Реферат тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі Қабылдаған: Аймагамбетова Казна



бет1/3
Дата25.11.2022
өлшемі20.53 Kb.
#465783
түріРеферат
  1   2   3
Реферат Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі Бакирова П.Қ.ПМНО22-2-2


Болашақ Университеті
РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі
Қабылдаған: Аймагамбетова Казна
Орындаған: Бакирова Перизат Қайратқызы
Оқу тобы: ПМНО 22/2-2
2022-2023 оқу жылы
Ойын сабақ және оны өткізу әдістемесі
Жоспары:
12.1 Ойын сабақ туралы түсінік
12.2 Ойын сабақты ұйымдастыру жолдары

«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.
Оқыту үдерісін түрлендіру, жаңашылдыққа үндеу үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, сабақтың сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді.
Қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмей, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдерін үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру – біздің басты мақсатымыз.
Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылыстана әрі сапалы орындайтын болады.
Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық. «Ақсүйек», «Көкпар», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Мың бір мақал», «Сергіту сәті», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер».
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет