Қарағанды медицина университеті
Морфология және физиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: Бұлшықеттердің және басқа қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Тітіркену заңдары. Қозғыштықтың өлшемдері
Орындаған: Мұхамеджан Ерасыл Аманбекұлы
Тексерген: Сарсембаева Шолпан Шайменқызы
Топ: Жалпы медицина 1-017
Қарағанды қаласы
2022-2023жж.
Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері
Тірі организмде тіндерді қозғыш және қозбайтын деп екіге бөледі. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездерде болады, ал қызбайтын тіндер қатарына дәнекер тін, шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен зерттейді.
Қозу мен қозғыштық
Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Ол өте күрделі құбылыс болып келеді. Ол көбіне физиологиялық, биохимиялық және марфологиялық құрылымдық өзгерістерімен сипатталып келеді. Тін қозғанда, оның физиологиялық қасиеті – қозғыштығы өзгереді, жалсушалардың мембраналық шамасы әрекет потенциалына айналады. Әрекет потенциалы қозудың ең көрнекті белгісі болып келеді. Яғни қозу үрдісінің туғанын әрекет потенциалының пайда болғанын білуге болады. Осыған орай жылу шығару деңгейі артып, қимыл әрекеттері туады. Мысалы, ет тіні қозу салдарынан ширығып жиырылады. Сондай-ақ қозған жасушаның протоплазмасы золь қалпынан гельге айналып, онын тұтқырлығы өседі, миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин протофибрилдерінің арасынан өтіп, ет талшықтары қысқарады, оның көлденең жолақтығы жоғалыды. Қозған тін өзінің қызыметін атқара бастайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады. Сонымен қозатын тіннің тітіркендіруге жауап беру қабілеті – қозғыштық, ал оның жауабы қозу үрдісі.
Қозғыштықтың кезеңдері
Тіннің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Алдымен қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп әдеттегі қалпына келеді де, жоғарылап барып, қайта төмендеп, қозу үрдісі аяқталарда бұрыңғы тыныштық кезіңдегі қалпына келеді.
Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады. Қозғыш құрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады. Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді. Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жауап әсерленісі туу үшін тітркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болу қажет. Бұл кезең аяқталғаннан кейін қозғыштық қасиет жоғарлайды, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиеті осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді.
Бұл кезеңде тітіркендіру табалдырығынан төмен болса да тін оған жауап бере алады. Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан төмендейтін кезі субнормалды кезең деп аталады. Осылай әрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғыштық қасиеті бұлшықеттің аталған кезеңдері бірінен соң бірі қайталанып отырады. Қозғыштықтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады. Қозғыштық кезеңдерінің ұзақтығы әр тінде әртүрлі.
Қозу белгілері
Физиологиялық тыныштық
Ұлпалар мен мүшелердің әрекеті 2 түрде байқалады: қозу және тежелу деп бөледі.
Қозу – тітіркендіру салдарынан тірі ұлпалардаң әрекетті, белсенді, белгілі бір қызымет атқара алатындай жағдай қозу пайда болу үшін қозғыш ұлпалар тітіркенділу қажет.
Тітіркенгіштік – тірі құрылымдардың тітіркендіруге жалпылама реакциялармен беретін жауабы.
Қозғыштық – тірі құрылымдардың тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен жауап беруі.
Лабильдік – айырықша ритмді тітіркенгішке тірі ұлпаның айрықша ритмді жауап беру қасиеті.
Тітіркенгіштік
Әр тірі торшалар мен ұлпалардың жалпы тітіркендіруге жауап беру қасиеті.
Тітіркенгіштік – жануарлар мен өсімдіктер торшаларына тән реакция; тітіркендіруге зат және энергия алмасу процесінің өзгеруімен беретін жауабы.
Оның әсерімен клеткалармен ұлпалардың өсу және көбею процестері атқарылады. Бұл қасиет арқылы тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді.
Тітіркендіргіштердің классификациясы
Энергиялық табиғатына қарай 3-ке бөлінеді: химиялық, физикалық, биологиялық.
Химиялыққа: қышқылдар, сілтілер, тұздар, улар т.б.
Физикалыққа: механикалық, жлектрлік, термиялық, дыбыстық, сәулелік, рентген т.б.
Биологиялық: гормондар, микробтар, вирустар т.б.
Биологиялық маңызына қарай адекватты және адекватсыз болып бөлінеді.
Қозу процесі шектелген және шектелмеген деп бөлінеді.
Шектелген – тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болғанда туындайды.
Шектелмеген – тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болғанда туындайды.
Адекватты – аталған тітіркендіргіштердің биологиялық құрылымдарға шынайы жағдайдағы әсері, оларда арнайы сезімталдық және қабылдаушылық өте жоғары болады (көздің жарыққа, құлақтың дыбысқа және т.б.).
Адекватты емес – арнайы бір мүшеге қалыпты тітіркендіргіш пен әсер еткенде оған жауаб байқалмайды, ал тітіркендіргіштің күшін арттырып және уақытын ұзартқан кездегі жауабты айтамыз Адекватты емес тітіркендіргіштер ретінде физиологиялық тәжіриебеде электрлік тітіркендіргіштерді қолдану ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |