Реферат Тақырыбы: «Жазғы демалысты ұйымдастыру»



бет4/7
Дата24.09.2022
өлшемі30.34 Kb.
#461221
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Реферат

Лагердің жұмыс мақсаты-жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулықтарын жақсартуды ұйымдастыру. 

Міндеттері:
-уақытша ұжымдағы балалардың денсаулығын қалпына келтіру жүйесін жасау;
-ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;
-оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттықты қалыптастыру;
-оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
-оларда салауатты өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын нығайту;
-балаларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды дамыту;
-мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту.


Лагерь ауысымдарын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер-бұлар:
-барлық шаралардың сөзсіз қауіпсіздігі;
-әрбір адамның ерекшеліктерін ескеру;
-лагердегі барлық адамдардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әркетте өз қабілеттіліктерін көрсету мүмкіндігі;
-күн бойында эмоциялық және дене жүктемелерінің бөлінуі;
-тәрбиешілер мен жетекшілер және лагерде демалушы балалар арасында да міндеттер мен уақыттардың нақты бөлінуі;
-әр санаттағы балалар мен ересектер қарым-қатынасында табысқа жету жағдайын үлгілеу және жасау. 

Бағыттары:көркемдік шығармашылық, эстетикалық, білімдік. 

Әрекет түрлері:еңбектік, дене шынықтыру-сауықтыру, бос уақытты өткізу, үйірмелік. 

Лагерь бағдарламасының мазмұны әрекет бағыттарының кең спектрін ұсынады және әрбір балаға еркін таңдау мен қызығушылық негізінде өзінің даралығын, әртүрлі істерде бірегейлігін ашып, көрсете білуге мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың міндеттері мен әрекет түрлерінің қарқынды өзгеріп отыруы олардың шығармашылығы мен дербестігіне әсерін тигізеді. Үйірмелер мен шығармашылық шеберханалардың жұмыс істеуі де балалардың өзін-өзі таба білуіне, кәсіби негізін іздестіру қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі.Шығармашылық шеберханалар қызметі жазғы мектеп лагерінде қосымша білім беру жүйесін қажет етеді.Балалардың аздығынан педагогтың олармен жеке жұмыс жасау, сабақтан сабаққа баланың ілгері жылжу барысын бақылауға мүмкіндігі болады.Шеберхана жұмыстарын ұйымдастыру оқушыларға өзін бағдарлық жағынан сынап көруге мүмкіндік береді.Нақ осы сынақ балаға ақпарат беріп қоймай, белгілі бір әрекет түрін үлгілеуге, өзінің осы әрекет түрін меңгеруге даярлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.Сондықтан психологиялық –педагогикалық сипаттағы ең үлкен мағыналық жүктеме екінші жартысында болатын –шығармашылық жүктеме. Оның үш құрамы бар, олардың реті өзгеріп отырады, бірақ құрамының өзі өзгермейді:бірінші тестілеу, ол балалардың қабілеттіліктерін, бейімділіктерін анықтауға арналған,екіншісі-балалардың шығармашылық шеберханаларындағы жұмыс бастылығы; үшінші-әрбір сабақтың аяқталғандығы.
Бала ұйымдастыру кезеңінде бірнеше шеберханалар жұмысына қатысып,өзіне ең ұнағанын таңдап алады да ,ауысым бойынша сонымен айналысады.
Әрбір күн ертеңгілік гимнастикадан басталады, ол 10-15 минут жүргізіледі:күн ашық күндері-далада,жауынды-шашынды болғанда-желдетілген бөлмеде. Бұл режимдік сәттің негізгі міндеті (денесін шынықтыру мен дамытудан басқа)-күні бойына жақсы эмоциялық көңіл күй және мықты дене тонусын сыйлау. Қимыл-қозғалыс ойындарына дене шынықтырудың барлық элементтері: жүру,жүгіру,секіру кіреді. Олар балалардың көңіл күйін көтереді, ептілігі мен шапшаңдығын, төзімділігін дамытады, ал ұжымдық ойындар оған қоса достыққа тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет