау фирманың нарықта жұмыс жасауы үшін өте қажет. Бизнес жоспарды жасаудың бірнеше түрі бар. Олардың арасында өзара байланыстары көп, дегенмен ерекшеліктері де бар. Бірінші орныда кәсіпкерідң жеке мақсаттары қойылады. Осыдан кейін кәсіпорынның ішкі және сыртық мақсаттарын зерттей келе, негізгі мақсат анықталады. Осыдан кейін стратегияға көшеміз. Ол мақсатқа жеті жолын бірнеше кезеңге бөледі. Мақсатқа жетудің әрбір кезеңінде белгілі бір дұрыстауларды енгіз дұрыс. Осылайша жедел жоспар жасалады. Жедел жоспар және тенденция арқасында ұзақ мерзімді жоспар жасалынады.
Жоспардың ойы әрқашан оның міндетті түрде негізінің бодуына және мәнділігіне тексеріледі. Осы мақсатта оны жеке стратагиялық жүйеге негіздейді: товар-нарық; НИОКР (научно-исследовательские и опытно- конструкторские работы), қаржылық жағдай.
Бизнес -жоспарды құру бұл тек қана бизнес заңдылықтары мен арнайы ережелерді ұстау ғана емес, ол творчестволық процесс. Бинес жоспар әр түрлі әдіспен ұйымдасытырылып, құрылуы мүмкін:
Белгілі бір тәжірибесі бар кәсіпкермен;
Жобаны жүзеге асыратын кәсіпкердің тобымен Нақты бір төлем үшін арнаый мамандандырылған топпен. Бизнес - жоспардың жағымды дамуы үшін, нарықтағы кәсіпорынның өз үлесін табу керек. Бұл орын өте кішкентай болуы мүмкін. Бірақ осы орыннан ауқымды орынға ауысуға бизнес жоспардың көмегі зор.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Бердалиев К Менеджмент Алматы, Экономика 2005
2. Горемыкин В.А., Богомолов А.Ю. Бизнес - план: методика разработки 45 реальных образцов бизнес плана. М.: Ось-89, 2002 г.
3. Бизнес план инвестиционного проекта Под ред. Иванниковой И.А.- M.:Экспертное бюро, 1997 г.
4. Грибалев Н.П., Игнатьева И.П.Бизнес план. Практическое руководство
по составлению.-СПБ: Белл, 1994 г. 5. Экономика предприятия Подред. О.И. Волкова,М.: ИНФРА- М- 2005 6. В.П.Буров; В.А.Морошкин; О.К.Новиков. Бизнес-план. Москва,1999
7. Бизнес-план". Под редакцией проф. Р.Г.Маниловского. Москва, Финансы и статистика, 1996
8. Пособие по составлению бизнес- плана. ERNST&YOUNG.Москва, 1995

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет