2015 жылғы «16» шілдедегі № 176
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) келісімі бойынша «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi - ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің шешімі (бұдан әрі – шешім) немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы дәлелденген жауап) болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың қосымшаcына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынуы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы отыз минут ішінде өтінішті және стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбе бойынша құжаттарды қабылдайды, оны кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы үш сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы екі күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын зерделейді және оларды Басқармаға келісуге жібереді;
5) Басқарманың кеңсе маманы отыз минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ілеспе хатын, көрсетілетін қызметті алушының өтініші және құжаттарымен қоса (бұдан әрі - құжаттар) кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және оларды Басқарма басшысының қарауына жолдайды;
6) Басқарма басшысы бір күнтізбелік күн ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және Басқарманың бөлім басшысына жолдайды;
7) Басқарманың бөлім басшысы үш сағат ішінде құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және оларды орындау үшін басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды;
8) Басқарманың жауапты орындаушысы бес күнтізбелік күн ішінде құжаттарды зерделейді және қарау нәтижелеріне сәйкес шешімді келісу туралы хатты (бұдан әрі - хат) немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды, оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы отыз минут ішінде хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
10) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір күнтізбелік күн ішінде хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
11) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы үш сағат ішінде хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қарайды және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді;
12) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бес күнтізбелік күн ішінде ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасымен (бұдан әрі – шешім жобасы) қоса хат немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір күнтізбелік күн ішінде хатқа қол қояды және қаулы жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
14) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы бір күнтізбелік күн ішінде тіркелген бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
15) облыс әкімдігі он бір күнтізбелік күн ішінде қаулы жобасын қарайды және қабылданған қаулының көшірмесін (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
16) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір күнтізбелік күн ішінде шешімді көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді;
17) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы бір күнтізбелік күн ішінде тіркелген шешімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысының бұрыштамасы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының хат дайындауы және оны құжаттармен қоса басқармаға келісуге жолдау;
5) басқарманың кеңсесінде көрсетілетін қызметті берушінің хаты мен құжаттарды тіркеу және оларды басқарманың басшысына беру;
6) басқарма басшысының бұрыштамасы;
7) басқарманың бөлім басшысының бұрыштамасы;
8) басқарманың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделейді және келісу мүмкіндігін анықтайды;
9) хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
10) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
11) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысының бұрыштамасы;
12) шешім жобасымен қоса хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындау;
13) шешім жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдау немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына беру;
14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тіркелген бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру;
15) облыс әкімінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімге қол қоюы және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауы;
16) шешімді көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына беру;
17) тіркелген шешімді көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) басқарманың кеңсе маманы;
6) басқарманың басшысы;
7) басқарманың бөлім басшысы;
8) басқарманың жауапты орындаушысы;
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар стандарттың 4-бөлімінде көрсетілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
12. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары және басқа да қызмет көрсетушілер арқылы көрсетілмейді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің www.stroy-bko.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу
және олардың орналасатын жерін айқындау
туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
өтінішті және стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбе бойынша құжаттарды қабылдайды, оны кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді (отыз минут ішінде)
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды
(бір күнтізбелік күн ішінде)
көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды
(үш сағат ішінде)
көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын зерделейді және оларды басқармаға келісуге
жібереді
(екі күнтізбелік
күн ішінде)
көрсетілетін қызметті берушінің ілеспе хатын, көрсетілетін қызметті алушының өтініші және құжаттарымен қоса (бұдан әрі - құжаттар) кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркейді және басқарма басшысының қарауына
жолдайды (отыз минут ішінде)
келіп түскен құжаттарды қарайды және басқарманың бөлім басшысына жолдайды (бір күнтізбелік күн ішінде)
құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және оларды орындау үшін басқарманың жауапты орындаушысына жолдайды (үш сағат ішінде)
құжаттарды зерделейді және қарау нәтижелеріне сәйкес шешімді келісу туралы хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды, оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бес күнтізбелік күн ішінде)
)
хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды
(отыз минут ішінде)
хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды
(бір күнтізбелік күн ішінде)
хатқа қол қояды және қаулы жобасын облыс әкіміне немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді
(бір күнтізбелік күн ішінде)
тіркелген бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды (бір күнтізбелік күн ішінде)
қаулы жобасын қарайды және қабылданған қаулының көшірмесін (бұдан әрі – шешім) немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді
(он бір күнтізбелік күн ішінде)
шешімді көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді
(бір күнтізбелік күн ішінде)
тіркелген шешімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды (бір күнтізбелік күн ішінде)
хатты немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты қарайды және орындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді
(үш сағат ішінде)
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жобасымен (бұдан әрі – шешім жобасы) қоса хат немесе бас тарту туралы дәлелденген жауапты дайындайды және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді
(бес күнтізбелік күн ішінде)
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;
ҚФБ 1 – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы
ҚФБ 1 – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
ҚФБ 1 – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы
ҚФБ 1 – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
ҚФБ 2 – басқарманың кеңсе маманы
ҚФБ 2 – басқарма басшысы
ҚФБ 2 – басқарманың бөлім басшысы
ҚФБ 2 – басқарманың жауапты орындаушысы
ҚФБ 3 – облыс әкімдігі
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |