Регламенті Жалпы ережелер > «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»



Дата12.07.2016
өлшемі99.53 Kb.
#194084
түріРегламент
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___»___________
№ ____ қаулысымен
бекітілді

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті




1. Жалпы ережелер


1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі стандарт) Қарағанды облысы қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі мен әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2 қосымшасында белгіленген нысандағы өтінішінің немесе ( ЭЦҚ) мен электронды құжат түріндегі сұранысының болуы.

      5. Мемлекеттік көрстілген қызмет үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, ұзақтығы мен оны орындау реттілігі, оның ішінде рәсімдеу (әрекеттеу) өту кезеңдері:

      1 көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері стандарттың 9 – тармағына сәйкес өтініш қабылдауды көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады, құжаттарды қабылдау туралы қолхатпен бірге түпнұсқасын қайтарады (30 минуттан аспайды).

6. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.


3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. Кеңсе қызметкері

  2. Басшы

  3. Жауапты маман

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (әрекеттердің) сипаттамасы;

Көрсетілетін қыметті алушының құжаттарын қабылдау және кіріс құжаттары журналына тіркеу. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9 тармағында қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы және мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру немесе орынның болмаған жағдайында кезекке қою туралы хабарламаны дайындау. (30 минуттан аспау керек).

Рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-сызбада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге қызмет берушілермен өзара әрекеттер тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы.

   


   9. 2 қосымшаға сәйкес диаграммада келтірілген Әрбір рәсім (әрекет) көрсетілген, ХҚКО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторына стандарттың қосымшаларына сәйкес қажетті құжаттар мен өтініш береді, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операция залын жүзеге асырылады;
      2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін ХҚКО операторының логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдеріс);
      3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының қызметті, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін таңдауы;
      4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының (ата-аналарының бірінің немесе заңды өкілдерінің) деректері туралы сұрау жіберу;
      5) 1-талап –көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-үдеріс –көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болмауына ЖТ МДҚ-да байланысты, деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарлама қалыптастыру;
      7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) ХҚО операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы рәсімнің (әрекеттің) реттілігі мен портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш беру тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының Порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процессі);
      3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі және (немесе) хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (әрекеттерінің) өзара іс-қимылдар реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процессінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес бизнес-процесс анықтамалығында көрсетіледі.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттаудың блок-схемасы





Мемлекеттік қызметті алушы

Мемлекеттік қызметті көрсетуші қызметкер



Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініштер 15 минут аспай ұсынылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама алады
прямая со стрелкой 7 прямая со стрелкой 8



Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көшірмелерді құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырады. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды (7 жасқа толмаған) кезекке қою. Метепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру 30 минуттан аспайды.


«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы, графикалық нысанда



Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет диаграммасы




«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына


жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы
(7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3 қосымша

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесінің анықтамалығы


скругленный прямоугольник 3скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 11

скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 13скругленный прямоугольник 14скругленный прямоугольник 15скругленный прямоугольник 16прямая соединительная линия 84прямая соединительная линия 85прямая со стрелкой 86прямая соединительная линия 87прямая соединительная линия 88прямая со стрелкой 89


скругленный прямоугольник 19скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 23
прямая соединительная линия 28

блок-схема: решение 25иә



прямая соединительная линия 81прямая со стрелкой 90

жоқ


скругленный прямоугольник 17

прямая соединительная линия 29прямая со стрелкой 31


скругленный прямоугольник 20блок-схема: решение 26 иә

прямая со стрелкой 30прямая соединительная линия 74жоқ

прямая соединительная линия 78прямая со стрелкой 79


прямая со стрелкой 75прямая со стрелкой 77

скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 22скругленный прямоугольник 24прямая соединительная линия 64прямая со стрелкой 65прямая со стрелкой 66прямая со стрелкой 73




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет