М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Тұлғаның заманауи мәселері
Орындаған:Жұмабай Ақжан
Қабылдаған:Оралымбетова Гүлжанар
2022-2023 оқу жылы
Тұлға психологиясының жалпы мәселелері
Жалпылай алғанда тұлға – сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз-
өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді.
Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады. Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне:
интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық,
конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның
атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының
деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады – бастапқыда тұлға басқа екі
қозғаушы күшпен қатынасына байланысты.
Тұлғалық-орталықтанған бағдардың
орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай
алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге»
деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын
қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес».
(Лэндрет Г., 1994,).
Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы – әсіресе басқа
адамдарың әлемімен – өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады.
Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К.Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П.Тиллих, К.Роджерс...,1994, 136б.). Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті –өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол балалық шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы
сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым-
қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады. Тұлғалық өсу.
Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда – белгілі-бір
білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға
пайдалы»,құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін
қабылдау емес. Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір
позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады. Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады. Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық
тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен
қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса.
Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі
көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады.
Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу
пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер – олардың құрылымы,
бағдары, динамикасы – тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере
алады және оның критерийлері ролін атқарады.
Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен
қатынасына да (интерперсоналдылық), сыртқы өмірмен қатынасына да
(интраперсоналдылық) байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады. Олардың ішінде маңыздылары :
Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері:
Достарыңызбен бөлісу: |