Тақырып: М.Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия
Орындаған:Нурмуханова Торғын
Қабылдаған:Бисенбаев Пазылбек
Жоспар: 1.Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы,насихатшысы
2. Махамбет – қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қарғысын батыл да ашық айтқан ақын
3. Махамбет өлеңдері
4. Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы
5. Махамбет поэзиясы тілінің лексикасы
Мұхтар Әуезов зар заман ағымы XVIII ғасырдың орта тұсында басталып, XX ғасыр басына шейін жайылған, XIX ғасырды тұтас қамтыған аса айқын әдеби арна болғандығын, оған XIX ғасырдың «бір сарынмен өлең айтқан» ақындарының барлығы кіргендігін айтты. М. Әуезов дәуір ақиқаты туғызған үлкен әдеби ағыстың жалпы әдеби үрдістегі құбылыстармен тоғысу, сабақтастық жөнінен аса ықпалды ағым болғандығын атап көрсетеді. «Бұқар жыраудан соң XIX ғасырдағы зар заман ақындарының басы - Махамбет. Одан кейінгілері Шортанбай, Мұрат, Алтынсарыұлы, бұлардан соңғы бір буын Абай мен тұстас ақындар». Нарманбет,Шернияз, Досқожа, Күдеріқожа, Ығылмаңдардың заманы Абылай заманы емес, енді іс қана қалған, алыстан толғап, ойға тартамын деп отыруға болмай қалған заман екенін ұғындырады. «Бұқар жырау заманынан келе жатқан бұрынғы әлеуметшілдік, ойшылдық сарынына Махамбет заманында ісшілдік қосылса, кейінгі ақындардың тұсында жаңа әсер сияқты болып дін мен мәдениет исі кіре бастады». Мұхтар Әуезов «жүз жылдық әдебиеті»(М.Ә.)үш кезеңге бөліп, әр уақыттың өзіндік ерекшелігін, ортақ сарын аясындағы өзгерістерін атап-атап көрсетіп отыр.