Реферат тақырыбы: «Көне мәдениеттер мен өркениеттердің әлеуметтік тарихы және шығу мәдениеті.»



бет1/3
Дата11.02.2023
өлшемі26.76 Kb.
#469412
түріРеферат
  1   2   3
Мұратханқызы Жансая қазақ халқының діни наням сенімдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

РЕФЕРАТ



Тақырыбы: «Көне мәдениеттер мен өркениеттердің әлеуметтік тарихы және шығу мәдениеті. »

Орындаған: Мұратханқызы Жансая 21-Мд-2



Өскемен қаласы
2022 жыл
Көне мәдениеттер мен өркениеттердің әлеуметтік тарихы және шығу мәдениеті.


Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет. Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).

  1. Өркениет-мәдениеттің ақыры,оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. ,Руссо, Ш.Фурье,О.Шпенглер).

  2. Өркениет-мәдениеттің прогресі,болашаққа бой сермеуі,қоғамның парасаттық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл).

  3. Өркениет-тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган).

  4. Өркениет-этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я.Данилевский)

  5. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі,оның материалдық жағы.

  6. Мәдениет пен өркениет бір.Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен.Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінші, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда,бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі- мәдени әрекет. Әрекеттану-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі,тіршіліктің тірегі.Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Орыстың ұлы философы Н.А.Бердяев (1874-1948) өмір бойы бостандық және мәдениет туралы жазды. Ең әуелі ол мәдениет және өркениет мәселелерін бір-бірінен ажыратып қарастырды. Мәдениет және өркениет бір нәрсе емес. Мәдениет табынудан туды. Ол ғибадатхана айналасында пайда болып, өмір бақи дінмен тікелей байланысты дамыды. Мәдениет –зиялы құбылыс. Оның діни негізі бар. Бердяев мәдениеттің негізгі заңы-бірізділік және дәстүр жалғастығы туралы заңын ұсынып отырып, мәдениеттің шығармашылық қасиеті мен жаңа құндылықтарды тудыру, болашаққа ұмтылу сияқты пайдалы жақтармен қатар, оның бойындағы кертартпалық бастауларын да мойындады. Өркениеттің мәдениеттен өзгешелігі- оның зиялы құбылыс еместігі. Ол адамның табиғатпен күресі нәтежесінде, ғибадатхана мен табынудан тыс пайда болды. Мәдениет жоғарыдан төмен қарай жүреді, оның жолы ақсүйектік жол болып табылады, өркениет төменнен жоғарыға қарай жүреді, оның жолы буржуазиялық және демократиялық жол болып саналады. Мәдениет жеке, терең әрі қайталанбайтын құбылыс болса, өркениетке жалпылық және барлық жерде қайталану тән. Мәдениеттің рухы бар, ал өркениеттің тек тек әдістері мен құралдары ғана бар. Мәдениет — өркениеттің (цивилизацияның – латынша civilis – азаматтық, мемлекеттік), адам қоғамының материалдық және рухани байлықтары. Мәдениет адамзат өркениетінің сатыларын білдіреді. Сондай-ақ, мәдени көрсеткіштер жоғарылаған сайын, адам еркіндігі де солғұрлым молая түседі.
Өркениет- қоғамдық қатынастар әрекеті, тәсілі ретіндегі мәдениеттің негізі. Өркениет мәниеттің дамуына жағдай туғызады, ал мәдениет өз кезегінде сол өркениетті жетілдіреді. Өркениет- кең түсініктегі, белгілі бір анық анықтамасы жоқ. Көп жағдайларда өркениет түсінігін материалдық және рухани жетістіктердің қоғамы деп түсінеді. Философияда жаңа кезеңнің түсінігі бойынша өркениет дүниежүзілік тариғи құбылыстардың түсінігін ашады. Қазіргі қоғам өркениетті үш өлшемге бөледі, негізі ішкі қоғамның құралады – техника, әлеуметтік құрылымжәне флософия. Өркениет (лат. civilis –азаматтық,мемлекттік)- осы құндылық материалдық жағдай, рухани және әлеуметтік өмір, халықтардың қасиеттерін белгілі бір уақыт ішіндегі тарихи жетістіктерін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет