|
Павлодар облысы
Лебяжі ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 384/45 қаулысымен
бекітілді
|
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Лебяжі ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Баймульдин көшесі, 13 телефондары: 8 (718 39) 21059, факс: 21303, электрондық мекенжайы: lebroo@list.ru, мекенжайы бойынша, мекенжайлары осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген сеоолық округ әкімдері аппараттарымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Лебяжі филиалы арқылы (бұдан әрі – Орталық) Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Лебяжі ауылы, Ташимова көшесі 114, телефон 21137, электрондық почта мекенжайы Lebyjii_con@mail.ru мекенжайы бойынша көрсетіледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «Электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызмет стандарттың 6-тармағында көрсетілген жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
уәкілетті органға жүгінген жағдайда – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі стандартқа 4-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда стандартқа 5-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектіліктің нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
Уәкілетті органға жүгінген жағдайда:
1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
9. Құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіздер стандарттың 16-тармағында аталған.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органға арқылы жүгінгенде уәкілетті органның маманымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі
әрекеттер (өзара қызметтер) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға беріледі:
уәкілетті органға жүгінген кезде – мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтің кезектілігі көрсетілген кезекке қойылғаны туралы хабарлама беріледі.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірлік) қатыстырылған:
уәкілетті органға жүгінген кезде:
уәкілетті органның басшысы немесе әкім.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірліктер бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Уәкілетті органның лауазымды мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.
|
«Мектепке дейінгі балалар
ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
|
1-кесте. Селолық округтер әкімдері мекен-жайларының тізбесі
р/с №
|
Селолық округтің атауы
|
Селолық округ әкімінің орналасқан мекен-жайы
|
1
|
«Лебяжі ауданының Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Восточный ауылы
|
2
|
«Лебяжі ауданының Жамбыл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Жамбыл ауылы
|
3
|
«Лебяжі ауданының Қазы селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Қазы ауылы
|
4
|
«Лебяжі ауданының Қызылағаш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Бесқарғай ауылы
|
5
|
«Лебяжі ауданының Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Черное ауылы
|
6
|
«Лебяжі ауданының Лебяжі селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Аққу ауылы
|
7
|
INCLUDEPICTURE "http://www.lebyazhye.pavlodar.gov.kz/images/spacer.gif" \* MERGEFORMATINET «Лебяжі ауданының Майқарағай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Майқарағай ауылы
|
8
|
«Лебяжі ауданының Малыбай селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Малыбай ауылы
|
9
|
«Лебяжі ауданының Шақа селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Шақа ауылы
|
10
|
«Лебяжі ауданының Шарбақты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауылы
|
11
|
«Лебяжі ауданының Ямышев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
|
Ямышев ауылы
|
|
«Мектепке дейінгі балалар
Ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
|
2-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктің әрекетін сипаттау
№
|
Негізгі процесс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің №
(барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Бірлік атауы
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның басшысы немесе әкім
|
Уәкілетті органның маманы
|
Уәкілетті органның басшысы немесе әкім
|
Уәкілетті органның маманы
|
2
|
Іс-әрекеттің (үдеріс, рәсім, операциялар) атауы және оларды сипаттау
|
Тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастыру
|
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау
|
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру
|
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты беру
|
3
|
Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
Құжаттарды тіркеу
|
Анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауға түскен құжаттарды ұсыну
|
Жолдаманың немесе хабарламаның не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы
|
Құжатқа қол қою
|
Жолдама немесе хабарлама не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап
|
4
|
Орындау мерзімі
|
30 минуттан аспайды
|
1 жұмыс күні
|
30 минуттан аспайды
|
5
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
2 баған
|
3 баған
|
4 баған
|
5 баған
|
|
|
«Мектепке дейінгі балалар
ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
|
Білім бөліміне өтініш білдіргенде мемлекеттік қызметті ұсыну сызбасы:
Тұтынушы
1. Аттестатау және мемлекеттік стандарт секторының бас маманы:
Тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу
5. Аттестатау және мемлекеттік стандарт секторының бас маманы:
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты беру
2. Білім бөлімінің бастығы:
Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастыру
3. Аттестаттау және мемлекеттік стандарт секторының бас маманы:
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау
4. Білім бөлімінің бастығы:
Жолдаманы немесе хабарламаны не көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру
Достарыңызбен бөлісу: |