Реферат тақырыбы:«Жылқыларды азықтандыру ерекшеліктері»



бет1/4
Дата23.12.2022
өлшемі27.23 Kb.
#467806
түріРеферат
  1   2   3   4
селекция 13апта (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:«Жылқыларды азықтандыру ерекшеліктері»

Тексерген:аға оқытушы Касимова Г.В.


Орындаған Вт-33 топ студенті Кабдыгалиев А.К.

Орал-2022


Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Жылқыларды азықтандыру кезінде ескеру қажет негізгі ұсыныстар

  4. Жылқы диетасы

  5. Спорттық және жұмыс аттарын азықтандыру

  6. Асыл тұқымды бие мен айғыр өсіру

  7. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Жылқы табиғаты бойынша жайылымда ұзақ тұруға және жайылымда қоректенуге бейімделген өте төзімді жануар. Дегенмен, бұл жылқыларды үйде ұстау кезінде олардың диетасына назар аудармау керек дегенді білдірмейді. Малдың мақсатына қарамастан, ол жұмыс істейтін, спорттық жылқы немесе асыл тұқымды айғыр болсын, диетаны жануарлардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қатаң түрде жасау керек.
Жылқы малы біздің республикамызда ежелден өсіріліп, жан-жақты пайдаланылып келе жатқан төрт түліктің бірі. Жылқы күйіс малы емес, дегенмен, өсімдік тектес азықтарды жақсы жеп, қорытады, оған жылқының ұзындығы 150 метрге жететін тоқ ішектеріндегі микробиологиялық процестер де жақсы жәрдемдеседі. Оған қоса жылқы тұяқты мал ретінде жайылым отын тыңғылықты теріп жесе, қыста тебіндеп жайылады. Сондықтан оларға қосымша азық аз жұмсалып, арзан да, сапалы өнім алынады. Жылқы қарынының сыйымдылығы небәрі 14-16 л. Өңеш қарынға тура жалғасқандықтан, қарынға түскен азық, не жиналған газ кері қайтпайды — қарын керілсе, өңештің түп жағы жабылып қалады. Сондықтан жылқыны азықтандырудың тәртібін сақтап, азықтарды белгілі бір ретпен беріп, суару ережелерін мұқият сақтаған дұрыс. Өйткені жылқы азықтандыру тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді. Сонымен бірге микробиологиялық процестерді күшейтетін шырынды азықтарды шамадан тыс көп бергенде, ас қорыту мүшелерінің жұмысы бұзылып, жылқы — «Өлі тию» ауруына шалдығады, себебі қарын-ішектердегі жын дұрыс жүрмей, ашу-шіру процестері басталады, соның салдарынан газдар, улы заттар жиналып, іші кеуіп, түйнек, шанышқақ жабысады. Бұл жылқыны дұрыс азықтандыру мен суарудың мәні зор екенін көрсетеді. Атты азықтандыру. Жылқының басқа ауыл шаруашылық малынан ерекшелігі — оларды жұмысқа қолданады. Сондықтан, бұл ерекшелік олардың ас қорыту және зат алмасу процестеріне әсер етеді. Жылқыны жұмысқа қолданғанда, олардың зат алмасу процесі артып, ағзада қорланған қоректік заттар (гликоген, май, ақуыз) пайдаланыла бастайды. Жұмысқа пайдаланылатын жылқы азықтың сіңірілетін көмірсуын жеткілікті мөлшерде алып тұрғаны жөн, себебі тәуліктік азық рационында крахмал мен қант жеткіліксіз болса, ауыр жұмыста олар өз денелерінің қорын жұмсайды, ең алдымен гликоген, сосын май қолданылады, егер олар энергия балансын теңестіруге жеткіліксіз болса, ақуыздары ыдырап пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет