Реферат тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі Қабылдаған: Аймагамбетова Казна



бет3/3
Дата25.11.2022
өлшемі20.53 Kb.
#465783
түріРеферат
1   2   3
Реферат Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі Бакирова П.Қ.ПМНО22-2-2

1.«Құпия зат»
Оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен
қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.
2.«Құсты құтқар»
Нұсқау: «Қолыңда кішкентай құстың дәрменсіз балапаны бар деп елестет. Қолыңды алақаныңды жоғары қаратып соз. Енді оны жылыт: баяу қимылмен бір-бір саусақтарыңды алақаныңа жұмылдыр, балапанды алақаныңа тығып қой, оны деміңмен жылытуға тырыс. Алақаныңды кеудеңе бас, балапанға өзіңнің демің мен жүрек жылуыңды бер. Енді алақаныңды аш, балапан аса бір қуанышпен ұшып кеткенін бақыла. Оған қапаланба, қуанышпен шығарып сал: ол саған әлі қайта оралады!»
3.«Құпия»
Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме, моншақ, түйреуіш, сағат секілді… сабақтың тақырыбына сай немесе осы заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)
Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті жалғастырады.
4.«…қатысты 10 сөзді атаңыз»
Оқушылардан нақты бір тақырыпқа, ұғымға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.
5. «Ұйқасын тап» ойыны арқылы баланың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді … (шымшық)
3. Бата алмас түлкі,
Үсті тікен …. (кірпі)
4. Өңеші кең таңдайын,
Дәнге тосты … (комбайын)
Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет