Тірі вакциналар
Тірі вакциналар - әсерлі заты әртүрлі әдіспен патогендік қасиеті жойылып антигендік қасиеті сақталып қалған, аттенуацияланған (әлсіретілген) микробтардан жасалған препараттар. Аттенуацины микробтың штамына химиялық (мутагендер), физикалық (температура, радияция), не болмаса ауру жұқпайтын жануарларға қайталап егу арқылы жүргізеді. Сондықтан нәтижесінде ауру туғызбайтын, бірақ организмге енгізген кезде белгілі бір жұқпалы ауру түріне қарсы арнайы иммунитет құратын мүмкіншілігі бар заттар пайда болады.
Аттентуация тәсілін ең алғаш Л.Пастер ұсынған. Тәсіл іс жүзінде құтыру, тырысқақ, түйнеме қоздырғыштарында тексерілген. Қазіргі заманда бұл тәсіл өте кең қолданылады. Тірі вакцина ретінде адамға патогендік емес, бірақ адамға патогенді микробтардың антигендеріне ұқсас антигендері бар, дивергенттік штамм деп аталатын түрлерін қолдануға болады. Мысалы ретінде шешекке, туберкулезге (БЦЖ) қарсы қолданылатын вакциналарды келтіруге болады.
Тірі вакциналарға тек қана тұрақтылығын сақтайтын заттар қосылып лиофилдік әдіспен кентіріледі. Тірі вакцинаның өлшемі микроб жасушаларының санымен көрсетіледі. Олар терінің үстіне, терінің астына, бұлшық етке енгізу үшін, немесе ауыз қуысы арқылы қолдануға болады. Әдетте олар бірақ рет егіледі, кебір кезде ғана қайталанып қолданылуы мүмкін.
Өлі вакциналар
Өлі вакциналардың әсер ететін заты - физикалық , не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, температурамен, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады.
Бактерияның, вирустардың антигендік комплексін (гликопротеин, ақуыздар) алу үшін үшхлорлысірке қышқылы, фенол, ферменттер, изоэлектрикалық тұндыру, ультрацентрифугалау, хроматография және де басқа тәсілдер қолданылады.
Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады.
Өлшемі бір антигендік көрсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бұлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |