Реферат тақырыбы: Педагогика тарихы. Орындаған: Рысбекова. Н қабылдаған: Жұмабай. М.Ә



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі53.18 Kb.
#450681
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Педагогика тарихы

зерттеу нәтижесі мен сапасын бағалау әдістері, т.б.

Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасында (әдіснамалық тұғыр, ұстаным, мәселелер, тарихи- педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық қызметтері мен әдістері) тағы бір ескеретін жәйт зерттеудің тарихи көздері (мәдениеттің өнімдері, адам әрекетінің объективті нәтижесі) барлық гуманитарлық ғылымдар үшін ортақ болып келді де, олар ғылымаралық зерттеулердің негізін құрайды, тарихи-салыстырмалы зерттеудің пәніне айналады. Қазіргі уақыттағы әдіснаманың көптігі (полиметодологизм), тарихи білімді гуманитарландыруға ұмтылу, интеграциялық үрдістердің күшеюі тұсында тарихи- педагогикалық зерттеудің зерттеу көздері арқылы бағалануы негізделуде, тарихи- педагогикалық зерттеу көздері де зерделенуде. Сондай-ақ, тарихи- педагогикалық дерекнама, тарихнама, тарихи- педагогикалық объектіні сапалық және сандық сипаттау, тарихи- педагогикалық дәйек, құбылыс, үрдіс, жеке тұлғалардың жігін ажыратып, олардың шындықпен бағалануы ең маңызды әдіснамалық мәселелер болып отыр. Тарихи- педагогикалық зерттеулер жіктемесі де жасалуда: жалпы педагогика тарихы, дидактика тарихы, мектептану тарихы, тәрбиенің әр түрлі салаларының тарихы; орта және арнайы, жоғары, кәсіптік- техникалық білім тарихы; әр түрлі педагогикалық мәселелер, ағымдар, бағыттар, білім мекемелері тарихы; жеке тұлғалардың тарихы және т.б. Әлі де педагогика тарихында зерттелетін және зерделенетін мәселелер көп-ақ. Педагогикалық құбылыстың мәніне нақты тарихи көзқарас қалыптасып аяқталған жоқ. Өйткені, тарихи-педагогикалық зерттеулердің талдану жүйесі көбінесе мемлекеттік идеологияның талаптарынан асып кете алмады, себебі идеология білім мекемелерінде доктрина есебінде іске асырылмады. Кеңес үкіметі кезінде таптық күрес доктринасы басым болды. Соңғы уақытта тарихи- педагогикалық құбылысты ұлттық идея тұрғысынан бағалау, ой елегінен өткізу жолдары ұсынылуда. Ұлттық білім беру жүйесі – әлемдік білім беру жүйесінің бір бөлігі. Көп уақыт педагогика тарихында партиялылық, әлеуметтік -таптық, мәдени-тарихи тұғырлар педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, нәтижелерді талдауда бірден-бір басшылыққа алынған бағдарлар ретінде орын алды. Әрине мұндай жағдайда тарихи-педагогикалық білім мен мәліметтердің бұрмалануы да орын алды. Педагогика тарихы кейде ұлттық мүддеден тыс қарастырылды, негізінен Батыс Европа мен Ресей педагогикасының тарихы мысалында зерделенді. Дегенмен, тарихи-педагогикалық үрдіс нағыз ғылыми тұрғыда қарастырылып, зерттелуі қажет-ақ.

Бүгінгі күндегі мектептегі білім берудің дамуы олардың негізі болған кешегіні білмей, даму бағытын, заңдылықтарын білмей дұрыс түсінуге және бағалау мүмкін емес. Тарихи–педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кешегі тарихымыз бүгінгі күннің педагогикалық құбылыстары мен жүйесінің негізін құрады.

Тарихи-педагогикалық әдіснама тұтас тарихи- педагогикалық процестің құрылымының сипаты мен құрамдас бөліктерін объективті ғылыми- тарихи зерттеуді талап етеді. Осы жағдайда ғана, тарихи педагогика өз қызметін атқара алады: а) теориялық танымдық; б) әлеуметтік-аксиологиялық; в) дәлелдік-сындық; г) эвристикалық-прогностикалық; д) тәрбиелік; ж) дәлелдеушілік және өлшемдік.

Осылайша тарихи-педагогикалық және қазіргі тарихи-педагогикалық үрдіс тұтастай уақыттық компоненттерді құрайтын ішкі тұтастықпен анықталады. Өткен тарихи педагогика – қазіргі кез – педагогикалық болашақ, олардың ешқайсысы бөлек оқытылып нәтиже әкелмейді.

Ерте дүние тарихына жаңа әдіснамалық көзқараспен қарау дегенде, бұрынғы кезеңдегі қоғамдық құбылыстардың ерекшеліктерін ескеріп ғылыми айналымға түсіргенде, зерттеушілер сол кездердегі қоғамдағы қайталанбас жекелеген құбылыстардың, бүгінгі өмір жағдайына байланысты өлшемдермен сәйкес келмейтін өзгешеліктеріне ерекше саналы қарап, оны ғылыми талдауда ескеруі тиіс.

Қазақстан Республикасы көп ұлтты ел болғандықтан, бірлік пен келісімге құрылған мәдениетті тұлғаны тәрбиелеуде, тек жеке тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық мәдениетін дамытумен ғана шектелмей, субъектінің қоғамдық құндылығын тәрбиелейтін міндеттерін – ізгілік, бұқарашылық ұстанымдарынақұру қабілеттері дамытылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет