Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013 жыл



Дата11.06.2016
өлшемі337.68 Kb.
#128767
түріРеферат
ӘОЖ 616-002.73:616.157:611:579
Қолжазба құқында

Сирбаева Гүлзира Жанболатқызы

Адам организмінің функционалдық көрсеткіштеріне лепра микроағзаларының әсері
6М060800 – Экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлы технологиялар институты

«Химия және экология» кафедрасында орындалды.



Ғылыми жетекшісі:


ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Өтесінов Ж.Ө




Ресми оппонент:

ҚРДСМ мемлекеттік санитарлық эпидемеологиялық қадағалау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының міндетін атқарушы, м.ғ.к. М.А.Жубатканов

Қорғау 2013 жылы «7» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады (120014, Қызылорда, К.Байсеитова көшесі №100)


Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Арал өңірінің территориясы экологиялық тұрғыдан зардап шегуде. Оның басты себептері осы региондағы үлкен су бассейіні. Су бассейіннің төмендеуінен және құрғауынан, сонымен қатар ғарыш айлағынан бөлінетін улы заттар мен токсиндер, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қатты әсер етуде және олардың өнімділігі төмендеумен қатар кейбір түрлерінің жоғалып кету қауіпі да күннен күнге өсуде.

Жұмысымның өзектілігі Республика, тіпті Азия бойынша экологиялық тұрғыдан адамдардың арасында аса қауіпті жұқпалы ауру қоздырғышының биологиясын ауру тудыру механизмі тек қана белгілі бір аймақта пайда болуын зерттеу. Тұжырымдарға келу адамзатты қауіпті аурудан қорғау мәселесі туындайды. Бұл үлкен экологиялық мәселе.

Оған қоса көп жылдар бойы экономика және мәдениеттердің дамуы өте төменгі дәрежеде болғандықтан санитарлық жағдайларда төмендей бастады. Осы регионның Қызылорда облысы көлемінде көп жылдан бері әртүрлі функциялық және органикалық өзгерістерге ұшырататын инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың таралуы да етек алып кетті. Экологиялық жағдайларға байланысты соның тікелей әсерінен бауыр аурулары, асқазан, жүрек және зат алмасу процесіне байланысты аурудың түрлері көбейді.

Ал кейбір жұқпалы індеттерден адамдар, жануарлар арасында көбеюі экологиялық процестің зардабынан екені жасырын емес. Көп жылдан бері белгілі болған адам арасында тараған індет ауруының бастысы лепра болып есептеледі. Тарихи жағдайынан бұл аурудың белгілі болуы Д.Ф.Решетилло (1904) зерттеуіне сәйкес бұл ауру ошағы Республикамыз бойынша Сырдария және Амудария құяр сағасына жақын жерлерде деп есептелінеді. Дегенмен бұл көзқарас әлі де талас тудыруда. Бұл аурудың қоздырғышы белгілі болғанымен алдын алу шаралары жеткіліксіздігінен әлі де болса таралуда. Негізгі лепра ауруының жұқтыру көзі осы аурумен ауырған адамдар әсіресе өзінің ауруын жасырып адамдармен қарым-қатынаста және контактыда болуымен сыртқы ортаға таратылуынан көп мүмкіндік туғызады. Облыста арнайы мемлекеттік маңызы бар лепра ауруынан сақтауға және емдеуге стационарлық жабық типтік аурухана ұйымдастырылған.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Республика территориясында аса қауіпті ауру қоздырғышы Гансен микобактериясының таралуы және соның салдарынан аурудың ағзасында жасушалық өзгерістерінің динамикасы зерттеу экологиялық жағдайға байланыстылығы ешқандай дау туғызбайтыны белгілі. Қан жасушаларының өзгерісін зерттеулері жүргізуді мақсат еттік.

Олардың көрсеткіштік нәтижелерін алуға тәсілдерді пайдаланумен төмендегі міндеттерді қарастырдық.



  1. Гансен микобактериясының адам функциясына әсерлерін зерттеулер арқылы әртүрлі тәсілдерін қолданумен анықтау.

  2. Микроскопиялық морфологиясын зерттеу.

  3. Адам органдарына таралуы, облысымыздағы бактериялардың биологиялық ерекшеліктеріне назар аудару.

  4. Кейбір алдын алу шараларын жете зерттеп әдебиеттердегі кездесетін нәтижелермен салыстыра пайымдаумен экологиялық топтардағы науқастарының қан жасушалар динамикасын анықтаумен қатар кейбір практикалық ұсыныстарды насихаттау. Осы аталған мақсаттарды орындағанда облысымызда осы аурудың экологиялық тұрғыдан зардабын төмендетумен қатар аурулардың жаңадан пайда болуын шектеумен біраз эпидемиологиялық санитарлық мәдениеттерге үлес қосылады деп есептейміз.

Зерттеу жұмыстарының территориялық және әдістемелік негізінде Республика аймақтарынан Қызылорда песхана ауруларының арнаулы топтардың қан жүйесін зерттеулер жүргізіп биологиялық тұрғыдан байланыстырып әртүрлі науқас топтарының ағзаларындағы функциялық өзгерістерден туындайтынын анықтаумен қатар практикалық жағынан қан жасушаларының динамикасына сүйендік. Ол үшін биология-экологиялық зерттеу әдістерін пайдаланып науқастардың бейімделу реакцияларының жүруіне көп көңіл бөлдік. Қан жасушаларының динамикасы науқастардың иммунитетінің мөлшері альбумин-глобулиндер мөлшеріне анықтауды жүргізіп оны денедегі гистологиялық өзгерулерін салыстырып микобактерияның әсерін анықтаумен жүзеге асырдық.

Ғылыми жаңалығы. Гансен микобактерияларының туберкулоидтық бактерияларының ерекшеліктерінен, сәйкестіктерін, соған байланысты Республика облыстарында салыстырмалы зерттеулерді алғаш рет жүргізілді. Науқастар қанындағы жасушалардың жыл сайынғы өзгерістерін варициялық статистика тәсілдерін пайдаландық.

Қорғауға ұсынылатын мәселелер.

  1. Гансен микобактериясының морфологиясы және таралуы

  2. Қандағы эритроциттер, гемоглабиндер және лейкоциттер анықтаудағы жыл бойынша динамикасының өзгерістері

  3. Иммундық глобулиндер мөлшері

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 5 сурет, 1 диаграмма, 22 кесте жинақталған. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша 3 мақала жарияланды. Жұмыстың көлемі 86 бет, қосымша 7 беттен және пайдаланылған әдебиеттер саны 104.
1.Жүргізілген экспериментальдық зерттеулер.


    1. Зерттеу обьектілері және сынамалар алу (А-25 приборы).

Республикалық науқастардан алынған сынамалардың цито-гистопрепараттар жасау арқылы зерттеулер жүргізуді әдіспен пайдалана алдық. Ол үшін төмендегі зерттеу тәсілін пайдаландық. Цито-гистологиялық үлгілерден арнаулы гистопрепараттар дайындау үшін, не жасуша \5-15 мкм\ қиындылары, арнайы ұлпа гистологиялық бояуларымен анықтауды жүргіздік. Препараттарды дайындау кезеңдері төмендегідей:

-қажетті ұлпаларды алу және фиксациялау;

-қатайту;

-кесінді не қиындыларды дайындау;

-бояу;


-консервілеуші ортада сақтау.

Осыған байланысты керекті консервілеуші ортаны да дайындайды.

Енді гистопрепарат дайындаудың әдістерінің процестеріне жалпы түсінігін бердік.

«А-25» (Bio Systems) приборы арқылы төмендегі көрсеткіштерді анықтадық.

Зерттеулер әдісі песхананың арнайы зертханасында жақсы жолға қойылған автоматтанғандықты байқатады. Сонымен қатар бұл әдістердің негізгі қағидалары (А.И. Елесеев, 1972 және профессор Ж.Өтесінов оқу құралдарында келтірген). Циль-Нильсон әдісімен Гансен микобактерияларын анықтау О.А. Полякова тәсілін қолдандық.

А-25 (Bio Systems) приборы арқылы гемотологиялық зерттеулерге арнайы негізделген биохимиялық көптеген қанда, лимфада және тағы басқа биологиялық сұйықтықтарда болатын химиялық және органикалық үдерістермен компьютерлік негізде бір ғана үлгіден көптеген қандағы белсенді заттарды анықтай алады. Біздің жұмысымызда бір үлгіден-эритроцит (млн), гемоглабин (гр %), түсті көрсеткіш (бірліктер), эритроциттердің шөгу жылдамдығы (мин), лейкоцит (мың) және қандардың жасушалары-эозинофилдер, базофильдер, нейтрофильдер, лимфоциттер, моноциттер (мың) анықтайды. Ақуыздың жалпы мөлшері және альбуминдер, глобулиндердің альфа, бетта, гамма түрлерін анықтауға арналған. Оданда көптеген биохимиялық көрсеткіштерді зерттеуге мүмкіндік береді. Прибор Испаниядан алынған жылдамдығы 7 минутта 24 үлгідегі көрсеткішті шығарып береді.

Гансен микобактериясының басқа микобактериялардан (туберкулоидтіктерден) дифференциялауды Циль-Нильсон әдісімен О.А.Полякова бойынша қолдандық.

Ауруларды зерттеу экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ҚР әрбір аймағынан түскен 4 топқа бөлінді. Қызылорда аурулары І топқа; Атырау, Ақтөбе - ІІ топқа; Жамбыл, Алматы - ІІІ топқа; Ақмола- ІV топқа жатады


2 Зерттеу тәжірибелерінен алынған нәтижелер

2.1 Цито-гисто сипаттамалар.
Гансен микобактериясы жұғуынан ауырған науқастардың клиникалық ерекшелігі, оның инкубациялық кезеңінен ұзақтығы көптеген авторлар бұл кезеңді 3 жылдан 5 жылдың арасында созылады деп түйіндеді. Тіпті бұл кезең оданда көп уақытқа созылады 10-20 жыл аралығында деген мәлімет бар. Олар Н.Б. Балуев (1952 жыл), Ш.М.Рахмедов (1963 жыл), К. Newell (1966 жыл). Инкубациялық кезеңінің ұзақтығы бұл ауруды анықтауға қиындық туғызды. Себебі аурулар қай уақытта жұқтырып алғаны туралы анық айталмайды. Міне, осының салдарынан инкубациялық кезеңінің мезгілі дәлме дәл айтуына қиыншылықтар туғызады. Бұл туралы К.А.Колесова инкубациялық кезеңінің ұзақтылығы лепра індетінде оның қоздырғыштық потогендігі адам үшін біліне бермейтіндіктен және табиғи бұл ауруы төзімді екендігін білдіреді. Қәзіргі медика биологиялық көз-қарастар бұл індеттің қоздырғыштары адам организмінде өте ұзақ сақталып кейбір антигендік құрылымдар әлсіз және гетерогендік түрде реакциялар жүруінен, соның салдарынан адам популяциясының таңдалуы түрде зақымдалу мүмкіндігі бар деп тұжырымдайды.


    1. Гансен микобактериясының қоздырғышының морфологиясы.

Гансен микобактериясы түзу не бір жағына иілген таяқша барлық уақытта жартылай доғаланып тұрады. Микобактерияларының мөлшері 1-7 микрометрге дейін ұзындығы және диаметрі 0,2-0,5 мкм. Лепрамен зақымданған ұлпаларда бұл бактериялар түйіршікті түрі және таяқша тәрізді бір шеті иілген. Ал денесінде 2-5 дейін тығыз түйіршіктер бір-бірінен аздаған ажырағандай қуыс пайда болу арқылы. Мұны әлсіз боялу арқылы немесе боялмаған микобактериялар байқалады. Микаобактерияларың көбеюі көлденең бөлініп 2-3 жаңа жасуша, сүйтіп бір жерге жинақталады (1-2-сурет).



1-сурет. Гансен микобактериясы Циль-Нильсеннің бояуымен (ҚР песхана зертханасының архиві)


2-сурет. Лепра микобактериясы, электрондық микроскопия, ультражұқа қиындыдан жасалған. (Е.И.Мырзахметов бойынша)


2.3 Экологиялық аймақтағы Гансен микобактериясының таралуы
Республика территориясында лепра індетімен ауырғандардың ішінен әртүрлі асқынуларымен орташа, ауыр және жеңіл түрлері. Көп жылдар бойы төмендегі цифрлар бойынша өзгерді (1-кесте).
1-кесте. Лепра ауруының 1936-2011 ж.ж. сандары.

Ауырған жылдар.

Аурулардың мөлшері.

Жыл бойынша орташа

100000 тұрғынға есептегенде аурулардың саны.

1936-1940

1941-1945

1946-1950

1951-1955

1956-1960

1970-1990

1990-2000

2001-2002

2003

2004


2005

2006


2007

2008


2009

2010


343

352


544

798


913

57

54



13

765


731

714


692

670


640

609


581

69

-

-



-

183


-

27

-



752

34

17



22

22

30



31

28


1,1±0,18

-

-



-

1,9±0,09


-

0,4±0,07


-

1,1±0,18


-

1,3±0,12


-

0,7±0,09


-

-

-


Аурудың 70-80 жыл бойы бұл індеттің таралуы әртүрлі деңгейде екендігін көрсетті. Ең көп жылдар 51-60. Ауырған адамдардың саны 1711. Ал 56-60 жылдары 1-жылға есептегенде 183 адам тіркелді (1-кесте). Ең белсенді жыл деп айтуға болады. Лепраның алғашқы және ерте диагностикалық белгілері басқа ауруларда болатындықтан ерте білу қиынға соқты. Мысалы: Эритематоз, гипохромдық дақ, кішкене инфельтраттар басқа да аурулардың этиологиясында кездеседі.

Республика лепразориясының материалын өңдегенімізде, Арал, Қазалы және Атырау эндимиялық ошақтарында аурулардың өте қатерлі түрі 55,5% құрағанын көрсетеді. Ал туберкулоидтық және диференциялдық емес түрі 44,3% болады. Ал әрбір жылдық кезеңдермен анализ жасасақ 1949 жылға дейінгі аурулардың осы 3-түрінің типтері 79,6%, 17,3%, 1,4% құрады.

Соның салдарынан кейінгі кезде осы індеттің болуын, тіркелуі бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша лепра даму ошақтарында азая бастағандығын байқатады. Осы аурудың Қазақстан Республикасында аурулардың еркін бірге тұруының себебін зерттеу әсіресе отбасы мүшелерінің арасында (госпитализацияланған жанұя мүшелері) Л типті ауру 8,7% құрады. Ал Н типінен 3,7%, Т типінен 3,1% құрады. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей лепра ауруының таралу қауіптілігі семья арасында аурулардың ошағына ғана тәуелді емес. Сонымен қатар жанұя мүшелеріменен бірге тұру уақытына да тәуелді (2-кесте).

2-кесте. Отбасында госпитализацияланған лепра ауруының, одан кейінгі індеттің пайда болу үлесі.

Ошағындағы лепра типі

Отбасындағы ауру саны

1970-2010 ж.ж. аралығындағы ауру саны

Аурулардың пайда болу

Лепраматоздық

3961

320

8,7±0,4

Диференцацияланбаған

1377

52

3,7±0,5

Туберкулоидты

2593

82

3,1±0,3

Барлығы

7931

454

5,7±0,2


2.4 Микроорганизмдерді бояу иденфикациялау тәсілдері арқылы анықтау нәтижесі
Қазақстан Республикасының песханалық арнаулы лабораториясында жылдаған бойы микобактериялардың өзгерістерін биологиясын және де басқа диагностикаға қажетті іс-әрекеттер арнаулы тәсілдермен жүргізілуде. Соның өте көп жүргізген тәсілі аурудан лепраматоздық элементтерінің таза культура түрінде алу. Ол үшін көптеген танымдық бактериоскопиялық зерттеулер жүргізіп лепра қоздырғышын жасанды ортаға немесе арнаулы зертханалық жануарларға жұқтырды. Содан байқалған лепра ауруына тән өзгерістерді іздеді. Дегенмен лепра микобактериясының биологиялық тұрғыдан өзгеріссіз оларды жасанды ортада өсіру қайта егуді өз нәтижесін бермеді.

Лепра таяқшаларының жасушада көбейген сайын липоидтарда ұлғаяды. Тіпті лепраматоздық гранулемаларында лепраздық жасушаның гиганттық түрлері байқалады. Себебі жасушаларда ірі шоғырлар жасуша ядросын басқа полиске қарай жылжытады. Сөйтіп шоғырларда таяқшалардың жиналуы байқалады. Гранулемада лепраздық жасушалардан басқа эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жасушалар және фибробластарға дейін кездеседі.

Сонымен қатар алапес ауруының қоздырғышын ұлпаларда жақсы білу үшін жаңа бактериоскопиялық зерттеулер тәсілін қолданумен таныстық. Бұл өте жоғары сезілгіш тәсіл. Бұл тәсілді лепра ауруын емдегеннен кейінгі уақытарда қолданылады. Көбінесе емнің тиімділігін байқау үшін бұл тәсілді флюороценттік немесе люминесценциялық микроскопия деп атайды. Бұл тәсіл лепра микобактериясының қышқылға тұрақты топтарын жақсы анықтауға қолданылады. Ол үшін флюорохроммен өндейді. Сөйтіп микоорганизмдердің өздігінен жарық беруін қамтамассыз етеді. Бұл әдісті көбінесе туберкулез микобактериясында қолданылады. Лепра микобактериясының анықтау мүмкіншілігі 88,8% дұрыс анықталады. Жүз паралельна зерттеген материалдың 89 дұрыс анықталады деген сөз бар. Бұл әдіс Республика ауруханасында жақсы жолға қойылған лепра микобактериясының таза күйінде анықтауға қолданылады. Сонымен қатар жүйке талшықтарынан жасалған гистологиялық жұқа қиындалардың лепраматоздық гранулемасынан лепрамикобактериясының Циль-Нильсеннің әдісімен бояу арқылы бацилл концентрациясын жақсы көруге мүмкіндік туғызады. Сөйтіп О.А.Полякова әдісімен флюорохроммен өңдейді. Өңделген гистопрепаратты 15 секундке тұз қышқылы ерітіндісінде ұстайды. Содан кейін қышқылды фуксинде өңдеп Леффлер көгінде бояды. Қалған технологиялық процестер алдында көрсе, көрсетілгендей жүргізіледі. Арнаулы флюорохроммен өңдеу төмендегіше жүргізіледі.

1.Аурамин-родамин (0,1 ауромин 00 және 0,01 роомин с 100мл.дистилденген суға ерітеді).

2.Тұз қышқылды спиртте өңдейді (3мл.концентраттың тұз қышқылын 100мл. 70градус спиртте ерітіледі).

3.Бірінші жарық бк\ерітетін ерітіндіде өңдейді. (1,0 қышқыл фуксинді және 1мл.мұздың сірке қышқылын 200мл. Дистилденген суда ерітеді).

4.Екінші жарық беретін ерітіндіде өңдейді. (100мл.қаныққан метилен көгінің ерітіндісін және1мл.1%күидіргіш кали ерітіндісін 1мл. 1% күйдіргіш кали ерітіндісін 100 мл.дистилденген суда ерітеді).

Осылайша өңдеген бактериялық үлгіні де, гистологиялық үлгіні де биологиялық микроскоппен ОИ-18 осветителмен қарайды. Сонда лепрамикобактериясы ішіндегі қышқылға тұрақты түйіршігі жарық сары түс береді. Кейде жасыл түспенен.

Мамандармен бірге бірігіп жасалған 72 гистопрепараттардың 51-туберкулоидтық лепра, лепраматоздық екені анықталады. Гистологиялық және гистокомпонеттік өзгерістер гранулемма лепраматозының жасушалар дермадағы өгерістермен сәйкестігі байқалды. Ал бұнда біздің жарықтану тондарына көбірек назар аударылады. Себебі бұл препаратта микобактериялардың жарық шығару мүмкіншілігін қадағалаймыз және оның жарық шығару мүмкіншілігіне көп назар аударамыз. Мұнда препараттардың өзгерістеріне көңіл бөлмей отырып микобактериялардың шоғырлануын зерттейміз. Олардың жарық беруі алтын түсті сарыдан бастап, жасыл және қызғыш түстілер ірі гомогендік таяқшалар байқалады. Бұл тәсілдің гистологиялық препараттармен салыстырылуы лепра қоздырғыштарында және адам ұлпаларында болатын сәйкестігі 50-64% аралығында байқалады. Кейбір жағдайларда 90% дейін болды. Сонымен бұл флюоросценттік тәсілдің тиімділігі уақытты экономдаумен қатар микобактериялардың әр түрлі қоздырғыштарын жеке-жеке анықтауға мүмкіндік береді.
2.5 Қан жасушаларын зерттеу нәтижелері
Қан жасушаларын зерттеу нәтижелері әсіресе науқастардың лейкоциттерін динамикасын аймақтық топтардың маусымдық өзгерістеріне зерттеу үшін қазіргі заманға лайық жасалған А-25 приборын пайдаланып игеру арқылы оңай жүргізілді. Топтағы науқастардың иммунитет жүйесіне назар аудару үшін қандағы ақуыздардың шамасымен олардың фракцияларын, альбумин, глобулин, альфа-бета шамасы жылдың мезгілі бойынша зерттедік.

ТМБ ЛМБ салыстырмалы түрде зерттелген биохимиялық талдаулардан 6-7 келтірілген. Липидтердің мөлшері өзгерістері ЛМБ 10-46% аралығында ауытқиды екен, ал фосфатидтер мөлшері ТМБ 0,5-1,5% құраса ЛМБ 2,25% болатыны байқалады. Басқа кестегі биохимиялық өзгерістер ЛМБ анықталмағын (3-кесте)


3-кесте. Науқастардың ТМБ және ЛМБ көрсеткіштері

Реттік №

Физикалық және химиялық көрсеткіштері

ТМБ

ЛМБ

1

Ұзындығы, мкм.

0,8-3-5-10

1-8

2

Көлденеңі, мкм.

0,2-0,6

0.2-0.5

3

Қабырға қалыңдығы, мкм.

0,05

0.02-0.03

4

Жеке жасушаның массасы

(ылғалды массасы,г.)



4,0*10-8-10-13

3.9-1.0*10-14

5

МБ көлемі (мкм3)

0,025-0,98




6

Липидтердің жалпы мөлшері (МБ-нің құрғақ массасынан)

8-44%

18.7-25-90%

7

Фосфатидтер (сол тәрізді)

0.5-1.5%

2.25%


2.6 Аурулардың жалпы гемотологиялық көрсеткіштері
Республикалық лепра ауруханасындағы аурулардың гемотологиялық нәтижелерін арнаулы қазіргі заманға сәйкес жабдықталған жыл бойы жүргізілген жұмыстардың төмендегі кестеде көрсетілген. Ауруларды зерттеу экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ҚР әрбір аймағынан түскен 4 топқа бөлінді. Қызылорда аурулары І топқа; Атырау, Ақтөбе - ІІ топқа; Жамбыл, Алматы - ІІІ топқа; Ақмола- ІV топқа жатады (4-кестеде).
4-кесте. Гематологиялық зерттеулердің 2011-2012 ж.ж көрсеткіштері

топ

Облыстар

Адам саны

Зерттеген үлгілер саны

І

Қызылорда

4

548

ІІ

Атырау, Ақтөбе

2

242

ІІІ

Жамбыл, Алматы

2

230

ІV

Ақмола

2

220

Барлығы:

10

1240

Барлығы: 10 аурудың 2009 жылғы зерттеулердің 4 жылдық нәтижелері алынды. Емделушілердің гемограммасы 2009 ж бойынша төмендегі кестеде көрсетілген. Себебі, аурулар экологиялық аймақтарға байланысты. Емделу кезінде қанның қасиеттері және физиологиялық өзгерістері бақылау аса қажет екені белгілі. Барлық цифрлық материалдар вариациялық статистика тәсілдерімен өңделген. Соңғы қатысу лабораторияда істелеген жұмыстарға қатысып, үйрендім.

Республика зертханаларында 2009 ж топтағы аурулардың эритроцит саны 3,2 ± 0,54 – 4,1 ± 0,39 арасында ауытқыды. Ең жоғарғы көрсеткіш Қызылорда тобындағы ауруларда байқалды. (4,1 ± 0,39). Ал ІІ топтағы Атырау, Ақтөбеде ауырған адамдардың қанының эритроциттерінің саны 3,2 ± 0,54 деңгейінде болған. Сол сияқты эритроциттердің құрамындағы гемоглобин емделушілердің көрсеткіші 11,2 - 13,9 г/% құрады (5-кесте).

5-кесте. Емделушілер гематологиясы 2009 ж көрсеткіштер



Көрсеткіштер

Топтар, М ± m

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эритроцит млн

4,1 ± 0,39

3,2 ± 0,54

4,07 ± 0,39

3,8 ± 0,21

Гемоглобин г/%

13,9 ± 0,55

11,2 ± 0,82

11,9 ± 0,58

12,01 ± 0,43

Түсті көрсеткіш

0,85 ± 0,01

0,76 ± 0,02

0,81 ± 0,04

0,74 ± 0,04

Эритроциттердің шөгу жыл*дамдығы (СОЭ) мин

28 ± 4,5


21 ± 1,96

23 ± 2,4

17 ± 5,6

Лейкоцит, мың

10,2 ± 0,76

5,6 ± 0,98

6,7 ± 1,06

7,1 ± 0,89

Түсті көрсеткіш бұл эритроциттердің оттегін, көмірқышқыл газын тасымалдау мүмкіндіктерін байқататынын белгілі. Бұл көрсеткіш ең төменгі мөлшері ІV топтағы аурулар (0,74 ± 0,04). Ал жалпы лейкоциттер саны үлкен деңгейде ауытқығанын көрсетеді. Бұл қандағы иммунологиялық қасиетін айқындайды. Өйткені лейкоциттер санының көбеюі аурулардың лепра қоздырғыштарына төзімділігін білдіреді, яғни организмдегі лепра қоздырғышының вируленттілігі жоғарылаған сайын лейкоциттер саны төмендейді. 2009 жылдағы ең көп нәтижие Қызылорда облысынан келген ауруларда, лейкоциттердің шамасы 10,2±0,76 мың болса. Атырау, Ақтөбеден келген аурулардың бұл көрсеткіштердің шамасы аз 5,6 ± 0,98 мың болғанын көрсетіп тұр. Бұдан кейінгі орында ІІІ топ науқастары да байқалады. Жалпы лейкоциттер адам организіміне зиянды зиянсыз микроорганизмдерден қорғау және организмдерде туындайтын токсиндерді бейтараптау үшін күреседі. Әсіресе, В, Т лимфоциттер. Ал осы жылғы аурулардың топтары бойынша төмендегі кестеде көрсетілген. Бұл көрсеткіштерді талдасақ гранулоциттердің жалпы шамасы 38,4 – 51,1 % аралығында болғанын көрсетеді. Лейкоциттердің бұл түрлері көбінесе фагоцитозбенен зиянды денелерді жояды. Ал агранулациттер (лимфоциттер мен моноциттер) шамасы қосып есептегенде 48-56,1 % құрайды. Лимфоциттердің бұл түрі көбіне организмдердегі иммунитеттердің пайда болуына қатысады. Сондықтан лейкоциттер организмдердің барлық басқа зиянды денелер, токсиндер, улар әсерін жоюға қатысатындықтан олар қан тамырларын ауру ошақтарына миграцияланады. (6-кесте)


6-кесте. Науқас топтарының лейкоциттік формуласы, 2009 жылғы %

Лейкоциттер

Топтар, %

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эозинофилдер

0,15

0,01

0,04

0,06

Базофильдер

0,21

0,11

0,03

0,05

Нейтрофильдер

51,1

44,6

38,4

45,2

Лимфоциттер

44,4

51,7

53,6

49,4

Моноциттер

4,02

3,6

2,5

3,3

Лепразория ауруханасындағы аурулардың 2010 жылғы қандағы көрсеткіштерінің төмендегі шамада болады. Эритроцит 4,07-3,2 млн болғанда ондағы гемоглабиннің мөлшері эритроциттердің санына сәйкес барлық топтарда да 11,6-13,1 млг/% аралығында байқалады. Осыған сәйкес эритроциттердің шөгу жылдамдығы өзгергенін байқаймыз. Ол І топтағы ауруларда 24±6,1 шамасында болса, ІV топтағы аурудың осы көрсеткіші төрт минутқа тез жылдамдықпен шөккен. Бұл емдеу тәсіліне сәйкес болуы мүмкін. Ал лейкоциттердің саны І топтардан басқасы бір деңгейде 6,1-7,2 мың құрады (7-кесте).


7-кесте. Емделушілер гемотологиясы 2010 жылғы көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Топтар, М ± m

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эритроцит млн

3,8 ± 0,26

3,3 ± 0,48

4,07 ± 0,21

3,6 ± 0,21

Гемоглобин г/%

11,6 ± 0,96

13,4 ± 0,39

13,1 ± 0,30

12,8 ± 0,44

Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) мин

24 ± 6,1

23 ± 2,92

23 ± 2,02

19 ± 4,3

Лейкоцит, мың

10,1 ± 0,81

6,6 ± 0,74

7,2 ± 1,12

6,1 ± 0,91

Бұл өзгерулер ауру арасындағы сол жылғы емдеу тәсілдеріне берілген дәрілердің әртүрлілігінен аурудың ағзаларының иммунобиологиялық реакциялар алшақтығы аурулардың келген аймақтарына байланыстылығымен және экологиялық қысымның әртүрлілігінен байланысты деп есептейді.


8-кесте. Науқас топтарының лейкоциттік формуласы 2010 жылғы, %

Лейкоциттер


Топтар, %

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эозинофилдер

0,15

0,01

0,04

0,06

Базофильдер

0,21

0,11

0,03

0,05

Нейтрофильдер

51,1

44,6

38,4

45,2

Лимфоциттер

44,4

51,7

53,6

49,4

Моноциттер

4,02

3,6

2,5

3,3

Осы жылғы лейкоциттердің әртүрлі жасушалары: нейтрофильдердің шамасы барлық топтары 37,9%-51,1% аралығында ауытқыса, лимфоциттер шамалары І топта 44,4% құрады. Ал ІІІ топта ең жоғары 53,6% теңелген. (8-кесте)

Бұлай ауытқулардың себептері микобактериялардың аурулардың организмдерінің жылдық маусымдарына қарай белсенділігі әртүрлі деңгейде болғандықтан, тіпті кей жағдайда басқа аурулармен контактіде болған салдарынан теріде және басқада мүшелерінде аурулардың белгілеріне сәйкес дақтар, бөрітпелер аумақтары үлкейіп-кішірейіп отырады. Ол гистология ілімімен анықталады. Мысалы: ПТ, ППТ онда эпилоидты жасушалар көбейеді, лейкоциттердің миграциялық индексі жоғарылайды. Ал ол лепраминдік реакцияның әртүрлі деңгейге көтерілуімен байқалады. Осыдан келіп леимфоциттердің трансформациялық тесттері ауытқыды.

2009 жылғы ауруханасындағы аурулардың лепразориясынан ұзақ емделуіне баланысты 2012 жылғы көрсетілген топтағы адамдардың қызыл қан түйіршіктері мен ақ қан түйіршіктерінің функциялық өзгерістерін бақылау үшін және алдыңғы жылғы зерттеулерден көрсетілгеніне сәйкес салыстыру үшін жасалған бақылау ол көрсеткіштер 5-кестеде көрсетілген.

Ал зерттеулерге талдаулар жүргізетін эритроциттердің саны ІІ-ІV топта 3,4±51; 3,9±63 дәрежесінде болады. Бұл басқа осы жылдармен салыстырғанда төменгі мөлшерді көрсетіп тұр. Ал гемоглабиннің осы эритроциттердегі мөлшері барлық топтары 11,8±52; 13,4±0,84 шамасында ауытқыды (ІІ; ІІІ топ).

Ал эритроциттердің шөгу жылдамдығы 2-6 минут аралығында айырмашылық болады (9-кесте).


9-кесте. Емделушілер гемотологиясы 2011 жылғы көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Топтар, М ± m

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эритроцит млн

4,3 ± 1,11

3,4 ± 0,51

4,16 ± 0,33

3,9 ± 0,63

Гемоглобин г/%

12,6 ± 0,26

11,8 ± 0,52

13,41 ± 0,84

12,1 ± 0,83

Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) мин

20 ± 4,3

22 ± 3,3

21 ± 1,44

20 ± 2,03

Лейкоцит, мың

9,12 ± 0,76

7,42 ± 1,23

6,9 ± 1,35

7,02 ± 2,01

10-кесте. Науқас топтарының леикоцитарлық формуласы 2011 жылғы, %



Лейкоциттер

Топтар, %

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эозинофилдер

0,21

0,14

0,34

0,08

Базофильдер

0,32

0,16

0,05

0,09

Нейтрофильдер

48,9

50,1

52,8

47,6

Лимфоциттер

46,2

48,4

44,6

41,8

Моноциттер

5,1

4,3

3,2

2,7

Бұның себебін емделуші дәрігерлерден сұрағанда қолданған дәрілердің әсер ету механизмі әртүрлі болғанан шығар деп түсіндірді. Себебі: әрбір топ келген аймағына байланысты және аурулардың көңіл-күйі клиникасына байланысты емдеу тәсілдері және дәрілер өзгеріп тұратындығын көрсетті. Осы жолы сол топтағы аурулардың қандарының лейкоциттері І топта жоғары болса (9-12 мың), ал ІІІ топтың осы кезде лейкоциттерінің саны 6-9 мыңға теңелгені көрініп тұр. Ал лейкоциторлық формуласы эозинофилдер мен базофилдер көп өзгермеген. Оларды аурудың қоздырғыштарының бейтараптайтын ол нейтрофиль. Олардың деңгейі 47,6%-52,8% аралығында ауытқиды, яғни бұл топтағы аурулары лепрабактериялары белсенділік танытқан болуы керек. Олардың дәлелі иммунологиялық жоғары реакцияға қатысатын леймфоциттердің мөлшері байқалады (10-кесте). Ал моноциттер өте белсенді әртүрлі функция атқаратын организмдердің фагоцитозына қатысатын ақ қан түйіршіктілері бұлардың шамасының көтерілуі І; ІІ топтағы ауруларда байқалады, яғни бұл 3 жылдық зерттеулер қаншамасын жүргізілген зерттеулер лепра ауруларыменен емделетіндерде қан жасушасының элементтері өз функциясына сәйкес белсенді жүргізеді екен. Әрине бұл қан жасушалары қызметтері аурулар ағзасының мүшелеріндегі әртүрлі гистологиялық өзгерістер арқылы емделулер өзгертіліп отыратыны белгілі. Сол сияқты менің диссертациялық жұмысымның аурулар арасындағы қан жасушасының өзгерулерін 4 жылындағы көрсетілгеніне назар аудардым.

2011 жылғы зерттеулер 2010 жылдағы қызыл қан түйіршіктеріне жақын болғанмен, белгілі шамада ауытқуынан байқалады. Әсіресе гемоглабиннің шамасы ІІІ топта 14,4 млг/%, яғни жоғарлау, ал ІІ топта 12,4 млг/% құрады (11-кесте).
11-кесте. Емделушілер гемотологиясы 2012 жылғы көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Топтар, М ± m

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эритроцит млн

4,5 ± 1,2

3,8 ± 0,98

4,01 ± 0,86

3,8 ± 0,54

Гемоглобин г/%

13,3 ± 0,31

12,4 ± 1,11

14,4 ± 0,72

13,1 ± 0,83

Эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ) мин

25,3 ± 1,3

23,2 ± 0,88

24 ± 1,12

27,2 ± 2,64

Лейкоцит, мың

8,8 ± 0,54

7,17 ± 1,38

6,5 ± 2,02

7,34 ± 1,84

Сол сияқты эритроциттердің шөгу жылдамдығы ІV топта өте жоғары 27,2 оны емдеуші дәрігерлерден сұрағанда былайша түсіндірді. Бұл топта иммунологиялық процестерді көтеру үшін жаңа препарат пайдаланылады делінген. Ал лейкоциттердің жалпы саны І топта 8,8±54 мыңға дейін төмендесе, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда. Ал басқа топтағы лейкоциттердің саны азғана ауытқығанын байқатады (11-кесте). Сол сияқты осы жылғы лейкоформуласының пайыздық шамасынан үлкен өзгерістер байқалмайды (12-кесте).


12-кесте. Аурудың 2012 жылғы лейкоформуласы,%

Лейкоциттер

Топтар, %

І

ІІ

ІІІ

ІV

Эозинофилдер

0,11

0,17

0,25

0,11

Базофильдер

0,24

0,15

0,07

0,14

Нейтрофильдер

50,1

43,4

47,3

40,6

Лимфоциттер

47,4

48,3

46,1

44,3

Моноциттер

5,5

4,8

4,01

3,14


2.7 Альбумин, глобулиндердің микобактериясының әсеріне байланысты мөлшерін зерттеу
Қоздырғыштың белгілі бір түріне енуіне жауап ретінде микроорганизм жасушалық иммунитет түріндегі реакция көрсетеді. Мұны алғашқыда Listeria monocytogenes мысалында ашқан және ол жасуша ішілік бактериялық инфекцияның бірінші моделі есебіне жатқызылады. Егер АГ персистесе (мысалы Мф қорытылмайды), оны жинақталған жасушалар туберкулез бен лепра кезінде жақсы танымал эпителиондық гранулеманы қалыптастырады (13-кесте).

Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсеңділенуі арнайы антидененің арнайлығы болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек.


13-кесте. Науқастардың ақуыз мөлшері

Топтар

Ақуыз мөлшері,

мкл


Оның ішінде, мкл

Альбумин глобулин



Глобулин, мкл

Альфа

Бетта

Гамма

І

72,5±8,4

41,7±0,89

11,3±1,2

9,7±1,8

8,9±1,6

ІІ

66,5±3,7

37,9±4,6

13,8±1,1

9,7±0,78

7,8±0,56

ІІІ

65,4±3,8

37,5±4,9

9,2±2,1

8,6±1,4

8,0±1,2

IV

64,2±4,4

33,8±4,9

12,4±2,6

9,9±2,9

8,6±19


3 Алынған нәтижелерді сараптау, талдау және әдебиеттерінен салыстыра пайымдау
Бұл арнаулы микробиологтардың, эпидемиологтардың, биологтардың және дәрігерлердің ғылыми практиалық жұмыстарының жетістіктері. Ең бастысы тұрғындарды осы аурудын алдын алатын әлеуметтік шаралар, әсіресе эндимиялық аймақтарда ағарту жұмыстары осы ауруға қарсы насихаттау жұмыстары да өз нәтижесін береді. Сонымен қатар лепраның осы микроорганизмдердің биологиясына әсер ететін бактериостатикалық арнаулы препараттар және антибиотиктерді іздеуі де аурудың жойылуына көп үлесін қосады.

Қорытынды
Жоғарыда келтірілген әдебиеттердегі жарияланған материалдарға және лепразорияда жүргізілген зерттеу танымдық жұмыстарға сүйеніп төмендегі тұжырымдамаларды келтіреміз:

1.Төмендегі лепрамикобактериялардың түрлері.

Mycobacterium Ieprae.

Mycobacterium Ieprae hominis.

Mycobacterium Hansen

Shizomycetes.

Жасанды ортаға өсіруге мүмкіншілігі жоқ екенін айқындалды. Сол себепте бұл қоздырғыштарға қарсы арнайы вакцина жасауға да болмайтынын көрсетті.

2.Гансен микобактериялар морфологиялық структурасын зерттеу үшін бактерияскопиялық әдістерді және ультраструктуралық компоненттерін анықтауға электрондық микроскоп арқылы түсірілген суреттерді пайдаланылды. Ол арқылы сыртқы қабықшалардың ерекше компаненттерін анықтауға 20000 есе үлкейту арқылы айқындалды.

3.Микробактериялардың веруленттілігін артуынан адамдардың гисто сипаттамасына сәйкес лепраматоздық тип түріне тері бөрітпелері полиневриттер, трофикалық жара және мутиляция болады екен. Ең бастысы жүйке талшықтары қатты зақымдалады.

4. Гансен микобактериясының таралуы Қызылорда, Атырау-Ақтөбе облыстарында белең алғанын көрсетті.

5. Қан жасушаларының динамикалық өзгерістері эритроцит 3-8-4,5 млн/мл, лейкоциттер 6,5-8,8 мың/мл, соның ішінде гранулоциттер 50,4% Қызылорда облысындағы науқастарда 40,8% төмендеуі байқалды. Ал агрунулоциттер мөлшері сәйкесінше 52,9% және 47,4% аралығында ауытқиды.

6.Ақуыздардың мөлшері қанда иммундық реакцияның көтерілуін көрсетсе, гамма глобулин үлесі 7-10% Қызылорда облысының науқастарында артық екенін көрсетті.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚҚА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ.
1. Сирбаева Г.Ж. Адам организмінде қан жасушаларына лепра микроорганизмінің әсері. //«Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары және әлеуметтік экологиясын зерттеу басымдықтары» Профессор Айдосов Абылай Хангерейұлының туылғанына 75 жыл толуына арналған атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. 2011 жылғы 10-11 қараша. 177-178 б.

2.Сирбаева Г.Ж. Гансен микробының кейбір типтерінің организмде болатын гистокартиналық өзгерістерін зерттеу. //«Ғылымның, техникалық және білім берудің басымдықтары». Ұлттық авиация университетінің Аэроғарыш институты (Украина), Болашақ университеті (Қазақстан). Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Қызылорда-Кие. 2013. 104-107 б.

3.Сирбаева Г.Ж. Экоаймақтарда Гансен микроағзаларын және микоидтардан айыру тәсілдері және науқастардың лейкоциттік өзгерулер реакциясы. //«Ғылымның, техникалық және білім берудің басымдықтары». Ұлттық авиация университетінің Аэроғарыш институты (Украина), Болашақ университеті (Қазақстан). Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Қызылорда-Кие. 2013. 104-107 б. 107-110 б.

Резюме
Влияние микроорганизмов лепры на функциональные показатели человеческого организма
Сирбаева Гульзира Жанболатовна

Диссертация на соискание академической степени магистра естественных наук
Актуальность исследования: исследование биологического механизма распространения вируса особо опасного заболевания среди людей в экологической зоне только в отдельно взятом районе по Республике и даже всей Азии. В итоге возникает вопрос защиты человечества от опасного заболевания. Это большая экологическая проблема.

Цели и задачи исследования: Распространение возбудителя особо опасного заболевания микобактериями Гансена на территории Республики, и в связи с этим, не вызывает никаких сомнений что динамика клеточных изменений в больном организме связано с экологическим положением. Поставлена цель провести исследования изменений кровяных клеток. Применяя методы и результаты показателей определили нижеследующие задачи:


    1. Путем использования разных методов выяснить влияние микобактерий Гансена на функции человеческого организма.

    2. Исследовать морфологию микроскопии.

    3. Распространение в органах человека, обратить внимание на биологические особенности бактерий в области.

    4. Глубоко исследовать некоторые меры профилактики, сопоставить с результатами встречающимися в литературе, выявить динамику клеток крови больных в экологических группах, а также пропагандировать некоторые практические указания.

В итоге выполнения названных задач в области снизиться уровень поражения этим заболеванием в экологической зоне и уменьшится появление новых больных, будет внесен весомый вклад в эпидемиологическую санитарную культуру.

Научная ценность: Впервые проведены сравнительные исследования в областях Республики по соответствии и особенностям туберкулоидных бактерий микобактерий Гансена. Были использованы вариационные методы статистики ежегодных изменений в клетках крови больных.

Проблемы, рекомендуемые к защите:

    1. Морфология и распространение микобактерий Гансена.

    2. Изменение ежегодной динамики анализа эритроцитов, гемоглобина и лейкоцитов.

    3. Количество иммунных глобулинов.

Результаты исследовательской работы:

В полных исследованиях было установлено, что функциональное состояние лепромотозных больных в различных зонах Республики Казахстана колеблется в различных пределах. Особенно эритроциты І и ІІ группах. Высокое колебания наблюдается количество лейкоцитов І и ІІІ экологических групп больных. Это свидетельствует о большом варианте сопративления организма с микобактерией Гансена. Такое же наблюдение было фратациях гемоглобина альфа по сравнению ІІ-(13,8мкл) со третьей группой больных. Некоторые стабильные количество наблюдается в гамме фракциях. О чем свидетельствует эффективность проводинных лечений.



Summary

on the thesis submitted to confer the academic degree of the Master of Natural Science
Syrbaeva Gulzira Zhanbolatovna
The influence of microorganisms of leprosy on the functional characteristics of the human body
Relevance of the research: the study of the biological mechanism of the virus particularly dangerous disease among the people in the environmental area only in a particular area of ​​the Republic and even the whole of Asia. As a result, the question of protection of mankind from dangerous diseases. This is a big environmental problem.

The aims and objectives of the research: Distribution of a particularly dangerous pathogen Hansen's Mycobacterium in the territory of the Republic, and in this regard, there is no doubt that the dynamics of the cellular changes in the diseased organism is related to the environmental situation. The aim is to study changes in blood cells. Applying the methods and results indicators identified the following problems:

1. By using different methods to ascertain the effect of Hansen's mycobacterium on functions of the human body.

2. The morphology of the microscope.

3. Distribution in human organs, pay attention to the biological characteristics of the bacteria in the area.

4. Deeply explore some preventive measures, compared with the results in the literature, to determine the dynamics of the blood cells in patients with environmental groups, as well as promote some practical guidance.

As a result of the mentioned problems in the field to reduce the level of defeat this disease in the environmental area and diminish the appearance of new patients will be contributed to the sanitary epidemiological culture.



Scientific Value: For the first time carried out comparative research in the areas of on line and features of tuberculoid bacteria Hansen's mycobacterium . Variational methods were used statistics of the annual changes in blood cells of patients.

Problems that are recommended to protect:

1. The morphology and distribution of Hansen's mycobacterium.

2. Annual changing dynamics of analyzing erythrocytes, hemoglobin and leukocytes.

3. Quality of immune globulins.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет