Реферат Тақырыбы: Жеңіл атлетика түрлері Орындаған: Бекмолда Бақыт Ақтау 2024 Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/4
Дата08.04.2024
өлшемі488.79 Kb.
#497891
түріРеферат
  1   2   3   4
атлетика 4


Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Реферат
Тақырыбы: Жеңіл атлетика түрлері


Орындаған: Бекмолда Бақыт

Ақтау 2024


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Жеңіл атлетиканың пайдасы

  2. Жеңіл атлетика түрлері

  3. «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Ал елімізде алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200 – ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиядалық ойындар 1896 жылдан (1 – Олимпиядалық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес. Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет