Реферат Тақырыбы: «Стрептококкозды балау және індетке қарсы шаралар»



бет11/13
Дата04.01.2022
өлшемі498.4 Kb.
#454480
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Індет СРС-1 курс-5

Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін жұқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі.Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.

Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, инфекциялық анемия, т.б. жатады.Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бұл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет