Реферат тақырыбы: «Дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық аспектілері»



Дата02.01.2022
өлшемі44.69 Kb.
#454067
түріРеферат
Реферат та ырыбы «Дене т рбиесіні леуметтік-педагогикалы асп


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

Дефектология кафедрасы




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Дене тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық аспектілері»

Орындаған:

Тексерген: Смагулов С.К.

Қарағанды-2020

Жоспар

I.Кіріспе



II.Негізгі бөлім

1. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

2. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық жалпы қағидалары

2.1. Дене тәрбиесін оқыту принциптері мен заңдылықтары

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығыныңнығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика т.б. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік, сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты кү.н ырғағын, яғни еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың ісін жұмыстың мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:

Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын тиімді өткізуді қажет етеді.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

Негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің өз жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбипесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары –бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика-мұның бірнеше түрлері бар:негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын-балалар өмірінде үлкен орын алады. Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм-оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт-оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдық –еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі- табиғи факторлар. Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады.

Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысыкезінде пайдалану өте тиімді болады. Дене тәрбиесінің ең маңызды мақсаттарының бірі балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру болып табылады.

Негізгі бөлім



  1. Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

Оның негізгі: дүниетанымалдығы, теориялық-әдістемелік, ұйымдастырудың нормативті бағдарламасы. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік педагогикалық жалпы қағидалары.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз-әлеуметтік экономикалық заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мәселен үйлестіріп отырған әрі басшылық ететін ұыймдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жұйесінің басты мақсаты күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделді.

1.Білім беру міндеттері-қимылдық ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.

2.Сауықтыру міндеттері-дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.

3.Тәрбиелік міндеттер-адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастырға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Қазақ елінің өз тәуелсіздік бағытындағы даму жағдайында дене тәрбиесінің жүйесін жан жақты жетілдірудің мүмкіндіктері молайды. Жаңа дамып келе жатқан қоғамның құрамды бөлігі бола отырып, дене тәрбиесінің жүйесі жалпы халықтық, кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін кемденіп отыр.Дене тәрбиесінің жүйесі әртүрлі әлеуметтік топтардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін ескеретін өзара байланысты жекеленгендене тәрбиесі жүйесін құрып тұрады. Балабақша, орта мектеп жасындағы балалар, арнайы орта оқу орнындағы, әскери қызметтегі жоғары оқу орындарындағы жастар осы жүйдегі әлеуметтік ұйым болып табылады.

Жоғарыда аталып өткен жүйенің негізгі түсініктеріне тоқталатын болсақ, оларға біздер осы еңбектің соңғы тарауларында кеңінен талдау жасап өкенбіз. Дегенмен, «дене тәрбиесі», «спорт», «дене шынықтыру», т.б. түсініктердің өзара байланыстары мен айырмашылықтарын білу, ең әуелі, оның ғылыми теориялық анықтамасын білуді талап етеді.

Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері.

Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заңдылық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.

Дене тәрбиесі негізі 2-бөлімнен тұрады: бірінші спорт, бұл жеке бастың белгілі бір жаттығумен тұрақты түрде шұғылданып, оны кәсіпке айналдыруы.

Екіншісі-денешынықтыру. Бұл –жеке  бастың өзінің денсаулығын нығайту үшін ғана жаттығулармен шұғылдануы. Ал «Дене тәрбиесі», «Дене шынықтыру»деген түсініктен туындайтынын анық, негізгі бөлімдерінң бірі болып есептелінеді. «дене тәрбиесі, спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

«Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға қарай ұласатын «мәдениет» түсінікке жатады. Басқа сөзбен айтқанда, дене шынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адам өзінің денесін дамытып өзгерту жолындаған қызметтің нәтижесі және оны осы жолдағы процесс деп ұғынған жәнеөн деп есептейміз.

Дене шынықтыру құрамдас басты бөлігі-спорт. «Спорт» ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, ол адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды өз игілігіне тарату деп есептелген жәнеөн. Сонымен қатар, жарыс арқылы жоғары мүмкіншілігін көрсету үшін арнайы шапшаң қарқын мен морфофункциональдық және психологиялық даярлықты айқындау.

Спорттық басқа да (функциялары) қызметтерді жеткілікті. Біріншіден-спорт өз алдында адамның тәрбиелік жағына дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өмірінде дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, Спорт-өндірістік қызметке жатпайды, және материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысты болмайды.

Спортқа тән барлық белгілер тұтастай балалар спортын да сақталады. Оны баланың, сабақтан тыс кездегі қызметініңалуан түрлі болып келуі арқылы анықтауға болады. «Балалар спорты» дегеніміз-арнайы дайындық негізінде, алдын-ала үйренген қозғалыс, қимыл мүмкіндіктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету.

«Жасөсперімдер спорты» деген түсінікке жолдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты түрде алынып омыр, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуна байланысты.

«Мектептегі спорт» деген түсінік, қатысушылардың жастарына қарағанда «балалар спортынна» сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы, «балалар спортын» мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектеп қана ұйымдастырады.

Жоғарыда айтылған спорт белгілері белгеле бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада,саяхатта ада болуы мүмкін. Мысал, маманданушылық кейбір ойындарға яғни спорттық гимнастикаға ене отырып, оларды спорттық жеке түріне айналдырады. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті, спорт ойын қызметі деп қаралуға тиісті.

Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдық басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың обьективті негізі-дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі-адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.

Құқықтық негіздер. Еліміздегі дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтик актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтарр, нұсқаулар). Олардың ішінде ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.

Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми түрде баяндалады.

Дене тәрбиесі жүйесін қоғамдық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі ілімі мен әдістеме приводәні алады.-Қазақстандағы

-Дене тәрбиесі жүйесіндегі президенттік сынамалардың маңызы өте зор.

«қазақстан Республикасындағы Халықтың дене тәрбиесі даярлағының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.

Әдістемелік негіздер дене тәрбиесінің заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жәнеөніндегі тиісті ұсыныстарды, сонымен қатар, тұрған халықтың әрбір әлеуметтік тобымен жаттығудың әдістері мен нысандарын ұйымдастыруды, құрал жабдықтарды пайдалану жәнеөніндегі ұсыныстарды қамтиды. Әдістемелік негіздерде дене тәрбиесі жүйесінде тән ғылым көріністерді байқауға болады. Бұл орайда бастапқы теориялық ережелер және оны іс жүзіне асыру ғылыми негіздеріне (философия, социология, педагогика, психология, биология,т.б.) арнаулы теориялық және спорттық-педагогикалық ғылымға сүйене отырып жасалады.

Бағдармаламалық-нормалық негіздер тұрған халықтың дене дамумен бірге білім деңгейіне қойылатын үш сатылы өзара байланысты талаптар жүйесінде көрсетіледі. Дене тәрбиесінің бірінғай мемлекеттік бағдарламасы балабақшалар мен яслилерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында өткізілетін дене тәрбиесінің ең төменгі міндеттін көлемін анықтап, белгілейді. Бұл бағдарламаларында оқу орнының түрін, шұғылданушылардың жасын, жыныстық айырмашылықтарын есептей отырып, дене дамуымен бірге білім көрсеткішне қойылатын талаптар мен дене тәрбиесінің негізгі құралдары көрсетіледі.

Дене тәрбиесі мен спорт саласына Қатысты негіздердің бір мысалын келтірсек Қазақстан республикасы Үкімі 1996жылғы 24маусымдағы №774 қаулысын атауға болады. Осы қаулының 1-бабында еліміздегі халықтардың дене тәрбиесіне қатысты даярлағын президенттік сынамалар арқылы анықтау ережелері бекетіліп, ол 1996жылы 1-Қыркүйектен бастап күшіне енгізілсін делінген.

Ұйымдастыру негіздері.

Дене тәрбиесі жүйесінің ұйымдық негіздері мемлееттік, өзін-өзі туындаған қоғамдық және басқару органдарының біртұтас байланыстылығынан құралады. Бұл байланыс-дене тәрбиесі жүйесінң біріңғай мақсаты және оның міндеттеріне, қағидаларына, идеологиялық, әдістемелік және бағдармалық мөлшерлік негіздеріне, сонымен қатар, дене шынықтыру ісінің дамуын жүргізетін, бағыттап және бақылап отыратын еліміздегі қоғамдық,мемлекеттік мекемелердің іс жүзіндегі біріккен іс-қимылына сүйенеді.

Дене тәрбиесі поцесінде қоғам талабына сай қозғалыс дағдыларын, арнаулы білімді табиғи күштер мен гигиэналық факторларды, алдын-ала дайындалған жаттығулар кешендерін дене қабілетін арттыру үшін пайдаланса, онда педагогикалық жүйенің бар екендігін айқындаға болады. Яғни, дене тәрбиесі педагогикалық процесс есебінде адамдардың дене дамуын басқаруға және осы саладан сауаттандыруға арналған қызмет.

Дене тәрбиесінің мақсаты әрбір адамның дене шынықтырудың өзіне тиімді түрін игеруін қамтамасыз етеді. Нәтижеде, дене тәрбиесі арқылы адам баласы дене шынықтырудың жалпы жетістігін өз жетістігіне, табысқа айналдырады (денсаулық жақсарту, дене дамуы деңгейін арттыру т.б.). Сонымен бірге, дене тәрбиесінің әсерімен жеке адам тұлғасының өзгеруі денее шынықтыру үрдісінің мазмұнына өзгеріс енгізеді. Сөйтіп дене шынықтырудың басты көрсеткіштеріне әсер етеді. Әрине, бұл үрдіс жалпы тәрбиенің өзге жақтарынан тыс, бөлек жүрмейтіндігі анық.





  1. Дене тәрбиесінің жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық жалпы қағидалары


Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалім. Қандай шараны іске асырмасын басшылққа алуы шарт. Нақты сабақ үшін сауықтыру міндеттерін араластырмаса да болады, алайда оқушыларға артық жүктеме беріп, қағиданың бірін бұзу қате. Қағиданың толыққанды іске асуына мұғалімнің іскерлігінен көрінеді. Бар қағидалардың орындалуы барлық уақытты жаттығуларға, білім беру мен тәрбиенің нақты белгілерінен, міндеттерін басшылыққа алып, дене тәрбиесі жүйесін тірек ете іске асырған жәнеөн.

Сауықтыру мақсатындағы қағида мұғалімнің дене тәрбиесін жұмысын емдік және дамыту нақтарымен толықтырылып отыруға жүктемейді.

Бұл қағиданы орындаудағы басты талаптар: Дене тәрбиесінің негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. Дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктенріне байланысты болуы керек. Дәрігерлік –педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу –тәрбие жұмысында болуы міндетті. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолдануы қажет.

Жеке тұлғаның жан-жақты даму қағидасы қоғамдағы адамды тәрбиелеу жүйесінің мақсатын айқындайды. Дене тәрбиесінде бұл қағидалар екі негізгі талаптық орындалуын қарастырады: Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыстажүргізілуі керек. Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілетінің келісімді, үйлесімді дамуын, ол үшін қозғалыс біліктілігі мен дағдысын және арнаулы біліммен. Қарулануын қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлау қажет.

Еңбек және қозғалыс практикасымен байланыс қағидасы тәрбиенің барлық жүйесінің қолданбалы бағытын білдіреді. Бұл қағиданың шешімін төмендегідей талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады: Дене тәрбиесінің мазмұны бәрінен бұрын өмірге қажетті жүру, жүгіру, секіру, жүзу т.б. кезіндегі біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру қажет. Дене тәрбиесінің бұл талаптары оқу бағдарламаларында жүзеге асырылады. Жан –жақты дене тәрбиесі арқылы адамның дене даярлығы кең көлемде жүргізілуге тиісті, өйткені оның қабілетінің әртүрлі еңбек және әскери істерді игеруге мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болуы қажет. Еңбек және патриоттық тәрбие беру ісінде дене жаттығулармен айналысуды кең көлемде пайдалану қажет.

Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары іс-тәжірибелерге өзінен-өзі енбейді. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық,материалдық, техникалық, әлеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда ұран сияқты қағидалар. Утопиялық шақыруға айналуы мүмкін. Мысалы, көпшілікті қамтитын дене шынықтыруды жалпы бұқаралық сипатқа айналдырамыз деген ұран қажетті материалдың база, спорттық құрал жабдықтар болмаған жағдайларда денешынықтыру саласындағы қызметкерлерді көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже күтү қиын.

Оқыту қағидалары. Мазмұны жәнеөніндегі білім болашақ мұғалімдерге өз жұмысын билеген талаптарға сәйкес жүргізуге көмектесіп, дене жаттығуларын оқыту барысында біршеме заңдылықтарға жол ашады.

Біріншіден оқушыларды оқу метериалдарын саналы және белсенді түрде қатынас жасауға бағыттайды;

Екіншіден,оқытудың қорытынды көрсеткіштерін әділ бағалауға:

Үшіншіден оқушылардың ерекшелігіне сәйкес діріс беруге ықыласын арттырады;

Төртіншіден педагогикалық оқыту барысында қайталау, жүйелік, дәйектеніс және бір өзімдік жағынанерекшеленуге жетелейді.

Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерркшелігіне ұйымдастыру түрлеріне және тәсілдеріне орай жүзеге асырмайды. Педагогикалық оқыту үрдісінде қағидалар екі түрге бөлінеді.

Біріншісі –қимыл қозғалысқа үйрету, екіншісі-дененің сапалық қасиеттеріне байланысты спорттыық жатығулар қағидасын. Дене тәрбиесі жүйесінде көптеген басқа да қағидалар кездеседі. Олар оқыту заңдылықтарын тек қана педагогикалық жағынан ғана айқындайды.

Дене тәрбиесі ішінде оларды «Дене тәрбиесі қағидалары» деп атайды. Олар саналық, белсенділік, беріктік, дербестік, көрнекілік, қайталау, жүйелік және т.б.

Саналық қағидасы-дене жаттығуларына оқытуда саналық қағидасын алғаш рет сөз атау П.Ф.Лесгафтың үлесіне тиеді. Яғни ғылым бірінші болып жаттығулардыорындауды саналық қағидасымен ұштастыруды талап еткен. Оның тұжырымы бойынша, мектеп баланың бойында күштілікті дамуымен қатар, басқа да қасиеттерді білуге, оларды өмірдегі қызмет барысында пайдалана білуге тәрбиелеуі тиіс,-деп қорытындылайды.

Тас саналы меңгеру ғана жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға оларды топтап, реттеуге, приводәндер ішіндегі және приводән аралық байланыстарды тұтас басқарып отыруға мүмкіншілік береді. Кез келген жаттығудың баларға түсіндірілуін орындайтын жаттығуы жәнеөніндегі өздерінң ойын үлгісін жасауын және жаттығуды орындау ісіне толық саналы түрде қарауын аталап етеді. Сондықтан оқушылардың іс-әрекеттері мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі.

Оқыту барысында алдын-ала кез келген қимылқозғалысты ойланып барып орындату. Кез келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуге жаттығу тәсілдернің бөліктеріне назарын аударту. Мысал: биіктікке секіруде (тебіну) тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару.

Бұлшық ет сезімінің әсері арқылыы ойлау қабілетін қалыптастырып іс-әрекет істеу кезінде ішкі құрлыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателіктерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.

Белсенділік қағидасы- оқушылардың белсенділігі оның оқу үрдісінде деген саналығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділікті құрайды. Атап айтқанда, саналылық белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке, белсенділік саналылықсыз мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі ілімінде (педагогика іліміндегі сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережедерге сүйену қажет:

Оқушылардың мінез құлқын көрсетілген талапқа сай үйрету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе (қарапайым жүгіру), онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары жәнеәрежеде дамыту қажет (жаңаша орындауға үйрету). Бұл үшін ойын және жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.

Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады.

Белсенділікке оқушының танымы арқылы да ынталандыруға болады, яғни оқушының танымын оқытылған сабақ пен тікелей байланыстыру керек. Берілген тапсырманы дер кезінде қабылдамаса, келесі жаттығуда үйрену қиынырақ жиеді.

Белсенділікті ұстату және арттыру баланың дамуына қарқынды және тұрақты назар аударып отыру керек. Бұл үшін оқытудың белсенді әдісіне көшіп, баланың танымен ынталандырып механикалық оқытуды тыю қажет.

Белсенділіктің әсер етіп пайда болуын тек қана оқу дағдысына емес сол сияқты әртүрліжағдайда да қолдана білуу керек.

Оқу тәрбие жұмысын мынадай үлгіде құруды қажет етеді, яғни әрбір оқушыны ұжым блуға бағыттап,белсенділігін арттыру қажет.

Бала белсенділігінің керісінше оқушыға ықпал болмауы қажет. Сондықтан барлық мұғалімдердің оқушыға әсері былай орындалуы қажет: әрбір оқушы өзінің белсенділігін өз шкаласы, өз талап тілегімен арттыру қажет, яғни мұғалімнің еркіне бағынып орындалуы тиіс.


    1. Дене тәрбиесін оқыту принциптері мен заңдылықтары

Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатыран жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс – әрекеті саналы, бағытталған іс – әрекетке айналады. Адам табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.

Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады. Педагогикалық процнстің заңдылықтары кезінде К. Д. Ушинскийде өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидавларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып жағдайларға байланысты, өзің қолдануға болады – ау жағдайға сай пайдалануға болады деген.

Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектеніде кең көлемде баяндалған.

Тәрбие – бұл педагогикалық құбылыс. Педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс заңдылық деп аталады. Педагогикалық заңдылық деп – педагогикалық процестің тұтастығын айтады.

Тәрбиенің заңдылықтары: Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің қалып дамуына игі әсер етеді.

Тәрбие мен өзін – өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін – өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс – әрекетіне байланысты. Іс – әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс – әрекеттері т.б. жатады.

Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:

а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т.б. жасаған;

ә) ағзаның дене және психикалық дамуына байланысты;

б) оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері;

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.

Қабілет – адамның түрлі іс – әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.

Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы заңдылығы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі ұжым болады. Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский ұжымдық қатынастарды қалыптастырудың теориялық негіздерін жасады.

Принцип дегеніміз – адамның нақты іс – әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.

Мектепте мынандай тәрбие принциптері қолданылады:

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсатылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс – әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.

Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығыфның моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шартыдеп қарайды. А.С.Макаренко ұжымда адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып ұйымдастырылған педагогикалық іс – әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды – деп көрсетті.

Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап бере едім” , – деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы келеді.

Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс – әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.

Қорытынды


Дене тəрбиесінің маңызы Қимыл ептілігімен дағдысын қалыптасу жəне дене қуаты қасиетін тəрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол əдісте келіп принциптер д.а. Дене тəрбиесінің маңызы : 1) саналық жəне белсенділік 2) жүйелілік, 3) біртіндеушілік, 4) реттілік, 5) даралық. 2)Саналық пен белсенділіктерін – бұл принциптердің мақсаттары – дене тəрбиеғсі процесінде жаттығулардың сапалы белсенді жəне шығармашылық əрекетерін педагогикалық тұрғыдан бағыттау. Мысалы: балаларға қызықты тапсырмалар беру, марапаттау ойындар өткізу. 3) Жүйелілік – дене қуаты қасиетін дамыудағы жəне қозғалысқа үйретудегі жақсы нəтиже. Мысалы : сабақтар арасында үзіліс болмауы, түрлі жаттығулар үйрену. 4)Біртіндеушілік – орындайтын жаттығулар тəсілі күрделеніп, күш түсіну көлемі біртіндеп өсуін біртіндеушілік деп аталады. Мысалы : оқушылардың мүмкіндіктері тұрақты өсіп отыруы. 5)Реттік - қимыл əрекетке үйрету жəне дене қуаты қасиетін дамыту. Мысалы: жеңілден - қиынға, қарапайымнан – күрделіге. Даралық - дене тəрбиесі процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Мысалы : адамның дайындық денгейі, спортқа деген көзқарас. Дене тəрбиесі жүйесін тарихи қалыптасқан белгі бойынша топтау. Ал бойынша барлық жаттығулар 4 топқа бөлінеді ; а) гимнастикалық жаттығулар, ə) ойын жаттығулары, б) туристік жаттығулар, в) спорттық жаттығулар болды.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, əр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Əркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінəлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, əр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру əрқайсысымыздың дене тəрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды əрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі дене тəрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тəрбиелеу болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі көрсеткіші тəн сұлулығы мен оны қалыптастыру, əрі денсаулығын жақсарту. Əрине, дененің дамуында əлеуметтік мəселе басты орынды иеленеді жəне биологиялық, географиялық жағдайлар белгілі бір дəрежеде ықпал етеді, мысалы: тұрмыстық жағдайдың жақсы болуы бойдың, кеуденің өсуіне, салмақтың артуына əсер етеді. Арнайы іріктеліп алынған дене жаттығуларының көмегімен денені жалпы жетілдіріп, жекелеген дене мүшелерінің қызметін жақсартуға болады. Мен сабақта балаларға арналған қозғалмалы ойындарға көңіл бөле отырып, спорттық ойындарды қызықты ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды төзімді, жылдам, епті болуын дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасын арттырады. Оқушыларды қарсыласын сыйлауға, ойын кезіндегі əділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тəрбиелейді.Дене шынықтыру сабағы мектеп оқушыларының шымырлық пен шыдамдылыққа, сұлулық пен адам баласының тұрақты қалыптасуына жол ашатын спорттың бір түрі. Бұл жас жеткіншектер өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін келтіретін ойын.

Сонымен қатар дене тəрбиесі сабақ барысында жалпы дамыту жаттығуларын кеңінен пайдалану арқылы оқушылардың əскери дайындық дағдыларын да қалыптастыруға болады. Гимнастикалық жаттығуларды өткізуде сапқа тұрғызу əртүрлі болуы мүмкін – лекке, қатарға, жарты шеңберге т.с.с. Ең жақсы нұсқа – балаларды арақашықтықты сақтап сыныптар бойынша тұрғызу болып табылады. Сонда оқушылардың іс-əрекетін бақылау жəне жүктемені реттеу мұғалімге оңай түседі. Дене тəрбиесі сабағында спорт құрал-жабдықтарын пайдалану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге жазу, сурет салу аса қажет болатын қол саусақтарының майда бұлшық еттерін дамытуға мүмкіндік береді. Дене тəрбиесі сабағында өмірлік маңызы бар қозғалыс түрлері -жүру, жүгіру, секіру, лақтыруға үйрету маңызды орын алады. Дене шынықтыру бағдарламасы бойынша жеңіл атлетикадан білім беру арқылы дағдыларын қалыптастырамыз. Жеңіл атлетиканың дағдыларын бойына сіңірген оқушы біріншіден, тез қозғалуға, жылдам шешім қабылдауға, өз діттеген жеріне дер кезінде жететіндігін өмір көрсетіп отыр. Сондай сабағымның тəжірибесін сіздерге ұсынамын. Ауыл мектептерінде қозғалыстың негізгі түрлеріне үйретуде оларды ұйымдастыру жəне үйлестірудің сан алуан əдістері қолданылады. Мысалы: бір мезгілде орындау əдісін пайдалану қозғалыс белсенділігін артыруға мүмкіндік береді. Ол жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларына үйрету, секіру, лақтырудың кейбір түрлерінде т.с.с қолданылады. Қимыл-қозғалыс ойындарын дене тəрбиесі сабағының барлық бөлімдерінде жүргізуге болады. Ойын кезінде оқушылардың жағымды эмоциялық күйі жоғарлайды. Ойын балаларға əрқашанда қуаныш əкеледі, осы себепті тəртібі нашар оқушыларды да ойыннан шығарып тастауға болмайды. Үлкен кеңістікті қажет ететін ойындарды ашық ауада немесе мектептің спорт алаңдарында өткізуге болады, мұнда ойын жаттығулары мен эстафеталар пайдаланылады. Дене тəрбиесі сабағын өткізгенде мұғалімге қауіпсіздік ережелерін сақтау аса қажет. Дене тəрбиесі пəнінің мұғаліміне оқушылардың өміріне жауапкершілікпен қарау жүктеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. https://baribar.kz/student/21419/qazaqstannynh-dene-tarbiesininh-zhuyesi/

2.https://baribar.kz/student/15877/dene-tarbiesin-oqytu-printsipteri-men-zanhdylyqtary/

3. https://baribar.kz/student/11916/dene-tarbiesi/

4. https://stud.kz/referat/show/61131



5.http://edunews.kz/articiles/551-dene-trbies-sabaynda-oytudy-zhaa-tehnologiyalaryn-engzud-timd-zhatary.html

6. http://kaznpu.kz/docs/postupaushim1_1/spec_master/6M010800_kaz.pdf

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет