ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Реферат
Тақырыбы: «Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер»
Орындаған: Сәрсенбай Д
Тобы:ЕП-23-13к1
Қабылдаған: Бегім А
Шымкент 2024 ж
Жоспары
Кіріспе
1. Саясаттың пайда балуы.
2. Саясаттың мәні.
3. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.
4. Саясаттың субъектілері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Адамзат қоғамы жүріп өткен тарихи ұзақ жолда, бугінгі заманда, жоғарыда айтқанымыздай, елдердің, халықтардың тағдырында саясаттың ролі аса үлкен. Ол адамзат тіршілігінің түп тамырларымен етене байланысты. Сондықтан да саясат деген не, оның мәні, табиғаты қандай, неге ол саясаттану деп аталатын ғылым саласының арнайы зерттеу обьектісіне айналып отыр деген сұрақтар өте маңызды. Карастырып отырған тақырыбымыз осы мәселелерді қамтиды:
1. Саясатшң пайда балуы.
2. Саясаттың мәні.
З. Саясаттың қоғамның басқа салаларымен байланысы.
4. Саясаттың субъектілері.
1. Саясаттың пайда балуы.
1. Саясат - түп тамыры терең, сан кырлы, қатпарлы, күрделі құбылыс. Саясат туралы ғылым тарихында оның пайда болуын, ішкі мәнін әртүрлі қырынан көрсетуге ұмтылған көптеген теологикалык, натуралистік, әлеуметтік, сыншыл-рационалдық деп аталатын және т.б. ағымдар, түсініктер мен көзқарастар қальптаскан.Олардың бәрін жіктеп жатпай-ақ саясаттанудың, әлеуметтік процестерді, сан ғасырлық саяси даму тәжірибесін саралаудағы ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, саясаттың пайда болуы мен мәніне бірден көшейік.
Бізді қоршаған табиғи ортаның, өзгеруі мен дамуы объективті зандылықтарға бағынатынын білеміз. Ол зандылықтар адамнан, оның санасынан тысқары, тәуелсіз. Сондай-ак, қоғамнын өзгеруі мен дамуы да объективті зандылықтар негізінде жүріп отырады. Бірақ, қоғамды құраушылар да, жасаушылар да, адамдар. Олар саналы түрде алдарына мақсат қояды, іс-әрекет жасайды, дүниені, тіршілікті өзгертуге ұмтылады, сол жолда өзара карым-қатынасқа түседі, топтасады. Крғам өміріндегі объективті зандылықтар, адамдардың іс-әрекеті, тіршілік тынысы аркылы күшке еніп, көрініс табады. Саясат құбылысы қоғамның осы мәнінен, осы ерекшелігінен туындап, бастау алады. Басқаша айтканда, саясат -алдына қойған мақсаты бар адамдардың белсенділігінен туындайтын, олардың талап-сұранымдарынан бастау алатын құбылыс.
Алғашқы қауымдық қүрылыс тұсында саясаттан, кейбір нышандары гана пайда болады. Бүл кезенде адамдар арасындағы карым-қатынас - негізінен қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысынан реттеліп отырады. Кейіннен, уақыт озған сайын материадық өндіріс күрделілене түседі, қоғамның жіктелуі күшейеді, адамдар коғамдағы орнына, материалдык жағдайына, мақсат-мүдделеріне карай топтаса бастайды, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас қайшылықты сипатқа ие болады. Бұрынғыша, салт-дәстүр, немесе діни наным шеңберіңде ол қатынастарды реттеу мүмкін болмайды. Адамдар мен топтар арасындағы қатынастарды реттей отырып, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтай алатын әлеуметгік күштің, билік тұтқасының пайда болуына деген объективті кажеттілік туады.
Сөйтіп, қоғамдағы орнына, материалдык, жағдайларына 1-байланысты адамдардың топтасуы, ортақ маңызды мүдделерін корғауға және іске асыруға ұмтылуы, олардың арасындағы қарым-катынасты реттеу қажеттігі билік тұтқасын өмірге әкеледі. Осы негізде қоғамньщ саяси қатынастары қалыптасады. Саясат түрлі топтардың қоғамдық хағдайларынан туындайтын түпкілікті мүдделерді іске асыруға байланысты және оған билік тұтқасы тарапынан әсер етуді, кірісуді қажет ететін жерде, сол арқылы коғам тұтастығын сақтау керектігіне орай өмірге келеді.
2. Саясаттың мәні.
2 Саясатгьң негізіңде топтасқан адамдардың түпкілікті мүдделері жатады. Ол мүдделерінің мәні - адамдардың қоғамда алатын орнымен, материалдық жағдайларымен, өндіріс кұрал-жабдыктарына меншікті тұрғыдан катынасымен анықталады. Ендеше түрлі әлеуметтік топтардың, жағдайын, орнын мүдделерін өз мәнінде бейнелеу арқылы САЯСАТ-ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ФОРМАСЫ (нысаны) болып табылады. Әрине, мүдделер сан алуан. Онық бәрі саяси мәңді емес Саяси мәнді мүдде түпкілікті әрі терең. Ол адамдардың қоғамдағы жағдайын, тіршілігінің мәнін, көкейтесті талап-сүранымын, негізгі мақсатын бейнелейді. Түпкілікті мүддесін анық ұғынып сезінген адам, немесе топ қана саяси процеске белсене араласа алады.
Сөйтіп, саясаттың объективті негізі - талап-сұраным, түпкілікті мүдде. Ал оның субъективті негізі - билік тұтқасына ұмтылу, оны өз муддесін іске асыру мақсатына пайдалануға тырысу. Бұл тұрғыдан алғанда саясат - түрлі әлеуметгік топтар мен ұйымдар арасындағы билік тұтқасын жеңіп алуға, оны ұйымдастыруға, қоғам мен мемлекет ісін жүргізуге және мүдделерін іске асыруға байланысты ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР жинтығы.
Саясаттан. мәні түпкілікті саяси маңызды мүдделерді нақтылаумен, сал негізде мақсатгар жүйесін анықтаумен және түрлі әлеуметтік топтар мен ұйымдар арасындағы билік тұтқасына қатысты карым-катынастарды саралап реттеумен шектелмейді. Ең маңыздысы - топ және ұйым мүшелерін мақсат-мүдделерді іске асыруға жұмылдыру, яғни белсенд іс-әрекет жүргізу. Сондықтан да саясатты- тупкілікті мақсат-мүдделерді іске асыруға, түрлі топтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, қоғам кұрылымын сақтауға және ары қарай жегілдіре түсуге, билік түтқасын пайдалануға бағытталған ерекше ІС-ӘРЕКЕТ ТҮРІ деп қарауға болады. Осы айтылған саясаттың, үш қырын жинақтай келе мұндай қорытьнды түюімізге балады: САЯСАТ ДЕГЕНІМІЗ - түрлі әлеуметтік топтар,-ұйымдар мен мемлекеттер қоғамның өзгеру және даму процесінде басшылыкқа алатын, олардың түпкілікті мүдделері негізіңде қалыптасқан мақсаттар жүйесі және осы мақсаттарды іске асыру үшін билік тұтқасын пайдалану жолындағы олардың қарым-қатьнасы мен іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |