Регламенті Жалпы ережелер «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»



Дата04.07.2016
өлшемі92.26 Kb.
#178578
түріРегламент


Павлодар облысы

Качир ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 504/18 қаулысымен

бекітілген

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және

мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Качир ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 124 мекенжайы бойынша және осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес ауданның білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметті алушы) көрсетiледi.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет күнтізбелік жыл ішінде ұсынылады.

Уәкілетті органның және ауданның білім беру ұйымдарының жұмыс кестесі сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды;

2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.

3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды

9. Стандарттың 16-тармағында аталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылуы мүмкін.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір маманымен не ауданның білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі әрекеттер

(өзара қызметтер) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар ұсынылады.

12. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:

1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса тіркелген құжаттардың саны мен атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орыны;

5) құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

уәкілетті органның маманы не ауданның білім беру бөлімінің жауапты қызметкері;

уәкілетті органның басшысы не ауданның білім беру ұйымының басшысы.

14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

15.Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін

схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды адамдардың жауапкершілігі


16. Уәкілетті органның лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

«Аз қамтылған отбасы балаларының

қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


Качир ауданының блім беру ұйымдарының тізімі

п\п


Білім беру ұйымының атауы

Мектептің мекенжайы

1

“Качир ауданының Теренкөл ауылының А.Н.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөл ауылы, Ленин көшесі, 234

2

“Качир ауданы Тереңкөл ауылының А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин көшесі,67

3

“Качир ауданы Теренкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин к-сі , 115 үй

4

“Качир ауданының №1 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі,1

5

“Качир ауданының №2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі, 200

6

“Качир ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Байқоныс ауылы

7

“Качир ауданы Байқоныс ауылы округінің Қызылтаң жалпы білім беретің орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Қызылтаң ауылы

8

“Качир ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі


Береговая ауылы

9

“Качир ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Жанабет ауылы

10

“Качир ауданынын Октябрь жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Октябрьск ауылы

11

“Качир ауданының Ивановка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Ивановка ауылы

12

“Качир ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Львовка ауылы

13

“Качир ауданының Коммунар жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Фрументьевка ауылы

14

“Качир ауданының Воскресенка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Воскресенка ауылы

15

“Качир ауданының Березовка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Березовка ауылы

16

“Качир ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Трофимовка ауылы

17

“Качир ауданы Жаңа-Құрлысауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тегістік ауылы

18

“Качир ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы

19

“Качир ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Калиновка ауылы

«Аз қамтылған отбасы балаларының

қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Кесте. Құрылымдық-функционалды бірліктер іс-әрекетінің (бұдан әрі – бірліктер ) сипаттамасы







Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы )

1

Іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы )№

1

2

3

4

2

Бірліктердің атауы

Уәкілетті органның маманы не білім беру ұйымының

жауапты қызметкері



Уәкілетті органның маманы не білім беру ұйымының жауапты қызметкері

Уәкілетті органның не білім беру ұйымының басшысы

Уәкілетті органның маманы не білім беру ұйымының жауапты қызметкері

3

Ііс-әрекеттің (үрдістің, операция процедура-ларының) аталуы

және оның сипаттамасы



Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қабылдайды және тіркейді, тиісті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді

Жолдама жобасын не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды

Жолдамаға не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Алушыға жолдаманы не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

4

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Барлық құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат

Жолдама жобасы не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Жолдама не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Жолдама не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

7 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

30 минуттан аспайды

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

«Аз қамтылған отбасы балаларының

қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде

демалуы үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы:






    













Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет