Кулахметов Мурат Асылбекович
Құрылыс кешендеріне инвестиция тартудың экономикалық тиімділігі
(Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қызылорда, 2013ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының
кандидаты Елпанова М.А.
Ресми опонент: экономика ғылымдарының
кандидаты Болатқызы С.
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Құрылыс – Түпкі мақсатты ғимаратты тұрғызуды, қалпына келтіруді, жөндеуді, жаңартуды, бөлшектеуді немесе жылжытуды көздейтін, материалдық өндірістің қуатты индустриалдық саласы болып табылады.
Құрылыс ұйымының іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып саналады. Іскерлік белсенділікті талдау, құрылыстың өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Құрылыс қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып құрылыс қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады.
Дамыған құрылыс саласының өсуі мемлекеттің барлық әлеуметтік қаржылық, экономикалық жәнеде ішкі табыстың өсуіне әсер етеді. Осындай көптеген шешілмеген шараларды шешу үшін Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициясын тоқтаусыз түрде тарту қажет. Ол үшін оларға жағдай жасалу қажет, яғни шетел инвестициясымен қоса жаңа технологияларымен және ұзақ мерзімге келулері керек. Тек осындай әдіс арқылы шетел инвестициясы көмегімен негізгі өндіріс қорларын жаңартып алуға және өндірісті жаңа ғылыми-техникалық деңгейге көтеруге болады. Құрылыс саласы болсын не экономиканың өзге де спектрі болсын, нарық талабына тәуелді болады. Ол – заңдылық. Мәселен, дағдарыстың да шаруаны дөңгелентіп отырған талай компанияны қиын жағдайға душар етті. Сол сияқты нарық пен дағдарыс құрылысты да қыспаққа алды
Құрылыс саласына инвестицияларды тарту инвестициялық қызметпен тығыз байланысты.
Нарық жағдайында құрылыс, өндірістік сфераның барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және әрбір меншік объектісінің қызмет еркіндігімен байланысты жаңа экономикалық маңызға ие болады. Әкімшілік-жоспарлық экономикаға тән сатылас салалық байланыстар орнына инвесторлардың деңгейлес салалық байланыстары келеді, сондықтан экономикалық процес ретіндегі құрылыс ғимараттар немесе құрылыстардың өмірлік циклы бойы капитал иелерінің үздіксіз инвестициялық қызметін қарастырады.
Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту инвосторларды қызықтыру сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар кез келген елдің өркендеуіне, бәсекеге қабілетті болуына елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының дамуна инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады.
Соңғы жылдары көптеген мекемелер өзінің қаржылық жағдайын инвестициялар арқылы қарқынды дамытуда. Сол инвестицияларды тарту барысында көптеген кәсіп орындар ашылып, мыңдаған адамдарға жұмыс көзңі болуда.
Қазақстан Республикасында құрылыс нарығының қарқынды дамуы кейнгі жылдарға қарағанда біраз байқалады, шетелдік инвесторларда осы салаға инвестиция салуға даин екенінде көрсетуде.
Құрылыс сферасы әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа аз көлемде бейімделген; нормативті және әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа жағдайлар мен талаптарға сәйкессіз; құрылыс қызметін реттеудің және басқарудың экономикалық әдістері дамымаған; келісімдік қатынастар жүйесінің дамымағандығы; жаңа шарттарға және талаптарға инвестициялық-құрылыс қызметін ұйымдастыру, реттеу және орталықтандырылған басқарудың маңызды функциялардың жойылуы немесе орындалмауы.
Құрылыстағы инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай-ақ пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің құрылыс саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.
Құрылысқа ақша салу мәселесінде әрбір нақты құрылыстың берілген уақытта, берілген аймақта қажеттілігі туралы оңтайлы шешімдер мүмкіндігінше барлық аталған объективті және субъективті шарттарды және құрылыс саласының нақты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға олардың әсерінің деңгейін есепке алу нәтижесінде мүмкін.
Инвестициялық қызметтің қажеттілігінің заманауи әдістемесі нарықтық экономика талаптарымен шарттасқан, сондықтан құрылысты инвестициялау мүмкіндігінің критерийі болып оның тиімділігін бағалау табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдаудың маңызды құрамдас бөлігі қызметтің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты. Инвестицияларды тарту, оларды тиімді пайдалану және кәсіпорынның белсенділігін арту жолдарын табу зерттеу жұмысының негізгі проблемалары болып есептеледі. Осы және басқа да себептер мәселенің қойылымын өзекті етеді және құрылыс саласындағы инвестициялардың тиімділігін бағалау негіздерін тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізу қажеттілігін талап етеді.
Инвестицияларды құрылыс саласына тарту және тиімді пайдалануды жетілдіруді зерттеу бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.
Мәселенің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Зертелетін мәліметтер бойынша көптеген шетелдік, жергілікті ғалымдардың теориялық және практикалық мәліметері мен мәселелері қарастырылды. Қарастырылған еңбектердің ішінде шетелдік және Ресейлік еңбектерді атауға болады. С.Қ. Хамзин, А.С. Асилова, Н.М. Резников, Л. Абалкин, И. Балапанов, Э. Кроливецкий және т.б. Сонымен қатар Қазақстандық ғалымдардың көзқарастары мен сілтемелері. Ж.М. Адилов, У.Б. Баймуратов, О.Сәбден, А.Қ. Қошанов, М.К. Мамырова, А.Х. Ералы, Ү.Ж. Шалболова, т.б. ғылымдардың еңбектерінде көрінеді.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Құрылыс кешеніне инвестиция тартудың тимді жолдарын зерделеу болып табылады. Зертеудің мақсаты келесі негізгі міндеттердің жүзеге асырылуын қарастырады:
-
Құрылыс кешеніндегі инвестициялық қызметтің теориялық әдістемелік негіздері;
-
Құрылысқа инвестиция тартудың тимділігін бағалау;
-
Құрылыс саласындағы инвестицияға әсер етуші факторлар мен оларды
реттеу жолдары;
-
Құрылыс кешеніне инвестиция тартудың экономикалық тимділігін
бағалау;
-
Қазақстан Республикасы құрылыс кешендеріне инвестиция тартудың
женілдету жолдары;
-
Қазақстан Республикасы құрылыс кешендеріне инвестиция тартудың
мемлекетік бағытта реттеу;
Зерттеу пәні болып құрылыс кешеніне инвестиция таруды арттыру барысында құрылыс саласндағы инвестицияның тимділігі зерттелді;
Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы құрылыс кешендеріне инвестиция тартуды зерттеу;
Зерттеу әдістері Диссертациялық жұмысты орындау барысында жалпы Қазақстан Республика шенберіндегі мәліметтер қолданылды және ғылыми жаңалықтар мен талдау; өңдеу және бағалау әдістері; абсалюттік логикалык әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері қарастырылды және солардың зерттеулері нәтиежесінде құрастырылды. Зертеу барысында Қазақстан Республикасы президенті жолдаулары, жарлықтары. Құрылыс саласындағы заңдар нормативті құжаттар сондай-ақ қабылдаңған дамыту бағдарламалары қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары Зерттеу барысында ғылыми жаңалықа тиісті мына мәселелер қаралды.
-Құрылыс кешеніне инвестицияларды тартудың теориялық түсінігі
мен инвестицияларды экономикаға тарту анықталды;
-Құрылыс кешендеріне инвестицияларды тартудың жетілдіру
жолдары инвестицияға әсер етуші факторларды зерттеу барысында
құрылыстағы инвестиция тимділігі бағаланды;
-Инвестицияны жетілдіру барысында негізгі қағыйдалар
анықталып жетілдіру жолдары сараланды;
-Құрылыс кешеніндегі инвестицияларды дамыту барысында
көптеген мәселелер қарастырылып толық өнделді;
-Құрылыс кешеніндегі инвестициялардың экономикалық тимділігі мен аспектілері;
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста ұсынылған теоретикалық тұжырымдар берілген мәселені одан әрі концептуалды әзірлеуге және Қазақстан Республикасы құрылыс кешеніндегі инвестицияны даму перспективасын жасауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл мемлекеттегі әлеуметтік жауапкершілік, құрылыстың әлеуметтік жауапкершілік статусын заңды бекітуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері бәсекелік қабілеттілікті инвестициялар және олардың еңбек нәтижелілігі өзара байланысын талқылауда тәжірибелік қолданыс таба алады.
Жүйелі «Құрылыстағы инвестиция» үшін құрылыстағы әлеуметтік жауапкершілігі бойынша мамандарды дайындау маңызды орынға ие. Осы мамандық бойынша стандартты жасау және оларды жоғары оқу орындарында даярлау қажет, бұл мемлекет деңгейінде және бизнес құрылымдардың белсенді қатысуымен шешілуі тиіс. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыстағы негізгі тұжырымдар инвестиция, менеджмент, мемлекеттік реттеумен байланысты пәндерін оқу процесінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (
апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 75 жылдығына арналған«Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамыту; тәжірибесі, мәселелері және кешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда қаласы қаласы 2013 жыл, 18-19 қазан;
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облысы бойынша құрылысты дамыту қоры АҚ аймақтық филиалының құрылысты қаржыландыру қызметінде қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс бетте мазмұндалған кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі отандық экономиканың жаңа сапалы сатыға өтуінің басты белгісінің бірі – инвестицияның қарқынды дамуына қол жеткізу болып табылады.
Тәуелсіздік алған 22 жылда инвестиция еліміз экономикасының қуатын арттыруға өзіндік үлес қосуда. «Біз тәуекелдерді өз мойнынан алуға, жаңа нарықтарды игеруге, инвестиция салуға дайын қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді. Нақ осы құрылыс кешеніндегі инвестиция экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады» -деп, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында назар таударған болатын.
Жалпы кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, орнықты экономикалық даму, жаңа технологияларды өндіріске енгізу және мықты ұлттық интеллектуалды потенциал, инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал экономиканың құрылыс кешендеріне, инвестиция және орта бизнес саласындағы сегментінде шоғырланған. Сонымен бірге бұлар ірі инвестицияны дамытатын негіз болып табылады.
«Ұлттық бизнестің біздің еліміздің экономикасын дамыту мен жаңғырту үдерісіне белсенді түрде қатысуына мемлекет қызығушылық танытуда. Біз бизнесті инвестицияны құрылыс аясына тартуға мүдделіміз. Үдемелі инвестициялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ірі жобалардың жүзеге асырылуы басталып та кетті. Ол экономиканы әртараптандыру, модернизациялауға, шикізаттық емес саланың дамуына, ұлттық құрылыс үшін жаңа құрылыс кешендерін ашылуына жақсы қарқын берді. Бұл бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жақсы жұмыс және оған көп көңіл бөлінетін болады. Десек те, негізгі мәселе құрылыс кешеніне инвестиция тарту болып қала бермек. Әлемдік дағдарыстың жаңа толқыны жағдайында мемлекет пен инвестиция серіктестігі әсіресе маңызды болып табылады. Барлық мемлекеттік жоспарлар мен инвестициялық құрылымдар әрекеттерін үйлестіру қажет». Құрылысқа қатысудың шетелдік жүйесі өзіндік ерекшеліктер бойынан айта кетейік. Бұл, көп деген шнт елде баспанаипотекелық несие дамыған және азаматтар несие ала отырып дайын баспанаға ие болады, олар салушылардың өздерінің міндеттерін атқармаиды және құрылыс уақыты тоқтап қалады дегенге қорықпайды. Несиенің мұндай түрі адамзаттар үшін тимді және ұтымды, елдің тұрақты экономикасы мен қалыптасқан және көптеген құқықтық инвестиция мен қорғанады.
Кесте 1 – Құрылыс кешенің шетелдік инвестициялау жолдары мен сипаттамалары
Құрылыс кешеніндегі шетелдік тәжірибелер
|
Тұрғын үй құрылыс кешенінің жетілдіру талдау бағытары
|
Кемшіліктері
|
Ерекшелігі
|
1
|
2
|
3
|
Германия,Қытай, Франция, Лондон, Швеция, Туркия, Англия,
Дания, Бразилия, Испания, Үндістан, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Голландия, Ирландия және т.б.
|
Ипотеканың дамуы елде тұрғын үй нарығына қол жетімді болуы: Жеке кәсіпкерлердің тұрғын үйлер, коммер-циялық немесе жалға берілетін мемлекет тарапынын салынған комерциялық кешендер, яғни муници-палды үйлер; Тұрғын үй және пәтерлер бағасын реттеу; Құрылыс кешендеріне инвестиция тарту және шет ел инвесторларые қыхықтыру; Аймақтық индустриялдық саясатты жүзеге асыру;
|
қалалық бюджет арқылы аудандар –ауылдарды инвестиция мен қамту; Халықты тұрғын үй құрылысы арқылы тұрғын үй мен қамтамасыз ету; пәтердi пайдалану, коммуналдық қызметтер көрсету, инвестордың ойы мен бөлісу.
Құрылыс кешендеріндегі кәсіп орындары бәсекесі арқылы тұрғын үй бағасын төмендету. Депазиттер арқылы төменбаға мен қол жеткізу.
|
Көрші Ресей, Узбекстан,
Қырғыстан, және т.б мемлекетердің тұрғын үй саясаты
|
Инвестиция арқылы салынған құрылысты салсқ салу арқылы бюджетті толтыру; Құрылыс саласында бағаны реттеу және банктекр капиталы арқылы женіл несиелендіру. төменгі пайызбен несие беру; шетелден инвестиция тарту, инвесторға салықтық жеңілдіктер орнату, лизингтік арқылы қаржыландыру.
|
тұрғын үй саласын инвестициялау мемлекеттік бағдарламалар арқылы ипотекалық несиелендіру, тұрғындарды пәтер алу мақсатында мемлекеттік қолдау. Субсидия арқылы қол жетімділігін артыру; Жалға берілетін тұрғын үйлерді көптеп салу инвестиция тарту; жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына салған қаржысын салық тарапынан женілдіктер беру.
|
Қазақстандық бағыты
|
Құрылыс мекемелерін реттеу, жеңілдетілген несиелен- діруді қолдау, банктер мен тығыз жұмыс жасап женіл несиелер мен қаржыландыру; Құрылыс кешендерін, тұрғын үйлердің құрылысына инвесторларды ынталандыру ( тарту ); лизингтік тетікті пайдалану; мекен-жайлық мақсатта мемлекеттік дотациялар мен субсидиялар, ипотекалық несие-лер беру; Мемлекетік бағдарламалар арқылы бітпеген құрылыс кешендерін аяқтау ( 2020 - бағдарламасы).
|
дағдарыс жағдайында құрылыс және тұрғын үй құрылысын қаржылындыру инвесторлар мен тыгыз жұмыс жасау; тұрғын үй банктік несие арқылы тұрғызылса немесе депазаттер арқылы жинақталса жыл соңында мемлекеттік сый-ақы тқлеу; Құрылысқа мемлекет тарапынан салынатын аржыны тендірлік жол мен анықтау, жалдық тұрғын үйдің мемлекеттiк және коммерциялық типтерiн салу; үлескерлік құрылысты қолдау.
|
Ескерту - Кесте автордың зерттеуі бойынша құрастырылған.
|
Экономикасы жоғары елдерде экономикасна байланысты көп деген тұрғын үйлер бар, экономикасы төмен елднрде көрсеткіш - 50% құрaca, Германияда бұл көрсеткiш - 38%, Швецияда - 51%, Голландияда - 45% құрайды, ал қалған 50% жалдама үйлер жатады: оның жартыдан көбі жалдама үйлер көрсеткішпен көрсетсем 39 % - ті. Қазіргі заманымызда жалға берілетін үйлер қомақты ақша көзі (табысты үйлер), 10% әлеуметтiк жалдық үйлер (муниципалды жалдық үйлер). Қазақстан Республикасындағы инвестиция- лық және құрылыс қызметі»
Жинағында республика және өңірлер бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы және серпіні, Осы өзгерістер келесі гистограммада бейнеленген 5(- сурет)
Инвестицияларды қалыптастыратын қаражат көздері, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметі, сонымен бірге құрылыс индустриясының дамуы туралы ақпарат кіреді. Құрылыс ұйымдарының қызметі, негізгі құрал- жабдықтарды, өндірістік және өндірістік емес белгідегі объектілерді, тұрғын үйлер мен әлеуметтік саладағы объектілерді пайдалануға беру және соның ішінде өңірлер туралы ақпарат келтірілген.
Еліміздегі жергілікті облыстарымыздға талдау жүргізетін болсақ оң түстік астанамыз. Алма-атада қазіргі таңда құрылыс алаңы аумағында бетонды араластырғыш құрал құрастырылуда. Ол «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің көпқабатты үйлерінің құрылысын үздіксіз бетонмен қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі таңда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің № 3, 5 және 7 үйлерінің екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының басынан бастап ЕТС тауар биржасында үш аукцион өткізілді. Алғашқы 1225 пәтерді 2013 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Баспана алуға өтініш 2013 жылдың соңында электрондық қызмет арқылы қабылдана бастайды. 2014 жылы тағы 1154 пәтерді пайдалануға беру көзделіп отыр. Жобаның жалпы құны 17 млрд 800 млн теңгені құрайды. Атырауда-құрылысымыз қарқын өркендеуде, ел басымыз батыс қазақстанға мұнай өндейтін завот пен мұнай қалдықтарын өңдеитін кәсіп орын құрылысына қол қойды. Жоба құны шетелдік инвесторлар тарапынан бекітілетін болды. Бүгін Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) құрылысының алғашқы тасын қалауға арналған салтанатты шара өтті. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ның (ҚДБ) қаржылық көмегімен іске асырылатын құрылыс жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады жоба құны 252 млн. АҚШ долларын құрайды.
«Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін салу жобасы өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және мұнай шикізатын тиімді пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдіру зауытын модернизациялау отандық нарықтың шетелдік мұнай өнімдерінен тәуелділігін төмендетуге оң әсерін тигізбек». Стратегиялық маңызы жоғары жоба Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Жаңа кешен жоғары октанды бензин, авиациялық және дизель отыны өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық мотор отындары «Евро-5» деңгейіне сәйкестендіріледі.
Атырау облысында Серік Сәпиевтің бастамасымен ірі спорт кешені бой көтереді. Белгілі былғары қолғап шебері Жылы ой ауданындағы ірі спорт кешені құрылысына қатысты мәселелерді шешуде. Спортшының сөзіне қарағанда, Жылыой ауданының әкімшілік орталығы Құлсары қаласында ірі спорттық кешен құрылысын жүргізу мәселесі Атырау облысы әкімімен келісілген. «Қазір нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Спорттық нысанның бой көтеретін орыны белгіленіп қойды. Болашақта спортқа жақын балалар мұнда бокс, таэквондо, ауыр атлетика және басқа да олимпиадалық спорт түрлері мен шұғылданбақ. Атыруда құрылыс кешендері даму да бұл дегенің ЖІӨ өсуіне белсенді үлес қосады. 2012 жылы облыста орыналасқан құрылыс жұмыстарының көлемі 310726 млн. теңгені құрады. Шымкентте-«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е. Шөкеевтің басшылығымен «Самұрық-Қазына» АҚ тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың басталуы шеңберінде бірінші жоба құрылысының іргесіне капсула салынды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысының перспективалы жобалары таныстырылды. Өз баяндамасында Өмірзақ Шөкеев «Қолжетімді тұрғын үй -2020» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігіне айналатын Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» ел бойынша 3,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлап отыр, оның ішінде 2013 жылы – 200 мың шаршы метр, 2014 жылы – 300 мың шаршы метр тұрғын үй және 2015 жылдан бастап – жыл сайын 2020 жылға дейін 500 мың шаршы метр тұрғын үй». Бағдарламаның басты міндеті орта класс үшін еліміздің барлық өңірлерінде 3 класты қолжетімді тұрғын үй салу болып табылады. Инвестициялық тартымдылығы – Кәсіпорынның дер кезінде өзінің барлық мінднттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығы болып табылады. Кәсәп орының инвестиция тартымдылығын бағалау басты әдісі – оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып келесі бағалау керек: Кәсіп орынның төлем қабілетін және өнімділігін: айналым қаражатын және алған несиені пайдаланудың тимділігін: барлық қарыз міндетемелерді, несиенің сұралған сомасын қоса, өтімді қаржылар мен жабуын: шаруашылық айналымда меншікті қаражатардың болуы, кәсіпорын табыстылығын бағалау.
Инвестицияның жалпы салынған көлемін өзіндік денгейін келесідей көрсеткіштерде көрсетіледі. Халық дамуына септігі тиетін инвестициялаға нақты инвистициялар жатады, оның ішінде экономикамыздың өркендеуіне септігі тиетін күрделі инвестициялар жатады. Елде ЖІӨ өсуі, салынған инвестицияның өсуі: шетелден тартылған инвестиция жалпы көлемі оның ішінде күрделі ссалымдар мен ақша ағымы.
ЖІӨ – нің өсуі елдегі құрылыс қарқынының дамуына әкеліп соқтырады. 2011 ж Әлемдік дағдарыс салдарынан, мұнай, газ, басқада металдар зардаптарынан, құрылыс саласы қалпына келу жағдайында жүрді. Соңғы жылдары жағымды факторлар әсерінен қазақстан жақсы көрсеткіштергк ие болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек шетелдік инвистиция 10%, ЖІӨ 2011 ж. 9,9 %, ал 2012 ж. 13 % өскенін көрсетеді. ( сурет )
Ескерту – ҚР Статистика агентігі және экономикалық даму Министірлігі
негізінде автордың құрастыруы. ( 6 – сурет)
Құрылыс саласындағы инвестицияның көздері, млн. теңге
Сонымен қатар инвестицияның салық көздері, мемлекет тарапынан біраз женілдіктен қолдау табады. Біздің көз қарасымыз келешекте инвестиция саяасаты қарқындап, өсу динамикасын көрсетеді деген ойдамыз. Президент өз Жолдауында инвесторлар алдына тың талаптар қойды. Елімізге заманауи ғимараттар және құрылыс технологияларын енгізу, соған орай ең жаңа өндірістер құру шартын міндеттеді. Елбасының осы бастамасына қолдау ретінде Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Швейцария секілді мемлекет қаржыгерлері мен бизнесмендерінің қатысуымен өткен аймақтық инвестициялық форум көкейкесті сипатымен есте қалып, шетелден қаржыны тартудың ілкімді жолдары мен ішкі мүмкіндіктерін айқындап берді. Жиында келешегі зор инвестициялық жобалар ұсынылып, қолдау тапты. Құрылыс материалдары, полиметалдарды барлау және өндіру, көлік қатынасы, кен орындарын игеру секілді тың салалар сөз етіліп, инвесторларға барынша қолайлы ахуал туғызылды. Құрылыс Қазақстан Республикасының ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасында құрылыс кешені өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы инвестициялық қызметті жандандыруынан, экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады.
Ғылымда құрылыс термині екі аспектіден тұрады: Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда құрылыс сапасын арттыру мәселесі айтарлықтай өзекті болып табылады. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді талқылау кезінде Қарағанды қаласындағы машақатты «Бесоба» тұрғын үй кешені ойға оралады. Бұл құрылыс саласындағыларға үлкен сабақ болды.
Сапалы құрылыс мәселесінде, біздің пікірімізше, екі негізгі фактор рөл атқарады. Біріншісі – елдің құрылыс алаңдарындағы мамандардың кәсібилігі. Бүгінде Қазақстанда жұмысшы мамандықтар мамандары (дәнекерлеушілер, бетоншылар, жөндеушілер, арматурашылар, тас қалаушылар) мен төменгі және орта буын басшыларының (бригадирлер, прораб, ауысым және учаске басшылары) өткір жетіспеушілігі байқалады. Мұның себебі барлығына белгілі: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі, мамандардың кәсіби-техникалық дайындығының төмен деңгейі, жұмысшы мамандықтарының беделсіздігі, төмен еңбекақы мөлшері, әлеуметтік қорғалмағандық, жұмыстың маусымдылығы және т.б. Нәтижесінде, еліміздің құрылыс алаңдарында тиісті тәжірибесі мен мамандығы жоқ адамдар жұмыс жасайды, бұл көптеген жаңадан салынған үйлерден көріп отырғандай зардаптарға алып келеді.
Екіншісі – мемлекет тарапынан құрылыс саласын бақылау. Бүгінде құрылыстың барлық кезеңдерінде бақылау жер телімін бөлуден бастап, нысанды пайдалануға қабылдау және ғимаратты әрі қарай пайдалануға дейін мемлекет тарапынан үлкен назарды қажет етеді. Дегенмен бұл бағытта оң өзгерістер бар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеу төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдарда құрылыс кешеніндегі инвестиция жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
-
заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке құрылыс кешеніндегі инвестиция туралы заңдардың нормалары ескірген. Құрылыс пен айналысатын шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
-
Инвестиция субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – құрылыс субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен инвестиция бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар құрылыстың жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық құрылыстағы инвестицияның қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
-
Инвестициялық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның инвестициялық жүйесінде құрылыс ауқымының өсуіне және оның біртіндеп шетел инвестициясы арқылы айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
-
әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болу құрылыс инвестициясының дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
-
Инвестицияны қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған инвестицияны қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
-
шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай шағын және орта инвестициялық секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
-
қаржы ресурстарына қол жеткізу қиындығы – әлемдегі қаржы дағдарысы құрылысқ инвестиция тарту субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың құрылыс саласындағы инвестиция секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Инвестиция және құрылыс субъектілерінің жеңілдік несиелік ресурстарға кеңінен қол жеткізуі үшін құрылысты қолдаудың төмендегідей қаржылық құралдарын ұсынуға болады:
-
Алдағы жылдарға арналған инвестиция субъектілері мен құрылыс материалдарын шығаратын, өңдейтін және құрылыс материалдарын экспортқа шығаратын ұйымдарды тікелей несиелендіру бағдарламасын құру. Бағдарламаның мақсаты – құрылысытың сапалы дамуына және олардың облыс экономикасын әртараптандыру барысындағы рөлін күшейтуге ықпал ету;
-
Франчайзингті дамыту қызметін аймақтық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындардың сәтті үлгісін қайталау арқылы жүзеге асырып отырған кәсіп орындарға инвестициялық қолдау жасау;
-
Құрылыстағы несиелерін кепілдендірудің шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелік ресурстарға кеңейтілген және тең түрде қол жеткізуі мақсатында оларға екінші деңгейлі банктердің алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жартылай кепілдіктерді ұсыну арқылы қолдау;
-
Аймақтардағы нүктелік қаржыландырудың құрылыстағы бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігін сол аймақ үшін басымдылыққа ие болатын салалардағы немесе жекелеген аймақтық бірліктердегі құрылыстарды қаржыландыру арқылы арттыру;
-
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудағы экономиканың басымдылыққа ие салаларындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан құрылыс кешендеріне субъектілерін олардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы қолдау;
-
Аймақтардағы құрылыс кешендеріне пайыздық мөлшерлемені жергілікті атқару органдарының қатысуымен субсидиялау. Мұның мақсаты – құрылыс кешеніне салынатын инвестицияны субъектілеріне қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламарын жүзеге асырудың тиімділігін сол тұлғалардың банкілік займдар бойынша пайыздарын төлеу жөніндегі шығындарын азайту арқылы арттыру;
-
Құрылыстытағы субъектілерінің несиелік қоржындарын Қордың кепілдік етуімен қамсыздандыру. Инвестициялық субъектілерін несиелендірудің көлемін одан әрі арттыру мақсатында активтермен қамсыздандырылған құнды қағаздарды шығару арқылы қаржы тарту.
Мемлекет тарапынан түрлі қолдау бағдарламаларының жүзеге асырылуына қарамастан аймақ бойынша әрекет етуші және инвестиция салуын енді бастағасы келетін әлеуетті кәсіпкерлер құрылысты салу одан әрі дамыту барысында бірқатар мәселелердің бар екендігін атап өтеді. Олардың қатарына төмендегілер жатқызылған:
-
Инвестиция салуды бастауда рұқсат қағаздарын алуға уақыт пен қаржының мол жұмсалуы, түрлі рұқсат қағаздарын алуда жемқорлықтың, бюрократизмнің кең етек жаюы, бұл әсіресе құрылыс жүргізу мәселесі бойынша;
-
Қазақстан республикасында бірқатар қаржылық ұйымдардың өз құрылысын енді бастағалы жүрген әлеуетті кәсіпкерлерге жеңілдікті несие, инвестиция ұсынбауы;
-
Облыс аудандарында кейбір рұқсат қағаздарын алуда облыс орталығына бару қажетілігі;
-
Жалпы әрекет етуші кәсіпкерлердің инвестиция, маркетинг, салық, қаржы жүйесі, т.с.с. бизнестің маңызды тетіктері бойынша білім деңгейінің төмендігі;
Аталмыш мәселелерді шешудің мүмкін жолдары ретінде төмендегі шараларды қарастырамыз:
-
Инвестиция салу барысында әлеуетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау, кеңес беретін ақпараттық қолдау орталықтарын ашу;
-
Әрекет етуші және әлеуетті кәсіпкерлерді өз инвестициясын салуда және дамытуда облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасымен анықталған басымдықты бағыттар бойынша жеңілдікті қаржылық қолдау, оны «мөлдірлік» қағидасына негізделе отырып жүзеге асыру;
-
Құрылыстағы белсенділікті инвестициялық сипатта дамыту, ол үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсету үшін шетелдік тәжірибені үйрену;
-
Қоғамда құрылыс кешендеріне инвестиция тартуды қолайлы жағдай қалыптастыру.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында ғана елімізде құрылыс кешеніне инвестиция тарту өз деңгейінде дамытып, «Қазақстан-2030» стратегиясын толыққанды жүзеге асырып, бәсекеге қабілетті қабілетті 30 елдің қатарына кіруіміз хақ.
Диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1. Игонина Л.Л. Инвестиции; Учебное пособие. / Л.Л., Игонтна.; Под;ред. Д.э.н., проф.Слепова В.А-Москва: Экономисть, 2004.
Резюме
Диссертация на соискание степени магистра экономики и бизнеса по специальности 6М050600 – «Экономика»
Кулахметов Мурат Асылбекович
Экономическая эффективность инвестирования строительных комплексов
(На основе данных Республики Казахстан)
Актуальность исследуемой работы. Строительство – является мощной индустриальной сферы материального производства, передвижения и обнавления , реставрация, ремонт, целенапрвленное основоположения здания.
Строительство оценивает эффективность работы и активность работоспособности организаций, так жеявляется заключительным этапом финансового анализа.
Рассмотрение деловой активности, возможное определение эффективного исползования финансов строительства, исследует движение и уровень коэффицента финансового оборота.
Результат эффективной работы строительства взвешивается путем сравнения исползованных ресурсов и расходов.
Научное новшество диссертационной работы. Во время исследования с точки зрения научных новшеств рассматривались такие задачи:
-Теоретическое разъяснение инвестирования строительных комплексов и определилось экономическое влияние инвестиций;
- Рассмотрены пути усовершенствование инвестирование строительных комплексов, исследуя влияющие факторы оценить эффективность инвестирование в строительстве.
- Определили классификацию путей совершенствования и основные принципы усовершенствование инвестиций;
- В развитий инвестирование в строительных комплексах достаточно разработано и решены многие вопросы;
- Аспекты и экономическая эффективность инвестиций в строительных комплексах.
Предметом исследования – является преувелечение и привлечение инвестиций в строительные комплексы, расмотрение эффективности инвестиций в сферах строительства.
Целью исследования является исследование привлечения инвестиций в строительных комплексах Республики Казахстан.
Summary
The thesis on competition of degree of the master of economy and business in the specialty 6M050600 – "Economy"
Kulakhmetov Murat Asylbekovich
Economic efficiency of investment of construction complexes
(On the basis of data of the Republic of Kazakhstan)
Relevance of studied work. Construction – is the powerful industrial sphere of production of goods, movement and updating, restoration, repair, tselenaprvlenny a building osnovopolozheniye.
Construction estimates overall performance and activity of operability of the organizations, so жеявляется the final stage of the financial analysis.
Consideration of business activity, possible definition of an effective ispolzovaniye of finance of construction, investigates movement and level коэффицента a financial turn.
The result of effective work of construction is weighed by comparison of ispolzovanny resources and expenses.
Scientific innovation of dissertation work. During research from the point of view of scientific innovations such tasks were considered:
- The theoretical explanation of investment of construction complexes also was defined economic influence of investments;
- Ways improvement investment of construction complexes are considered, investigating influencing factors to estimate efficiency investment in construction.
- Defined classification of ways of improvement and the basic principles improvement of investments;
- In developments investment in construction complexes is rather developed and many issues are resolved;
- Aspects and economic efficiency of investments in construction complexes.
Object of research – is exaggeration and attraction of investments into construction complexes, consideration of efficiency of investments in construction spheres.
Research objective is research of attraction of investments in construction complexes of the Republic of Kazakhstan.
Достарыңызбен бөлісу: |