Реферат Тақырыбы: Өнім сапасын қамтамасыз ету Орындаған: Сейлбек Гулназ Тексерген: Есмаганбетова Айгерим



бет2/6
Дата14.12.2022
өлшемі65.4 Kb.
#467223
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
рк тғқ гүлназ













1.Өнім сапасы туралы түсінік,оны жоғарылатудың маңызы


Өнімнің сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны ─ бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы ─ бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.
Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы. Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді.
Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Сапа ─ бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын және тағы басқа мәселелерді түсінуге болады.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.
Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мәселелер, олар:
өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;
тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;


өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту ─ басқарылатын процес.
Реформа кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мәселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды. Өнімді аттестациялау, стандартизация, оны бақылаудың әртүрлі әдістері болды, бірақ тамақ өнеркәсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты максимизациялауға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді.Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген өнімдердің сапасы европаның және әлемдік стандарттардан едәуір артта қалған.
Өнім сапасын жоғарлату өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де өте маңызды, өйткені жоғары сапалы өнім тек қана сапасы жоғары шикізаттан өндіру мүмкін.
Қойылған мақсатпен байланысты келесі мәселелер анықталады:
өнім сапасы категориясының мәнін және оның нарықтық экономика жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу;
өнімнің сапасын басқару жүйесінің құрама элементтерінің методологиялық тәсілдерін анықтау;
зерттелетін аймақта қазіргі жағдайдағы өнім сапасын басқару мәселелерін және оның бәсеке қабілеттілігін талдау;
теориялық және тәжірибелік материалдарды анықтау және өнім сапасын басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
ұсынылған шараларды енгізуден болатын экономикалық тиімділікті анықтау.
Өнім сапасын жоғарлату, оның жоғары деңгейіне жету ─ шаруашылық механизмнің жетілдірудің , өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды элементі, сонымен қатар оның анықтаушы аргументі сапаны басқарудың нақты механизмсіз жоғары сапаға жетуге мүмкін емес болып табылады.
Халықаралық және отандық тәжірибе, сонымен қатар халықтың төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде зерттеуші сапаға тұтынушы өміріне қауіпсіздік мақсатымен сәйкес келетін мемлекет талаптарын анықтайтын тұтынушы параметрлерінің жиынтығы ретінде қарайды.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі.
«Өнімнің сапасы» түсінігінің объективтік трактовкасы сапаны жақсарту мәселесін қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, қорытынды жақсы қаржылық көрсеткіштерге жету мәселесін шешумен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл өнім сапасы мәселесін нарықтық қатынастардың дамуының және өнім сапасын әлемдік стандарттарға бағыттануы жағынан қарастыруға мүмкіндік береді.
Еуропалық сапа ұйымы (ЕСҰ) сапа түсінігін кеңірек қарастырады. Тұтынушылар және халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан жоғары технологиялық, эстетикалық қасиеттерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге оның өндіруіне және тасымалдауына аз шығын кетіру маңызды болып табылады. Яғни, өнім сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын оның барлық қасиеттерінің жиынтығы.
Белгілі бір қажеттіліктерді толығымен қанағаттандыру позициясынан онім сапасын жоғарылату мәселесін зерттеу өнім сапасы және өндіріс тиімділігінің анализін талап етеді.
Сапа қасиетінің көрсеткіштер
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар:
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.


Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет