Реферат тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық құбылысының тарихи бастауы»



бет1/4
Дата30.09.2022
өлшемі65.06 Kb.
#461664
түріРеферат
  1   2   3   4
РЕФЕРАТ




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлық құбылысының тарихи бастауы»



Орындаған: Конкыбаева. С. М
Тексерген:
Сейлханов Ж. Д

Астана қаласы. 2022 жыл



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...........................................................................................................3
1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒУ
ТАРИХЫ .......................................................................................................4
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН
КҮРЕС ...........................................................................................................8
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................11


КІРІСПЕ
«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.Сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді, елдің имиджін, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастыққа халықаралық мүдделілікті төмендетеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады:
- сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар;
- сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс;
- халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ;
- әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды;
- жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген.
Бұл баяндамамда мен сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы жайлы, оның қай кезеңдерден бастау алғаны туралы баяндадым. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет