Регламенті Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»



Дата11.07.2016
өлшемі87.73 Kb.
#190573
түріРегламент






Павлодар облысы

Лебяжі ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 384/45 қаулысымен

бекітілген




«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Лебяжі ауданының жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдын әрі – білім беру ұйымы) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі

әрекеттер (өзара қызметтер) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы білім беру ұйымына стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

- білім беру ұйымының жауапты қызметкері;

- білім беру ұйымының басшысы.

14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Білім беру ұйымының лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.





«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

Лебяжі ауданының білім беру ұйымдарының тізімі




п\п


Білім беру ұйымының атауы

Мектептің мекенжайы

1

«Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Бесқарағай ауылы

2

«Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай ауылы

3

«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,

Жамбыл ауылы



4

«Қазы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,

Қазы ауылы



5

«Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,

Аққу ауылы



6

«Майқарағай жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Майқарағай ауылы

7

«Шақа жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шақа ауылы

8

«Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы

9

«Баймолдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Баймолдин ауылы

10

«Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы

11

«Потанин жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,

Черное ауылы



12

«Уахатов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Мерғалым ауылы

13

«Тілектес жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, с.Тілектес ауылы

14

«Шарбақты жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шарбақты ауылы

15

«Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Ямышев ауылы

16

«Зор-Октябрь жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Төсағаш ауылы

17

«Тақыр жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Тақыр ауылы

18

«Ленин жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Әйтей ауылы

19

«Амангелді жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шоқтал ауылы

20

«Жабағылы жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жабағылы ауылы

21

«Жаңатаң жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жаңатаң ауылы

22

«Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп» ММ

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қазантай ауылы

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

Құрылымдық-функционалды бірліктер іс-әрекетінің сипаттамасы





Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы )

п/п


іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы ) №

1

2

3

4

1

Бірліктер атауы

Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының басшысы


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


2

Іс-әрекеттің (үрдістің, рәсімдердіңоперация -ларының) аталуы

және оның сипаттама-сы



Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Барлық құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат беру


Білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды


Білім туралы құжаттың телнұсқасына немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды

Алушыға

білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді



3

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап


Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.


4

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

7 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

20 минуттан аспайды

5

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4



«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы:







    












Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет