Регламенті Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»



Дата12.07.2016
өлшемі50.81 Kb.
#194078
түріРегламент
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ А-5/257 қаулысымен 
бекітілді       

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру жөніндегі комитеттің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестат телнұсқасын беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 538 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы керек.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу мерзімінің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі – қызметті алушына қолхатты беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарлармен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексереді, сондай-ақ телнұсқаны дайындайды – 27 күнтізбелік күн. Нәтижесі – телнұсқаны дайындау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарлармен танысады – 2 күнтізбелік күн. Нәтижесі – телнұсқаға қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметті алушына телнұсқаны береді – 15 минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі журналға қол қоюы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:


      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдайды - 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарлармен танысады – 15 минут;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтылығын тексереді, сондай-ақ телнұсқаны дайындайды – 27 күнтізбелік күн;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарлармен танысады – 2 күнтізбелік күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушына телнұсқаны береді – 15 минут.
      Рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 12-қосымшаларына сәйкес блок-схемамен және бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.

4. Орталықпен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған қажетті құжаттарды Орталыққа ұсынады.


      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Орталықтардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi құжаттар түпнұсқалығының дұрыстығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі немесе бас тарту туралы хабарлама «терезелер» арқылы Орталыққа жеке өтініш білдірген кезде беріледі.
      11. Көрсетілетін қызмет алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесіне өтініш білдірілмеген жағдайларда, Орталық оны бір айдың ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін Орталықтың мұрағатына тапсырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Рәсімдердің (іс-қимылдың) кезеңділігін сипаттау осы Регламенттің 34-қосымшаларына сәйкес блок-схемамен және бизнес-процестерінің анықтамасымен сүйемелденеді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы


құжаттардың телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін      
қызметтің регламентіне       
1-қосымша               

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасында рәсімнің (әрекеттің) жүйелілігінің блок-схемасы

Қысқартылған сөздің мағынасы:


ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы


құжаттардың телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін      
қызметтің регламентіне       
2-қосымша              

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қысқартылған сөздің мағынасы:


ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы


құжаттардың телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін      
қызметтің регламентіне       
3-қосымша              

Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлері) арасында рәсімнің (әрекеттің) жүйелілігінің блок-схемасы

Қысқартылған сөздің мағынасы:


ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы


құжаттардың телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін      
қызметтің регламентіне       
4-қосымша               

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қысқартылған сөздің мағынасы:


ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет