Реферат тақырыбы: Құрылыс материалдарының сапасын бағалау Орындаған: псм-21-1 оқу тобының білімалушысы Алдашов Нұрхан



бет1/5
Дата12.11.2023
өлшемі27.66 Kb.
#483048
түріРеферат
  1   2   3   4   5
құрылыс сапасын анықтау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ПРОЦЕСТЕР МЕН АППАРАТТАР
ПӘНІНЕН
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Құрылыс материалдарының сапасын бағалау

Орындаған:ПСМ-21-1 оқу тобының білімалушысы Алдашов Нұрхан

Қабылдаған: Жакыпова Гулнур Мухамеджанова


Қызылорда 2023


Жоспар
Кіріспе
1. Құрылыс сапасы мен қауіпсіздігі
2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету жолдары
3. Ғимаратты және жабдықты қолдануға қабылдауды ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға және оның нәтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық және сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін және талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.


Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда бухгалтерлік есеп пен аудит әдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті құрылыста ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитін ұйымдастырудың теориялық және тәжірибелік негіздерін, құрылыс-монтаж жұмыстарының есептеліну тәртібін зерттеу, ішкі аудит қызметін ұйымдастыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысындағы жұмсалған материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаудың қажеттілігі мен маңыздылығы диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсатын, міндеттерін және ғылыми зерттеудің өзектілігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік берді.
Еліміздегі құрылыс саласының соңғы жылдары жедел қарқынмен дамуына қарамастан, құрылыстағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру мәселелеріне арнап жазылған ғылыми еңбектерді жоқ деуге болады. Сонымен қатар құрылыс саласында есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерін зерттеп жүрген еліміздің ғалым-экономистерінің еңбектерінде құрылыстағы есеп тақырыбында жалпы сұрақтар қарастырылғанымен, құрылыс саласындағы кәсіпорындардың ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне арналған сұрақтар терең зерттелмеген, сонымен қатар құрылыс ұйымдарында ағымдағы активтерінің есебі мен ішкі аудитіне соның ішінде материалдық қорлардың есеін ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыдан нарықтық экономикаға көшуге байланысты жан-жақты қаралмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет