Реферат тақырыбы: Ойлау және сөйлеу Тексерген: Утеуова А. А. Орындаған: Темірханова Қ. С ақтөбе, 2023 Жоспар



бет5/6
Дата06.05.2023
өлшемі50.87 Kb.
#473306
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Ойлау 4

2.6. Ойлау мен сөйлеудің байланысы.
Ойлаудың психологиялық зерттеулері дамуының бүкіл тарихи жолында ойлау мен сөйлеудің арақатынас проблемасына ерекше мән берілді. Олардың ұсынған шешімдері әр түрлі болады- ойлау мен сөйлеуді бір-бірінен толық бөліп, бір-біріне тәуелсіз қарастырудан оларды біріктіруге, абсолюттік бірдейлікке дейін әртүрлі көзқарастар орын алды. Қазіргі көптеген ғылымда келісушілік көзқарасты ұстанады, бірақ ойлау мен сөйлеу бір-бірімен бөлінбейтін байланыста болғанмен, олар өзінің генезисі бойынша, сонымен қатар атқаратын қызметі жағынан дамығандықтан түрінде тәуелсіз болып табылады. 

Осы мәселеге қатысты қазіргі ғалымдардың талқылап жатқан басты мәселесі-ойлау мен сөйлеудің арасындағы байланыстың сипаты


туралы, олардың генетикалық тамырлары және өзгерістері туралы, өздерінің даму үрдісінде өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл проблеманы шешуге елеулі үлес қосқан Л.С.Выготский болды. «Сөз,-деп жазды ол,-ойлауға қатысты болумен қатар, сөйлеуге де қатысты. Сөз –бұл жеке заттарға, дара аты ретінде жапсырылған нәрсе емес: ол әруақытта да жалпы аталатын зат немесе құбылысты сипаттайды, демек, ойлау актісі ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар сөз-бұл да қатынас құралы, сондықтан да ол сөйлеудің құрамына кіреді». Ойлау мен сөйлеудің әртүрлі генетикалық тамырлары бар. Алғашқы кезде олар әртүрлі қызметті атқарады және бөлек дамыды. Сөйлеудің бастапқы қызметі коммуникативтік қызмет болды, ал сөйлеудің өзі қатынас құралы ретінде адамдардың бірлескен еңбек үрдісінде іс-әрекеті болу және реттеу қажеттілігіне байланысты пайда болды. Сонымен қатар сөздік қарым-қатынаста сөйлеудің беретін мазмұны құбылыстардың белгілі тобына қатысты, сондықтан жалпылама бейнелеуді, яғни, ойлауды қажет етеді. Бірақ, қарым-қатынастың көрсету ишарасы сияқты тәсілі өз табиғатында ешқандай жинақтауды білдірмейді, сондықтан да ойлауға жатпайды. Сонымен қатар сөйлеу мен байланыссыз ойлаудың түрлері бар, мәселен, көрнекілі-әрекеттік (ойлаудың бұл түрі жануарларда болады). Кішкентай балаларда және жоғары сатыдағы жануарларда ойлаумен байланыссыз өзіндік ерекшелігі бар қатынас құралдары байқалады. Тірі жәндіктің ішкі жағдайын бейнелейтін, бірақ белгі немесе жалпылау болмайтын бұл айқын аңғарылатын қозғалыстар, ишара, мимика. Ойлау мен сөйлеудің филогенезінде интеллектінің дамуында сөйлеуге дейінгі кезеңі анық байқалады. Л.С.Выготскийдің айтуынша, бала шамамен 2 жаста, сол сияқты Ж.Пиаженің ойынша да бұл кезеңде ойлау мен сөйлеудің қатынасында қиында түбірлі өзгеріс кезеңі басталады: сөйлеу-интеллектуалдық, ал ойлау-сөздік болады деген. Бұл екі функцияның дамуында түбірлі өзгерістердің басталу белгілері болып табылатын баланың өзіндік сөздік қорының тез және белсенді кеңеюі болып табылады және сондай тез қарқынмен коммуникативтік сөздігі көбейеді. Әрбір интеллектуалдық міндеттерді шеше отырып, бала ауызша ойлай бастайды, ол енді сөйлеуді ойлаудың құралы ретінді пайдаланады. Практикалық тұрғыдан бала үшін сөздің мағынасы түсінікті болады. Бұл деректер тек қана ұғымдарды меңгерудің және ойлау мен сөйлеудің үрдісінде оларды қолданудың белгілері болып табылады.Одан әрі бұл үрдіс, тереңдей отырып, 
біршама ұзақ мерзімге дейін, жеткіншек жасқа дейін жалғаса түседі. Ғылыми ұғымдарды баланың дұрыс меңгеруі кеш іске асады. Бұл кезеңді Ж.Пиаже 
формалдық операциялардың дәуіріне жатқызған болатын, демек, ол жеткіншек жастағы кезең 11-12-ден 14-15-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Ұғымдық ойлаудың дамуының бүкіл кезеңі адамның өмірінде шамамен 10 жылдай уақытты алады екен. Адам ойлауы сөйлеумен бөлінбейтін байланысты. Ойдың тілден тыс, сөйлеуден тыс пайда болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Біз сөзбен ойлаймыз, оларды дауыстап немесе іштей сөйлейміз, ойлау сөйлеу түрінде іске асады. Тіл – бұл сөздік белгілердің жүйесі, адамдардың бір-бірімен қатынас құралы. Сөйлеу-адамдардың қатынас жасау мақсатында тілді пайдалану үрдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет