Регламенті Жалпы ережелер «аитв-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»



Дата25.06.2016
өлшемі87.26 Kb.
#157947
түріРегламент


Әкімдіктің

2015 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 396 қаулысымен бекітілген

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және

міндетті құпия медициналық тексерілу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, облыстың ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.

Анықтама-сертификат оны берген сәттен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.

Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

Нәтижесі теріс болған жағдайда:

1) психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері (бұдан әрі – ПӘК кабинетінің дәрігері) тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушыны тіркеуді жүзеге асырады, жеке код береді, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізеді және емшара кабинетіне жолдама береді, 30 (отыз) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізу;

2) қан алу кабинетінің мейірбикесі көрсетілетін қызметті алушыдан АИТВ-инфекциясының болуына қан алу процедурасын жүзеге асырады, 10 (он) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына қан алу;

3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына қан үлгісіне тиісті талдауды жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және ПӘК кабинетінің дәрігеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

4) ПӘК кабинетінің дәрігері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 1 жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

Нәтижесі оң болған жағдайда:

1) ПӘК кабинетінің дәрігері АИТВ-инфекциясының болуына оң нәтиже алған жағдайда, одан әрі зерттеп-қарау үшін кеңес өткізеді, 15 (он бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – кеңес өткізу;

2) қан алу кабинетінің мейірбикесі қайтадан қан алуды өткізеді, 10 (он) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қайтадан қан алуды өткізу;

3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына антиденелерге қайтадан зерттеп-қарау өткізеді, 17 (он жеті) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына қанды зерттеп-қарау;

4) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

5) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына жеке қаблыдау кезінде береді, 5 (бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) ПӘК кабинетінің дәрігері;

2) қан алу кабинетінің мейірбикесі;

3) зертхана.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері (бұдан әрі – ПӘК кабинетінің дәрігері) тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушыны тіркеуді жүзеге асырады, жеке код береді, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізеді және емшара кабинетіне жолдама береді, 30 (отыз) минут.

2) қан алу кабинетінің мейірбикесі көрсетілетін қызметті алушыдан АИТВ-инфекциясының болуына қан алу процедурасын жүзеге асырады, 10 (он) минут.

3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына қан үлгісіне тиісті талдауды жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және ПӘК кабинетінің дәрігеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні.

4) ПӘК кабинетінің дәрігері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 1 жұмыс күні.

Нәтижесі оң болған жағдайда:

1) ПӘК кабинетінің дәрігері АИТВ-инфекциясының болуына оң нәтиже алған жағдайда, одан әрі зерттеп-қарау үшін кеңес өткізеді, 15 (он бес) минут.

2) қан алу кабинетінің мейірбикесі қайтадан қан алуды өткізеді, 10 (он) минут.

3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына антиденелерге қайтадан зерттеп-қарау өткізеді, 17 (он жеті) жұмыс күні.

4) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) жұмыс күні.

5) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына жеке қаблыдау кезінде береді, 5 (бес) минут.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де

көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде

ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.
____________________

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді

және міндетті құпия медициналық тексерілу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



қосымша

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Нәтижесі теріс болған жағдайда:
скругленный прямоугольник 56скругленный прямоугольник 57скругленный прямоугольник 58скругленный прямоугольник 57
скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 63
Көрсетілетін қызметті алушыдан АИТВ-инфекциясының болуына қан алу процедурасын жүзеге асырады, 10 (он) минут

АИТВ-инфекциясының болуына қан үлгісіне тиісті талдауды жүргізіп, мемлекеттік көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және ПӘК кабинетінің дәрігеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні
скругленный прямоугольник 40
Тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушыны тіркеуді жүзеге асырады, жеке код береді, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізеді және емшара кабинетіне жолдама береді, 30 (отыз) минут


прямая со стрелкой 7


прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 7
прямая соединительная линия 11
скругленный прямоугольник 63
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 1 (бір) жұмыс күні


прямая со стрелкой 36прямая со стрелкой 7

Нәтижесі оң болған жағдайда:


скругленный прямоугольник 56скругленный прямоугольник 57скругленный прямоугольник 58скругленный прямоугольник 57
скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 40скругленный прямоугольник 63
АИТВ-инфекциясының болуына антиденелерге қайтадан зерттеп-қарау өткізеді,

17 (он жеті) жұмыс күні


скругленный прямоугольник 40
АИТВ-инфекциясының болуына оң нәтиже алған жағдайда, одан әрі зерттеп-қарау үшін кеңес өткізеді, 15 (он бес) минут

Қайтадан қан алуды өткізеді, 10 (он) минут



прямая со стрелкой 7


прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 7

прямая соединительная линия 11

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына береді,

5 (бес) минут





скругленный прямоугольник 63
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) жұмыс күні



прямая со стрелкой 36


прямая со стрелкой 7прямая со стрелкой 7

____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет