Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары



бет1/4
Дата13.06.2016
өлшемі179.5 Kb.
#131188
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген



Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Трафиктi өткiзуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiн қосу және өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желілерін құрайтын байланыс операторлары мен желілер иелерінің өзара іс-қимылы тәртібін реттейді және мыналарды:

1) телекоммуникация желілерін (тіркелген және жылжымалы) қосу шарттары мен тәртібін;

2) байланыс операторлары мен қосылатын телекоммуникация желілері иелерінің ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимылын;

3) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері (бұдан әрі – ОПТЖ) бойынша трафикті өткізуді реттеу тәртібін;

4) желілік ресурстарды өзара пайдалану және трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Байланыс операторлары мен телекоммуникация желілері иелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Осы Қағидаларда мыналар арасындағы ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл тәртібі көзделген:

1) тіркелген желі байланыс операторларының бір-бірімен және ОПТЖ-ға қосылған жылжымалы желілердің тіркелген желілермен;

2) егер өзара іс-қимыл жасайтын желілердің кемінде біреуі ОПТЖ-ға қосылған болса, олардың бір-бірімен қосылуын жүзеге асырған кезде телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы, корпорациялық желілерінің иелері;

3) телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы, корпорациялық желілерінің иелері және егер ОПТЖ-ға қосылған болса жылжымалы телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары.

4. ОПТЖ-ға қосылған телекоммуникацияның ведомстволық, арнайы және корпорациялық желілері иелеріне осы Қағидаларда жазылған қосу трафикті өткізу, өзара іс-қимыл жасау және өзара есеп айырысуды жүргізу шарттары мен тәртібі бойынша талаптар қолданылады.

Телекоммуникация желілерінің иелерін қосу ерекшеліктері осы Қағидалардың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында келтірілген.

5. Байланыс операторлары, желілер операторлары мен иелері арасындағы құқықтық қатынастар мен ұйымдастыру–техникалық өзара іс-қимыл және өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған телекоммуникация желілерін жалғау шартымен (бұдан әрі – Жалғау шарты) реттеледі.

6. Заңда пайдаланылатын ұғымдардан басқа, осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Желі иесі);

2) трафик бірлігі – телекоммуникация желісі бойынша берілген телефондық қосылудың секунды, минуты немесе ақпарат кбайты;

3) IP-желісі – IP хаттамасы базасындағы пакеттік коммутациясы бар желі;

4) IP-хаттама – IP-желісінің құрылғылары арасында ақпарат пакеттері құрылымына және ақпарат пакеттерімен алмасу алгоритміне қойылатын талаптардың формальдандырылған жиыны;

5) IP-телефония – бұл телефон байланысын ұсыну және IP-хаттамасы арқылы нақты уақыт режимінде факсимильдік хабарларды беру жөніндегі қызмет;

6) маршрутизатор – желілік трафикті берудің бірнеше жолдарының біреуін таңдауды қамтамасыз ететін аппаратты-бағдарламалық кешен;

7) шағын автоматты телефон станциялары – сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын автоматты телефон станциялары (бұдан әрі – АТС);

8) жүктеме – берілген уақыт интервалына шақырулар ағыны түскен кездегі коммутация жүйесінің шығыс жиынтық уақыты;

9) IP-телефон операторы – IP–желісін пайдалануға мүмкіндік беретін IP–хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып, телефон байланысы қызметін көрсететін және нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру бойынша (оның ішінде алдын ала төленген карточкалар бойынша) байланыс операторы;

10) жергілікті телефон байланысының операторы – жергілікті телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

11) жылжымалы желі – шеткі терминалдарында аумақтық тіркелген орналасу орны жоқ телекоммуникация желісі;

12) IP-телефонияны пайдаланушы – телекоммуникация желісінің абоненті немесе өзге пайдаланушысы, оған IP-хаттамасы базасындағы технологияны қолдана отырып телефон және факсимильдік байланыс қызметі ұсынылады;

13) префикс – нөмірдің, желілердің және (немесе) қызметтердің әр түрлі тұрпаттарды жүзеге асыратын сандар мен белгілердің біреуінен немесе комбинациясынан тұратын сәйкестендіруші;

14) жергілікті деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын желі (желі үзіндісі) қосуды жүзеге асыратын жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына енгізіледі;

15) аймақішілік деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын желі қосатын желінің автоматты қалааралық телефон станциясына (бұдан әрі – АҚТС) қосылатын желіге аймақішілік нөмірлеудің «ab» кодын меншіктеумен қосылады;

16) қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын желі қосатын желінің нөмірлеу аймағына айналады, немесе егер қосылатын желіге «DEF» коды бөлінсе, қосылатын желі қалааралық транзиттік торапқа (ҚаТТ) немесе қосатын желінің АҚТС-на қосылады;

17) халықаралық деңгейде қосылу – қалааралық және халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің, коммутацияның халықаралық орталықтары (бұдан әрі – КХО) арқылы халықаралық байланыстың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

18) қызметтерді жеткізуші – өзінің телекоммуникация желісі жоқ және басқа байланыс операторларының желілері мен қызметтеріне қол жеткізу қызметтерін ұсынатын оператор;

19) есептік ставкалар – кірістерді, шығындар мен кірістірілген активтерді бөлек есептеудің деректері не Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен және көлемде технологиялық процестің белгілі бір кезеңінде телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен құрылыстарды ұсыну және қызмет көрсету құнын қамтитын экономикалық талдау және қаржы есептілігі деректері негізінде есептелген экономикалық негізделген шығындар мен табысты өтеуді қамтамасыз ететін баға (тариф);

20) трафикті өткізуді реттеу – телекоммуникация желілерінде және олардың арасында трафикті өткізудің қандай да бір тәсілдері мен жолдарын таңдайтын (немесе жоққа шығаратын) қағидаларды белгілеу;

21) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде нөмірлеу жүйесін және жоспарын құру қағидалары – болашағы бар байланыс құралдарын, оның ішінде жаңа байланыс қызметтерін енгізе отырып, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінің техникалық (технологиялық) құрылуын анықтайтын нормативті-техникалық құжат;

22) электрмагниттік сигналдар арқылы ақпаратты беру желісі – желіні пайдаланушылар арасында ақпарат алмасуды, ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді және ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруға арналған коммутация тораптары мен телекоммуникация арналарының жиынтығы;

23) тактілік желілік синхрондау жүйесі (бұдан әрі – ТСЖ) – цифрлық телекоммуникация желісінің барлық элементтерін синхрондау сигналдарымен қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;

24) қосатын желі – бір оператордың желісінен екінші оператор желісіне дейінгі барлық ұзындықта физикалық желіні өзіне қамтитын техникалық құрал-жабдықтар кешені, сондай-ақ осы желінің жұмысын қамтамасыз ететін қосатын және қосылатын желілер операторы станция жабдығының бір бөлігі;

25) терминал – шеткі абоненттік құрылғы;

26) жалғау (қосу) нүктесі – бір желінің екіншісіне қосылуы физикалық жүзеге асырылған орны (порт);

27) қосылу деңгейі – қосатын телекоммуникация желісінің иерархиясы бойынша белгіленетін желі деңгейі;

28) тіркелген желі – шеткі терминалдарында аумақтық тіркелген орналасу орны бар телекоммуникация желісі;

29) қосатын оператор – жергілікті, аймақішілік, қалааралық және халықаралық деңгейде өзге байланыс операторларының желілерін олардың өтініштері бойынша өз желісіне қосатын ОПТЖ байланыс операторы;

30) қосылатын оператор – жергілікті, аймақішілік, қалааралық және халықаралық деңгейде өз желісін ОПТЖ қосу туралы ұсыныспен ОПТЖ байланыс операторына өтінім жасаушы байланыс операторы;

31) бір телекоммуникация желісін (байланыс құралдарын) басқасына қосу – телекоммуникацияның екі желісінің арасындағы технологиялық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, оның ішінде қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілері, онда бұл желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылардың өзара қосылуды орнатуға және ақпарат беруге мүмкіндігі пайда болады;

32) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі (ҚХБОТЖ) – байланыс қызметін ұсыну мақсатында желінің тиісті деңгейінде қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған уәкілетті органның белгіленген талаптарына жауап беретін ОПТЖ байланыс операторының телекоммуникация желісі;

33) жалғасудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және жалғаудың үлгілік шартына сәйкес бір желіден басқа желіге жалғауға арналған телекоммуникация құралдары.



2. Байланыс операторларының, желі иелерінің ОПТЖ-ға желілерін  қосу үдерісіндегі ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимылы Ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл кезеңдері

7. Ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – желілерді қосу үдерісіндегі өзара іс-қимыл мынадай мәселелердің шешілуін қамтиды:

1) Қосылатын оператордың (желі иесінің) қосатын оператордан осы  Қағидаларға 5-қосымшаға және Жалғау шартының жобасына сәйкес ресімделген қосылуға үлгілік техникалық шарттарды алуы.

Қосатын оператор, техникалық мүмкіндікке байланысты, егер қосылу бір нөмірлеу аймағы шегінде жүзеге асырылатын болса, отыз күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аймағында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындау үшін қажетті нақты әрекеттерді көрсетумен, техникалық шарттар береді және қосылудың стандартты нүктесіне жалғаудың (қосудың) техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қосу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді төсеуге сұрау салған кезде кәбіл (телефон) кәрізінің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттарында кәбілді төсеу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;

2) қосылатын оператордың (желі иесінің) қосылуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуі;

3) қосылатын оператордың (желі иесінің) техникалық шарттарды қосуға және (немесе) орындауға жобаны іске асыруы.

Орындалған техникалық шарттар актісіне қол қойылған сәтінен бастап екіжақты келісім бойынша, қосатын және қосылатын байланыс операторлары (желілер иелері) үш күннен аспайтын мерзімде Жалғау шартына қол қояды.

Басым байланыс операторының Жалғау шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді;

4) желілерді тестілік режимде қосу.

Бірінші кезеңнің аяқталуы Орындалған техникалық шарттар актісіне, Табысты тестілеу негізінде желіні қосуға дайындығы туралы актіге, сондай-ақ Жалғау шартына қол қою болып табылады.

Екінші кезең – желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін өзіне мынадай мәселелердің шешілуін қамтитын, телекоммуникация қызметтерін ұсыну процесіндегі өзара іс-қимыл;

5) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара іс-қимыл;

6) трафикті өткізуді ұйымдастыру;

7) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;

8) ұсынылған қызметтер мен кіріс, шығыс және транзиттік трафикті өткізуге өзара есеп айырысуды жүргізу.
ОПТЖ-ға қосылатын телекоммуникация желілеріне қойылатын жалпы талаптар

8. ОПТЖ-ға қосылған телекоммуникация желілері технологиялық тұрғыдағы көзқараспен және қызметтерді ұсыну қағидалары бойынша ОПТЖ-ның құрамды бөлігі ретінде қарастырылады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық байланыс операторлары мен желі иелері ОПТЖ-ға өз желілерін қосуға құқығы бар.

10. Бір желіні екіншісіне қосу осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады, ал өзара іс-қимыл қосатын және қосылатын операторлар, желі иелері арасындағы шарттар негізінде жүзеге асырылады.

11. ОПТЖ-ға қосылған, шетелдік әріптестерінің телекоммуникация желілерінде арналары бар желі иелерінің оларды ОПТЖ операторларына/операторларынан трафик өткізу үшін пайдалануына жол берілмейді.

12. Бөлектелген желілердің байланыс операторларына сериялық нөмірлер, телефоншылар пульттарын, ОПТЖ-ға және бөлектелген желілерге бір мезгілде қосылатын кез келген жабдықты пайдалану арқылы трафикті өткізуді ұйымдастыруына жол берілмейді.

Бөлектелген желілердің түйінделуі кезінде ОПТЖ-дан олар ортақ пайдаланылатын желі санатына өтеді. Оларда «ab» коды мен АТС индекстерін тарату және пайдалану осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады, ал қосылу қайта берілген лицензия шарттарына байланысты жүргізіледі.

13. Қосылатын желілерде мынадай:

1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін бірыңғай стандарттар негізіндегі желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыс сенімділігін және басқарылуын қамтамасыз ету бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақтылықты және ақпараттық қауіпсіздікті, жедел-іздестіру іс-шаралары функцияларын, байланысты қалпына келтіру жөніндегі төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша;

3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті уәкілетті орган аккредиттеген сертификация органдарында қосылатын желілер операторларымен өзара есеп айырысуды жүргізу мақсатында жабдықтарды сертификаттауды қамтамасыз ету бойынша;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптар орындалады.

14. Қосылатын желіні және оның байланыс объектілерін салуға арналған жобалау құжаттамасы Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес болуы тиіс.

Жобалау құжаттамасын әзірлеуді жобалау жұмыстарын орындауға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.

Жобалау құжаттамасының құрамына Халықаралық электр байланысы одағының телекоммуникациялар секторының (бұдан әрі – ХЭО-Т) G.803, G.812, G.813 ұсынымдарына сәйкес жасалған және ОПТЖ-ның тактілік синхрондау желісінің схемасына толығымен қиыстырылған тактілік синхрондау желісінің схемасы кіреді.

Арнайы функцияларды орындайтын аппаратура мен жабдықтардың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган берген сертификаттары болуы тиіс.

15. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын барлық желілерге желіні құрастыру, құрылымы, тактілік синхрондау желі жүйесі, сигнал беру жүйелері, нөмірлеу жоспарлары, желілерді басқару және қолданылатын коммутация жабдықтарының түрлері бойынша қойылатын жалпы техникалық талаптар Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникация желісінің басқару құжатына және ХЭО-Т ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс.

16. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін (бұдан әрі – БТЖ) құрайтын барлық санаттағы байланыс операторлары және желілер иелері байланыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен бірыңғай өзара іс-қимыл тәртібінің талаптарын қанағаттандыратын өз желілерін басқару жүйелерін құрады.

Нақты желіні басқару жүйесі ХЭО-Т қабылдаған Электр байланысын басқару желісі тұжырымдамасына, ХЭО-Т ұсынымдарына, Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар мен нормаларға сәйкес болуы тиіс.

17. Қосылатын желілердегі техникалық пайдалану ОПТЖ техникалық пайдалану қағидаларына, байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік құжаттарына, ХЭО-Т ұсынымдарына сәйкес ұйымдастырылады.

18. Қосылатын желінің коммутациялық станциясы (жабдығы) тек бір байланыс операторымен қосу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет