Регламенті Жалпы ережелер «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»



Дата07.07.2016
өлшемі78.32 Kb.
#182993
түріРегламент





Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 19 » мамырдағы

№ 142/5 қаулысымен

бекітілді





«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын

жерін айқындау туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі немесе көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:



көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) бар көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді – 30 (отыз) минут;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды және жауапты қызметкерге орындау үшін жолдайды – 1 (бір) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тексереді, «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) келісу үшін сұрау жолдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындайды – 2 (екі) күнтізбелік күн;

Басқарма келіседі немесе шешім беруді келісуден бас тартады, және көрсетілетін қызметті берушіге жауап жолдайды – 10 (он) күнтізбелік күн;



көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындайды және басшылыққа тексеруге ұсынады – 14 (он төрт) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты тексереді және қол қояды – 1 (бір) күнтізбелік күн;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 (бір) күнтізбелік күн.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) бар көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі № 1 рәсімнің нәтижесі болып табылады;

басшының бұрыштамасы № 2 рәсімнің нәтижесі болып табылады;

Басқармаға келісу үшін сұрау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап № 3 рәсімнің нәтижесі болып табылады;

келісу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап № 4 рәсімнің нәтижесі болып табылады;

шешім жобасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап № 5 рәсімнің нәтижесі болып табылады;

қол қойылған шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап № 6 рәсімнің нәтижесі болып табылады;



шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру № 7 рәсімнің нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде

көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

Басқарма.

8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы 1 (кесте), 2 (бизнес-үдерістердің анықтамалығы) қосымшаларда келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,

сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде

ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау
Мемлекеттік қызмет Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі және веб-портал арқылы көрсетілмейді.







«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын

жерін айқындау туралы шешім беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша




Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы





Үдерістің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

7


1

2

3

4

5

6

7

8

9

2


Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері

Басқарма

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы

Құжаттарды қабылдау

Қарау және жауапты қызметкерге орындау үшін жолдау

Құжаттарды тексеру, Басқармаға келісу үшін сұрау жолдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындау

Келісу немесе шешім беруді келісуден бас тарту және жауапты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау

Шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап дайындау және басшылыққа тексеруге ұсыну

Шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты тексеру және қол қою

Шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

4


Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімші шешім)


Тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) бар көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі

Бұрыштама қою

Басқармаға келісу үшін құжаттарды жолдау туралы жолдама хат

Жауапты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау

Шешім жобасы немесе бас тарту

Қол қойылған шешім немесе бас тарту

Шешім немесе бас тарту

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минут

1 (бір) күнтізбелік күн

2 (екі) күнтізбелік күн

10 (он) күнтізбелік күн

14 (он төрт) күнтізбелік күн

1 (бір) күнтізбелік күн

1 (бір) күнтізбелік күн




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет