Рефераты Қазақстан Республикасы



Дата09.06.2016
өлшемі321.71 Kb.
#123994
түріРеферат


ӘОЖ 574: 627.17 (574.54)

Қолжазба құқығында



Ақбердиева Гүлнұр Қасымбекқызы
Жалағаш ауданындағы көл жүйелерінің

(Майкөл) экологиялық күйі және сауықтыру жолдары
6М060800 – Экология мамандығы бойынша

жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



рефераты

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 жыл
Жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институтының «Химия және экология» кафедрасында орындалған.


Ғылыми жетекшісі:


ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Нұрғызарынов А.М.



Ресми оппонент:

Ы. Жахаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы

ғылыми - зерттеу институты» бас директоры, т.ғ.д.,

профессор С.Ы. Өмірзақов

Қорғау 2013 жылы «7» маусымда сағат 09-00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Жаратылыстану және аграрлық технологиялар» институтының 9-оқу ғимаратында 303 аудиторияда өтеді.

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді к-сі, 66

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады (120014, Қызылорда, К.Байсеитова көшесі №100).


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан аумағындағы су көздерінің биологиялық әлеуетін (потенциалын) толық пайдаланып балық өндірісін экономиканың тиімді саласына айналдыру мәселелеріне үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Осыған орай, осындай шешімді Қызылорда облысының әкімдігі де қабылдап отыр. Оған мұнда қолайлы алғы шарттар жеткілікті. Осы мақсатта, біз Жалағаш ауданындағы Майкөл көліне зерттеу жүргіздік.

Зерттеудің мақсаты: Жалағаш ауданындағы Майкөл көлінің экологиялық күйі мен сауықтыру жолдарын зерттеу.

Зерттеудің міндеті:

Майкөлдің физика-географиялық көрсеткіштерін жаңа экологиялық жағдайға сәйкес зерттеп, толықтыру. Көлдің гидрохимиясын (тұздылығы, тұздың құрамы, балансы, биогендік (фосфаттар, нитриттер) заттардың режимін зерттеу.



Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы Майкөл көлі.

Зерттеу әдістері: Жұмысты жазу барысында Қызылорда облыстық экология және биоресурстар қоры комитеті, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің «Арал-Сырдария облыс аралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінен мәліметтер алынды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:

Диссертациялық жұмысты орындау барысында Жалағаш ауданындағы көл жүйелерінің (Майкөл) эколгиялық күйі және сауықтыру жолдары, Майкөл көлінің ихтиофаунасы жан-жақты зерттеліп және көлден алынған сынамалардың көрсеткіштері кестелерге түсіріліп, диаграммалармен көрсетілді.

Зерттеу жұмысының теориялық мәтіні көптеген табиғат зерттеушілерінің еңбектерінің негізіне сүйеніп жазылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығының түйіні төмендегідей:

Майкөл көлінің химиялық құрамы, көл жағалауындағы топырақ құрамын қорғаудың экологиялық ұстанымдары жасалынды.

Сыр байтағындағы жайылма көлдерге есеп жүргізілді, соның негізінде осы көлдерді қорғаудың шаралары жасалды.

Майкөл көлінің тайыздап, химиялық құрамының өзгергендігі анықталып, оларды қалпына келтіру шаралары қарастырылды.



Диссертациялық жұмыстың қолданбалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін қоршаған орта табиғат ресурстарын тиімді, оның жеке құрам бөліктерін үнемді де ұқыпты пайдаланудағы геоэкологиялық мәселелерін шешуде, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сай табиғи өзгерісіне сипаттама беруге және жоғары оқу орындарында «Әлеуметтік -гуманитарлық» пәндер кафедрасының оқу процесіне, атап айтқанда 5В060800-Экология мамандығына «Ғаламдық экология» пәндерін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеудің сынақтан өтуі (апробация). Магистрлік диссертациялық жұмыс «Химия және экология» кафедрасы және Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты кеңейтілген мәжілістерінде тыңдалды.

Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі және барлық эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен орындалды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады. Жұмыс 13 сурет, 30 кесте, 10 диаграмма және қосымшадан жинақталған. Жұмыстың жалпы көлемі 85 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 101.

Сырдарияның төменгі ағысына физика-географиялық сипаттама.

Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.

Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент, оңтүстігінде өзбек республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді.

Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 пайызы. Оңтүстігіне – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігіне – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.

Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұнқыр болған.

Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұнқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді.



Климаты. Қызылорда облысының климаты Еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік - жазы, ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс аумағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +250-280. Аумақтың көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +440-470. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөліктерінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қантардың орта температурасы – 13,40, ал оңтүстігінде "Аққұмда" – 6, 80 десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6, 60С.

Өсімдігі. Қызылорда облысы территориясының топырақ-климат жағдайы негізінен екі түрлі. Сырдарияның ескі атыраулық жазығы және оны айнала қоршап жатқан шөл және шөлейт дала. Облыстың жалпы жер көлемімен есептегенде Сырдария атырауының үлесіне небәрі 10 (он) пайыз тиеді. Шөл және шөлейт дала 86 пайызын алып жатыр, ал қалғандары шаруашылық үшін пәлендей маңызы жоқ жерлер.

Мысалы, сорлар, таудың жалаңаш бөлігі, тақырлар.

Осы аймақтардың табиғатына бейімделген өсімдіктер қауымдастығы қалыптасқан. Жалпы облыс аймағының өсімдіктерін үлкен төрт топқа бөледі:

- саздық жазықтардың өсімдіктері, құмды жазықтардың өсімдіктері, тау етегіндегі жазықтардың және Сырдария атырауның өсімдіктері.

Аумағы жағынан саздақ шөл дала облыстың солтүстігінде, құмды жазықтар – оңтүстігінде, ал ортасында ескі және жаңа атырау жатыр.


  • Саздақ шөл даланың фитоценозы солтүстік Арал өңірі мен ескі атыраудан солтүстік жағында үштік бор, қыратында және жаңа атырау жазығында кездесетін қалдық төбелер де тараған.

  • Қызылорда облысының аумағына үлкен және кіші Борсық, оңтүстігінде Мойынқұм, Сарысудың аяғындағы құмдар, Арал өңіріндегі Қарақұм және Сырдарияның сол жағында жатқан Жуан құм кіреді. Бұл аталмыш құмды алқаптардың өсімдігін үш топқа бөледі: бұталы, бұта аралас және еркек шөп, жусан, қоянсүйек, жүзгін т.б. Орнықты құмдар мен құм төбелерді жиектеп аралас өсетін еркек шөп, жусан шөптерінің өнімділігі гектарына 7-8 центнер. Құм арасындағы жазықтарда гектарлық өнімі 3-8 центнердей болатын еркек шөппен аралас басқалары бар. Солтүстік шөл даланың ерте заманнан қалған бұйрат және жал бұйрат құмдарына тән өсімдіктері жүзгін, баялыш, қара сексеуіл аралас шығатын жусан мен эфемерлер.

Су қорлары. Сырдария Орта Азиядағы ірі өзен Қарадария мен Нарын өзендерінен Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастау алып, Арал теңізіне құяды. Ұзындығы Нарын өзенінен 2212 км, Қарадариядан 3019 км, су жинау алқабы 219 мың км2. Жоғары бөлігіндегі суы Ферғана аңғарындағы егінді суғаруға көбірек пайдаланылады, сондықтан, көптеген салаларының суы басты арнаға жетпейді. Басты салалары: сол жағынан – Есбайрамсай, Сақ, Еспара, Қожабақырған, оң жағынан – Хасансай, Қабасай, Шадақсай.

Көл жүйелері (аумағы, орташа тереңдігі). Дария тасығанда аталмыш арналардың аралығындағы ой-шұқырлар түгелдей сумен толып, кәзіргі Жаңақорған мен Арал теңізінің аралығында жатқан атыраулық жазықта жүздеген көлдер пайда болатын. Бар деректер бойынша, Сырдың төменгі ағысында атыраулық жазықтағы көлдердің саны 2582 болған көрінеді. Кіші-гірім көлдер мен көлшіктерді айтпағанда әр қайсысының айдыны 45,0-50,0 мың гектар болатын Қараөзек, Қарарын, Бірқазан, Тораңғылсай, Қандыарал, Ақсай-Қуандария секілді көл жүйелері болатын-ды. Қазір сонан қалғаны тек саусақпен санатындай ғана, әйтеуір, жоқтан тәуір. Көпшілігі бұрынғыдай болмағанымен оң көзбен қарап, күте білсе балық өндірісін молайтуға жарайтын экономикалық нысандар екені анық.

Көлдерді балық өндірісінде пайдаланудың жергілікті жерде жинақталған тәжірбиесіне сүйеніп, олардың аймақтық және гидрологиялық белгілеріне қарай ірі-ірі көл жүйелеріне топтайды. Оларды ішінде балығы мол ірі жүйелер төменде келтірілген.


Сырдың атыраулық аймағындағы ірі көл жүйелері

(Қызылорда облыстық балық инспекциясы. 2011 ж.)

1-кесте


р/с

Көл жүйесінің аты

Жүйені құрайтын көлдердің аты

1

Қамыстыбас

Қамыстыбас, Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райм

2

Ақшатау

Ақшатау, Сорғақ, Қаракөл, Шөмішкөл, Қотанкөл

3

Ақсай-Қуандария

Жуансадырбай, Лақалы, Ханой, Қаратерең, Тасарық, Қаукей

4

Ақпай-ақирек

Мақпал, Жаркөл, Қаракөз

5

Қараөзек

Қараарын, Малтай, Бескепе, Майкөл

6

Теңіз жағасы

Тұщы, Қарашалаң, Қаратерең, Ақбілек, Ақбасты, Қартыма,Жыланды, Баян, Жаңғылышкөл

Аталмыш көл жүйелерінің пайда болуы мен олардың гидрология-гидрохимиялық режимі Сырдария өзенінің су режимімен тікелей байланысты. Арал өңірінде жалпы гидрологиялық режимінің қолайсыз бағытта өзгеру процесі басталғанға дейін аталмыш көлдердің суы мол, деңгейі биік, іші толған балық болды.



Майкөл көлінің су балансы (көлдің аумағы, орташа тереңдігі, жыл сайын түсіп тұрған судың көлемі, температурасы-көктем, жаз, күз)

Жалпы Майкөл көлі Қараөзек су тармағының оң жақ жағалауында орналасқан. Сондай-ақ көл Қараөзек су тармағы арқылы сумен қамтылады. Көл негізінен көлік қатынас жолына жақын жерде орналасқан, жалпы облыс орталығын Жалағаш поселкесімен қосып тұр. Негізі Қызылорда қаласына дейінгі ара қашықтық – 145 км. Ұзындығы солтүстік – шығыстан батысқа қарай 1200 м-ді, ені-850 м-ді, максималды тереңдігі 3,5 м-ді, көп жерлерде – 2,5 м-ді, ауданы 100 га-ны құрайды. Саяз жердің барлығында қалың қатты су өсімдіктер қаулап өсіп тұрады. Ашық су астында өсетін жұмсақ егеушөп, мүйізжапырақ, балдырлар мен хара өсімдіктері өсіп кеткен, жиі кубышка және құмыра кездесіп тұрады. Майкөл көлінің аймағындағы климат қатты континенталды және құрғақ. Мұндағы орташа жылдық температура 10-12˚С. Ең қатты ыстық кезең шілде – тамыз айлары болып табылады.

Қараша айының ортасында негізінен теріс температуралар кезеңі келіп тұрады. Негізнен қараша айының аяғына қарай көлге мұз қатады. Сонда жылдық түсім 115-120 мм-ды құрайды. Бұл аудандағы желдер негізінен солтүстік және солтүстік – шығыс соғады, ондағы желдің орташа жылдық жылдамдығы 3,5-4,2 м/сек-ты құрайды. Ал ауа температурасының жылдық амплетудасы -34 - ден +41ºС дейінгі аралықта болады. Негізінен облыс аймағында жаз ыстық, әрі ұзақ аймақ болып табылады.. Кей жылдары ауа температурасы + 42 - + 46ºС дейін көтерілген кезі болған. Сондай-ақ қысы суық бірақ ұзақ емес.

Жалпы көлдің суы Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан келіп түсетін сумен, суаруға жұмсалатын сумен, аздап мұз ерігеннен кейінгі және жер асты су деңгейімен анықталады.

Көлдің пішіні сопақша дөңгелекті. Көлдің солтүстік-шығыс және шығыс жағалаулары ашық, батыстан соғатын желдерге ыңғайлы, жағалауы аздап кесіліп, шайылған. Көлдің батыс бөліктерінде қоға өсіп кеткен. Жалпы бүкіл өзенде су астында өсетін өсімдіктер аз өседі, негізінен балдыр мен мүйізжапырақ өседі.

Көл суының гидрохимиясы. Бұрын соңды Майкөл көлінде гидрохимиялық зерттеулер жүргізілмеген, сол себепті алғаш рет судың химиялық құрамы туралы мәлімет 2006 жылы алынған.

Зерттеу мәліметтері бойынша Майкөл көлі терең көлдер қатарына жатады, су сынамалары алынған аймақтарда көлдің тереңдігі 4,7 - 6,0 м-ге дейін барған. Бұл көлден қолайлы газдық тәртіпті күтуге болады.

1964 жылы көлдің барлық учаскелерінде өсімдіктер өсімі жоғары болды. Көлдің барлық саяз жерлерінде қатты су өсімдіктері қаулап өсті, көбіне қоға, қоға мен қамыс учаскелердің жалпы ауданының 75-90 % алып жатты.

Майкөл көлінің макробентофаунасы су түбінде тіршілік ететін бес топпен сипатталады, олар: насекомдардың төрт отрядына жататын майдақылқанды құрттар мен дірнәсілдер – қосқанаттылар (diptera), масаққұрттар (chironomidae), инелік (odonata), қатты қанаттылар (сoleoptera), бір –екі күн тіршілік ететін көбелек (еphemeroptera). Топырақтың басым биотобында олар біркелкі кездеседі. Көлдердің шөптермен қаулап өсуі шамамен – 30-40 % құрайды. Майкөл көлінің сынамалар алынған жерлердегі тереңдік 3-4 м болды.

Майкөл көлінің 2011 жылғы шілде айындағы макрозообентостың негізгі топтарының саны мен биомассасына байланысты сандық сипаттамасы келесі кестеде көрсетілген (2-кесте).
Макрозообентостың негізгі топтарының сандық сипаттамасы 2011ж

2-кесте


Саны, экз/м2

Организмдер тобы

Биомассасы, г/м2

40

Мизида (mysidae)

0,20

160

Масаққұрттар (сhironomidae)

2,36

200

Барлығы

2,56

Кестеде көрсетілгендей, ең көп кездесетін топ масаққұрттар (сhironomidae), ол жалпы санынан 80 %-ын құрайды және бентонттардың жалпы биомассасының 92 %-ын құрайды. Көктем айларында бақылау барысында макрозообентостың сандық көрсеткіштері төменгі деңгеймен сипатталады небары 200 экз/м2 және 2,56 г/м2.

2011 жылдың тамыз айында «Майкөл» көлі суының сапа көрсеткішін анықтау мақсатында көл жиегінен (оңтүстік, солтүстік) және ортасынан, үш сынама алынды.

Су сынамасы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің «Арал – Сырдария облыс аралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде талданды.

2012 жылдың тамыз айында көлден алынған сынаманың көрсеткіші төмендегідей (3-кесте).


Майкөл көлі суының сапа көрсеткіші

3-кесте




жылдар

Ингредиенттер

ПДК

2006

2011

2012

1

Түстілігі

-

-

-

-

2

Иісі

-

-

-




3

рН

6,5-8,5

7,2

6,8

7,1

4

Ерітілген оттек

4 мг/дм3

10,2

9,2

11,5

5

БПК5

-

5,6

6,2

5,9

6

қышқылдығы

-

7,0

7,3

7,8

7

Аммиак азоты

2,0 мг/дм3

0,25

0,39

0,41

8

Нитрит азоты

3,3 мг/дм3

0,025

0,019

0,26

9

Нитрат азоты

45,0 мг/дм3

1,45

1,12

1,63

10

Тұтқырлығы

7,0 мг/дм3

23,0

26,0

27,0

11

Хлоридтер

350 мг/дм3

445,5

545,9

574,4

12

Құрғақ қалдық

1000 мг/дм3

2010,0

2444,0

2675,2

13

Сульфаттар

500 мг/дм3

735,0

816,0

863,1

14

Кальций




-

200

221

15

Магний




-

194,6

186,5

16

Темір

0,3 мг/дм3

0,18

0,2

0,23

17

Фторидтер

0,7-1,5 мг/дм3

0,23

0,35

0,42

18

Мыс

1 мг/дм3

0,2

0,4

0,38

Кестеде 2012 жылдардағы су сапасының құрамы біршама өзгергенін байқауға болады. Мысалы: көлдің су тұтқырлығының шектеулі мөлшері 7,0 мг/дм2 болса, 2006 жылғы мәліметте 23,0 мг/дм2 , 2012 жылғы сараптама бойынша 27,0 мг/дм2 жеткен. Бұл көл суының сапасының соңғы жылдары нормадан тыс ластанғанын көрсетеді (1-диаграмма). Майкөл көлінің суындағы құрғақ қалдықтардың көрсеткіші төменде 2-диаграммада көрсетілген. Негізі көл суындағы құрғақ қалдықтың шекті мөлшері 1000 мг/дм3 болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 2010 мг/дм3 жетсе, 2011 жылы 2444 мг/дм3, 2012 жылы 2675 мг/дм3 – ге жеткен. Көлдегі судың құрғақ қалдығының мөлшерін түбіндегі лайлы тұнбадан да көруге болады.


1-диаграмма. Майкөл көлі бойынша судың тұтқырлығы



2-диаграмма. Майкөл көл суының құрғақ қалдық мөлшері

Соңғы мәліметтерге қарағанда судың химиялық құрамында хлорид пен сульфаттың шектік мөлшерден асып кеткенін байқадық. Көл суындағы хлоридтің шекті мөлшері 350 мг/дм3 болу керек болса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 445,5 мг/дм3 болды, оның басты себебі сол жылдары негізгі су көзі болып отырған Қараөзек жүйесінің біршама суға мол болуынан деп есептеймін.

3-диаграмма. Майкөл көлі бойынша хлоридтің мөлшері.

Ал 2011 жылы көлдегі судың хлоридтік құрамы 18,4 пайызға, яғни 545,9 мг/дм3-ге көбейіп отыр. 2012 жылғы мәлімет бойынша 19,7 пайызға, 574,4 мг/дм3-ге көбейген (3-диаграмма). Яғни, көлге судың жылдан-жылға құйып тұруы азайып, су айдынының кішірейіп, буланудың көптігінен судың химиялық құрамы да үлкен өзгеріске ұшырап отыр.

4-диаграмма. Майкөл көлі бойынша сульфаттардың көрсеткіші

Енді көл суының құрамындағы сульфаттылығына талдау жасайық. Көл суының шекті мөлшерлі концентрациясы 500 мг/дм3 болуы тиіс, ал 2006 жылғы мәлімет бойынша 735 мг/дм3 болған, ал біз су сынамасын алған 2011 жылы сараптама бойынша судың сульфаттық құрамы 816 мг/дм3 болды, 2012 жылғы сараптама бойынша 863,1 мг/дм3 , яғни 14,9 пайызға көбейіп отыр.

Кесте мен диаграммада көрсетілгендей Майкөл көлі суының құрамындағы құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар мөлшері мен тұтқырлығы 2006-ға қарағанда 2011 жылы мен 2012 жылы ШМК-дан (шекті мөлшерлі концентрация) жоғары болып отыр. Ол әр жылдардағы Майкөл көліне түсетін судың химиялық құрамына да байланысты екенінің дәлелі.



Топырақтан алған су сығындысының құрамы %/ мг-экв

4-кесте


Қабаттың тереңдігі, см

рН

Анион

Катион

Na+K, %

Құрғақ қалдық, %

HCO3

Cl

SO4

Ca

Mg

0-13

7,45

0,021

0,175

0,51

0,090

0,048

0,17

1,01

0,35

4,95

10,6

4,50

4,0

13-42

7,15

0,0525

0,8165

0,0501

0,0143

0,0073

0,5428

1,48

0,86

23,0

1,04

0,70

0,60

42-70

7,20

0,0293

0,3337

0,3329

0,0080

0,0134

0,3569

1,06

5-диаграмма. Майкөл көлінің маңындағы топырақтан алынған су сығындысының тұтқырлық көрсеткіші

Майкөл көлінің маңынан (оңтүстік жағалау) топырақ үлгісі де алынды. Топырақ кесіндісінің алынған топырақ тереңдігі 70 см аспады. Себебі 70 см-ден кейін су шығып кетті. Осы кесіндінің өзін үш деңгейде бөліп қарастырдық.

Топырақтан алған су сығындысының құрамындағы натрий (Na), калий (K), магний (Mg), кальций (Ca) т.б. химиялық сапасы мен құрғақ қалдық, тұтқырлығы тексерілді.

Бірінші деңгей: 0 – 13 см тереңдіктегі топырақтан алған су сығындысының құрамында натрий мен калий (0,17%) төменгі қабатқа қарағанда көптеу

(4-кесте). Топықтың су құрамының тұтқырлығы жоғары, яғни 7,45

(5,6-диаграмма), ал құрғақ қалдық 1,01%.

6-диаграмма. Майкөл көлінің маңындағы топырақтан алынған су сығындысының құрғақ қалдығының көрсеткіші

Екінші қабат: 13 – 42 см тереңдіктегі топырақтан алынған су сығындысының құрамында натрий мен калийдің мөлшері бірнеше есе төмен (0,5428%), соған орай су құрамының тұтқырлығы да төмендеу (7,15), құрғақ қалдық 1,48% құрайды.

Үшінші қабат: 42 – 70 см тереңдіктегі топырақтан алынған су сығындысының құрамында натрий мен калийдің мөлшері екінші қабатқа қарағанда көптеу (0,3569%), соған орай су құрамының тұтқырлығы да екінші қабатқа қарағанда жоғарылау (7,20), құрғақ қалдық 1,06% құрайды.

Жалпы алғанда көл жағалауындағы топырақ құрамының химиялық сараптамасы көрсеткендей, көл суы жылдан жылға азайып, судың тартылуынан жағалау топырағы сорлануы, көл суының тұздануынан деп білеміз. Сондықтан көлге Дария суының (Қараөзек арқылы тұщы су) құйылып тұруын қадағалау қажет сияқты. Өйтпесе, келешекте көл суы тартылып, елді мекен жанынан үлкен тұзы бұрқыраған сор жер пайда болуы да мүмкін.

Көл суындағы биогендік заттардың режимі. 2006 жылдың зерттеу мәліметтері бойынша, Қараөзек көлдер жүйесінде Майкөл көлі ең терең көлдердің бірі болған, оның тереңдігі 5 метрге дейін жеткен, орташа тереңдігі аса үлкен емес, шамамен 1,5-2 м-ді құраған. Сыр-Дария өзенінің ағымы азайған кезде және Қараөзек тармағы тосқауыл қойылған кезде жүйе бір-бірінен оқшауланған топтарға айналады, ондағы су жаз айларында күніне 2 см жылдамдықпен азаяды.

5 кестеде 2012 жылдағы Майкөл көліндегі судың химиялық құрамы жайлы мәлімет көрсетілген.


Майкөл көлінің суындағы биогендік заттар, мг / дм3 2012ж

5-кесте


Сынама

NH4 +

NO2 -

P

Минералдығы

1

0,09

0,058

0,010

2028

2

0,34

0,015

0,020

8816

Алынған мәліметтерге сәйкес, судағы су флорасын дамытуға қажетті биогендік қоспалардың саны жеткілікті екендігі анықталды. Майкөл көліндегі судың құрамындағы аммоний азотының мөлшері аздап жоғары, аммоний тұздарының концентрациясы да артық, бұл сірә көлдің жоғары өнімді екендігін сипаттайтын көрсеткіші болуы керек.

Майкөл көлінің суында минералды фосфордың концентрациясы 0,010 – 0,020 мг/дм3 шамасында болды, бұл суаттарда су флорасы мен онда болатын биоөнімділік процестеріне жалпы қолайлы болып есептеледі.

Алынған материалдан көл акваториясының су минералдануының біркелкі емес екендігін де байқауға болады, ол көлдің жекелеген аймақтарының тұшы сулығымен және оның күрделі морфометриялық конфигурациясымен ерекшеленеді.



2011 жылдағы Майкөл көлінің гидрохимиялық көрсеткіштері

6 - кесте



рН

Т, мг/дм м

О,

мг/дм

Биогендік қоспалар


Тотығу

мгО/дм


Минералдығы мг/дм

NH4

NO2

NO3

4







7,9

19

5,2

0,045

0,012

1,25

0,018

3,9

4800

Кестеде көрсетілгендей, Майкөл көлінің суына әлсіз сілтілі реакция тән. Оттегі мөлшері аса жоғары емес. Биогенді қоспалар концентрациясы ПДК – дан асқан жоқ. Оңай тотығатын органикалық заттардың концетрациясы шамадан тыс артық болған жоқ.

Көл суының минералдануын айтар болсақ жоғары болды. Жалпы Майкөл көлінің гидрохимиялық негізі жемдік ағзалар мен балықтардың тіршілігі үшін қолайлы деп табылады. Көлдің суы негізінен, минералдығы да жекелеген жылдарда қыс мезгілінде түсетін атмосфералық түсімдерге байланысты ауытқып тұрады.

Көлдің жекелеген аудандарында судың жоғары минералдылығы аса қауіпті емес себебі оның акваториясының негізгі бөлігіндегі минералдылығы жоғары емес.

Майкөлдің шаруашылық маңызы. Майкөл көлі ихтиофаунасының түрлік құрамы қазіргі уақытта келесі балық түрлерінен құралады : арал тортасы (Rutilus rutilus aralensis Berg), қызыл қанат (Scardinus erythrophthalmus), қылыш балық (Pelecus cultratus Linne), түркістан аққайраңы (Leuciscus idus oxianus Kessler), арал сазаны (Cyprinus carpio aralensis Spitshakow), жыланбас (Channa argus warpachowskii Berg), жайын (Silurus glanis Linne), көксерке (Sander lucioperca Linne), шортан (Esox lucius Linne).

Негізгі кәсіби балық түрлері : сазан, тыран, торта, көксерке, ақбалық, аққайраң, қылыш балық, алабұға және қызылқанат.

Эксперименталды аулау нәтижелері бойынша Майкөл көлінің ихтиофаунасы 2011 жылы төмендегідей балықтар түрімен сипатталған – сазан, табан, торта, ақ балық, күміс мөңке, қызыл қанат.

Кәсіби мақсатта ауланатын негізгі балық түрлері: сазан, табан, торта, ақ балық, күміс мөңке және қызыл қанат.



ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Судың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау

Температура:Су үлгісін алу үшін термометрмен (0,10 дәлдікке дейін) суда 5 мин ұстап өлшейді.

Мөлдірлігі:Судың мөлдірлігі арнайы шрифт арқылы сұйықтың сантиметрмен алынған иіктігі бойынша анықталады. Ауыз су үшін мөлдірлік 30 см ден кем болмау керек. Өзен сулары үшін 25 см, мөлдірлігі бұл шамадан төмен болса, су ластанған болып саналады.

Дәмі: Судың дәмі баллмен анықталады. 2 баллдан аспайтын су жарамды су болып табылады. Судың дәмі де исі арқылы анықталады.

СУДЫҢ РЕАКЦИЯ ОРТАСЫН (рН) АНЫҚТАУ

Реакция ортасының сан мәні 1-ден 14-ке дейінгі аралықта болады. Көптеген табиғи сулардың рН ортасы 6,5-8,5 шамасында болып, ол судағы көмір қышқылы мен бикарбонат-ионның концентрациясына байланысты болады. рН мөлшерінің төменгі шамасы батпақты қышқыл суларда болса, жазда фотосинтез процесі қарқынды жүргенде 9,0-ге дейін көтеріледі. Суда жүріп жататын химиялық, биологиялық процестер нәтижесінде СО2 концентрациясы артып, рН мөлшері өзгереді, сондықтан бұл көрсеткішті үлгіні алысымен тез арада анықтау керек.

Судың реакция ортасын анықтау үшін арнаулы реактивтер-индикаторлар, сол сияқты шыны электродты рН-метрлер қолданылады. Универсал индикатор қағазы арқылы рН мөлшерін 0,2-0,4 бірлікке дейін анықтауға болады.

Бұл әдіс бойынша зерттелетін су мен шыны электродтың мембранасының сыртқы беті мен стандарт ерітінді мен электрод мембранамының ішік беті аралығындағы потенциалдар айырмасы арқылы сұйықтың рН мөлшері табылады.

Шыны электродтың ішкі стандартты ерітіндісінде сутек иондарының концентрациясы тұрақты болады, сондықтан мембрананың ішкі бетінің потенциалы өзгермейді. Потенциалдар айырмасы электродтың сыртқы беті мен зерттелетін ерітінді (су) арасында пайда болған потенциалдар арқылы табылады.

Қорытынды

1. Сырдарияның төменгі ағысындағы ескі атырауда орналасқан Жалағаш ауданының жеріндегі көл жүйесін Майкөл, Қаракөл, Бибіш, Шынар, Қарасу, Жаманқара көлдері құрайды.

Олардың жалпы аумағы 300 гектардай, ішіндегі ең ірісі Майкөлдің аумағы 100 га, су келетін көзі Қараөзек басын Сырдария өзенінен алады. Көлдердің суы ашқылтым, орташа тереңдігі 1,5-2,5 м, бәрі де шаруашылық маңызын жоғалтпаған балық беретін көлдер.

2. Зерттеу жүргізген Майкөлдің гидрологиялық режимі тұрақсыз, өйткені, Сырдария өзенінің жылдық ағысына байланысты. Сырдария тасу болған жылдары ерте көктемде (мамыр айына дейін) күріш егісінің науқаны басталғанға дейін көлге түсетін судың көлемі едәуір көбейіп, межедегі 150,0 мың м3-ден 70-80 мың м3 артық түседі.

Сонда көлдің суы 2,5-3,0 метрге дейін тереңдеп, аумағы 110-115 гектарға дейін ұлғаяды. Соған орай, көл суының гидрологиялық режимі құбылып тұрады: судың масасы көктемде молаяды, жаз ортасында қалыпты деңгейге түседі, күзде қайтадан көбейеді.

3. Көл суының қалыптасқан гидрохимиялық режимінде онша көп ауытқу байқалмайды. Судағы тұздың концентрациясы көктемде жаңа су келгенде сәл азайады, яғни сәл тұшиды, керісінше, суда еріген оттегінің (О2) концентрациясы көбейеді, ал жаз ортасында судың минералдығы көтеріліп, оттегінің концентрациясы азаяды.

Күзде көктемдегідей процес қайталанады, бірақ көл суының сапасы онша көп жаңармайды, өйткені, дария суына егіс даласынан шыққан қашыртқы су араласады.

Әйтсе де осы қалыптасқан режим сақталады. Көлге таза судың түсуінен ондағы еріген оттегінің концентрациясы динамикалық сипатта болғанымен толық сарқылмайды. Бұл жағымды процес көлде биологиялық қорларға қатерлі болатын эфтрофикация (судағы еріген оттегінің сарқылуы) процесінің өрбуіне жол бермейді. Көл суындағы биогендік заттардың (азот, фосфат) режимі тұрақты.

4. Көлдің биологиялық әлеуеті (потенциалы) орта деңгейде деп бағалауға болады. Өйткені, жыл сайын көлге түсетін таза судың көлемі құбылып тұрады. Сонан балықтың тез өсіп-өніп, биомассасының молаюына қажет фитопланктон мен балыққа жемтік болатын басқа организмдердің биомассасының көбеюі шектеулі күйде қалып отыр.

Сол себепті, Жалағаш ауданының жеріндегі көлдерден ауланып жүрген балық 17 тонна, оның ішінде Майкөлден – 5 тонна. Бұл объективті мәлімет емес, өйткені, көлдің гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес келмейді.



Ұсыныстар

  1. Аудан жеріндегі көл жүйелерін пайдаланудың тиімділігін көтеріп, балық өндірісін молайту үшін арнайы бригада ұйымдастыру.

  2. Атыраулық көлдерге таза судың молырақ түсіп тұруын бақылауда ұстау және балықты қолдан жемдеу қажет деп санаймыз.

  3. Көлдерді жеке шаруашылық иелігіне беріп, олардың экологиялық жағдайын қадағалап отырса (жеке меншік болған соң өзі үшін қарайды, табанын шөптерден тазартып отырады, балықты қолдан көбейтуді қолға алады т.с.с.).

  4. Көлдерде балықтардың уылдырық шашатын кезінде арнайы балық инспекциясы арқылы бақылау жүргізсе.


Диссертация нәтижесі бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі:

  1. Нұрғызарынов А.М., Ақбердиева Г.Қ. «Қызылорда облысындағы көлдер жүйесінің экологиялық мәселелері», «Білім Ғылым Инновация: өзекті мәселері мен даму жолдары» ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда, 2012ж. 442-443б.

  2. Нұрғызарынов А.М., Ақбердиева Г.Қ. «Қызылорда облысындағы Майкөл көлінің географиялық орыны және суының құрамы», «Бизнестің жас акулалары» жас ғалымдар мен студенттердің VІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2013ж. 251-252б.

  3. Нургизаринов А.М., Абжалелов Б.Б., Акбердиева Г.К. «Географическое расположение и водный состав озера Майкол Кызылординской области» Сборник научных трудов по материалам 6-й Всероссийской научно-практической конференции с международным участием. Саратов, 2013г. 144ст.

Резюме

на реферат диссертации на соискание академической степени магистра естественных наук по специальности 6М060800- Экология

Г. К. Акбердиева
Пути оздоровления и экологическое состояние озеры Майколь

в Жалагашском районе
Актуальность настоящего исследования. В нынешнее время в территории Казахстана со стороны правительства большое внимание уделяется к проблемам использования биологического потенциала водоисточника и превращения рыбе-производства полностью как оптимальный отрасль экономики. С этой целью мы провели исследование на озеро Майколь в Жалагашском районе.

Цель диссертационного исследования. Исследовать пути оздоровления и экологическое состояние озеры Майколь в Жалагашском районе.

Достижение указанной цели предопределяет решение ряда задач:

- исследовать и пополнить физико-географические показания озеры Майколь по новому экологическому состоянию;

- исследовать гидрохимию озера (солёность, состав соли, баланс) и режим биогенных веществ (фосфат, натрий);



Объект исследования. Кызылординская область озеро Майколь в Жалагашском районе.

Способы исследования. Во время исследования были получены материалы из фонда экологии и биоресурсов в Кызылординской области и из государственного предприятия «Бассейновое инспекция межобластного рыбного хозяйства Арал-Сырдарья».

Теоретическая и практическая значимость исследования. Во время диссертационной работы были использованы историко-географические, архивные и статистические материалы. Пути оздоровления и экологическое состояние озеры Майколь в Жалагашском районе и результаты экспериментального рыболовство ихтиофауны озеры Майколь были исследованы с разных сторон и были показаны данные пробы из озера в таблицах и в диаграммах.

Научная новизна:

Была создана экологическая позиция по сохранению состава почвы на берегу озера и химического состава озеры Майколь.

Были рассмотрены ряд мероприятий по реконверсии по меленою и по изменению химического состава озеры Майколь.

Результаты и одобрение работы к защите. Главное содержание работы были опубликованы в совете «Молодых ученых», в научном центре «Агробиологическое и прикладное исследование», в третьей Республиканской научно-исследовательской конференций «Образование, Наука, Инновация: актуальные проблемы и пути развития», а также в ІV Международной научно-исследовательской конференций «Молодые акулы бизнеса» организованный к 25- летнему юбилею Академии Международного бизнеса.

SUMMARY
for the academic degree Master of Science on specialty

6M060800-Ecology
G.K. Akberdieva
The ways of improvement and ecological status of the lake (Maykol) in Zhalagash region
The relevance. At the present time great attention is paid from the government to the problems of using fully biological potential of the water source and converting fish-production in the best sector of the economy in the territory of Kazakhstan. And so the akim of Kyzylorda oblast made ​​this decision. And there are quite acceptable conditions. For this purpose we conducted a survey of the lake Maykol in Zhalagash region.

The purpose of the dissertation research is to explore the ways of improvement and ecological status of the lake Maykol in Zhalagash area.

Achieving this goal determines the number of tasks:

exploring and recharging physical and geographical indications of Lake Maykol from the new environmental status;

exploring the lake water chemistry (salinity, salt composition, balance) and the mode of nutrients (phosphate, sodium);



The object of the study. Kyzylorda oblast lake Maykol in Zhalagash region.

The methods of research. During the research the materials were received from the fund Ecology and Biological Resources in Kyzyl-Orda region and from the state enterprise " Aral-Syr Darya Basin inspection inter-provincial fisheries".

Theoretical and practical significance of the study. At the time of the thesis historical and geographical, statistical and archival materials have been used. The ways of improvement and ecological status of lakes in Maykol in Zhalagash region and the results of experimental fishing Maykol ichtyofauna of the lake were examined from different perspectives and have been shown to sample data from the lake in tables and charts.

Scientific novelty:

Environmental position was created to conserve the soil on the banks of the lake and the chemical composition of the lake Maykol. In Syr region surveys have been conducted on the flood plain of the river and for the same reason, measures were taken to preserve the lakes. Considered a number of measures to re-conversion at chalking and by changes in the chemical composition of the lake Maykol.



The results and the approval of the defense. The main content of the work were published in the council of the "Young Scientists", the research center "Agrobiological and applied research", in the third Republican scientific-research conference "Education, Science, Innovation: the challenges and development", as well as in the IV International Scientific research conference "Young business sharks" organized for the 25th anniversary of the International business academy.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет