Гулимус бастайды и озы айтады, билгенин истейди ок?



бет1/3
Дата24.10.2023
өлшемі498.21 Kb.
#481514
  1   2   3
Темперамент


Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттеріннен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол – адамдардың эмоциялық қозғалыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Сонымен қатар, психиканың күші мен тереңдігінен адамның өжет алғыр болуын байқауға немесе керісінше, сылбыр, жігерсіз болуын байқауға болады. Адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, ал эмоция сезімдерінен сабырлы, күйгелікті байқауға болды. 

Гулимус бастайды и озы айтады, билгенин истейди ОК?


Темперамент типтері: Гиппократ бойынша

  1. Холерик

  2. Флегматик

  3. Меланхолик

  4. Сангвиник 



  • Холерик – қарым-қатынасшыл, эмоцияналды, аздап қызбақанды. Холериктер жоғары дәрежедегі, іс-әркекетте өте жылдам қозғалғыштық, уайым-қайғыда өте қатты эмоцияналды, конфликтілі жағдайларда ашушаң, ұстамсыз.

  • Флегматик – эмоциясы, қарым-қатынасы, қимыл-қозғалысы баяу типтегі адамдар. Олардың қабілеті мен зейіні жақсы дамыған. Олар жәй, салмақты, тұрақты, өз әдет-ғұрпын өте жай өзгертеді. Үнемі жақсы көңіл-күйде жүретіндігімен ерекшеленеді.

  • Меланхолик – аздап әсершіл, қарым-қатынасшыл емес, және өз-өзіне сенімсіз тип. Ол қозғалғыштығының және сөйлесу белсенділігінің төмендігімен, жоғары дәрежедегі эмоционалдылығымен және әсершілділігімен ерекшеленеді. Ішкі қайғы-мұңға әсершіл болып келеді. Көбінесе меланхоликтер творчестовалық әрекеттерде көрінеді.

  • Сангвиник – ұстамды, салмақты, тұрақты тип. Қабілеттілігі, зейіні жақсы дамыған. Сангвиниктердің белгілі бір мақсатқа жетудегі белсенділігі өте жоғары деңгейде. Бұл типтегі адамдар қарым-қатынасшыл, қозғалғыш, жағдаятқа тез бейімделгіш, сәтсіздіктерді оңай жеңе біледі.

Темперамент типтері: Э. Кречмер «Дене бітіінің теориясы» бойынша

  1. Лептосоматик – нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тегіс келген омырауымен сипатталады. (тар-мықты, қол-аяқтары ұзын және жүдеу келеді)

  2. Пикник – өте толық келген, орта және шағын бойымен, үлкен ішімен және қысқа мойынды дөңгелек басымен сипатталады.

  3. Атлетик – күшті дамыған бұлшық етімен, мықты дене бітімімен, ұзын немесе орта бойлы, кең мықты, тар жамбасымен ерекшеленетін адамдар.

  4. Диспластик – дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылымымен ерекшеленетін адамдар.И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін гено атады, демек тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі – бұл жүйке жүйесінің табиғи туа біткен қасиеті, бірақ өмір және іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін. Жүйке жүйесінің типі адамның мінез-құлқына ерекшелік береді. Адамның барлық келбетіне өзгеше із қалдырады.








Темпераментті анықтау әдістері:


  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет