Регламенті Жалпы ережелер Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»



Дата19.06.2016
өлшемі120.19 Kb.
#145960
түріРегламент





Павлодар облысы

Шарбақты ауданы әкімдігінің

2012 жылғы « 27 » желтоқсандағы

№ 435/10 қаулысымен бекітілген



«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға

мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер
1. Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 Қаулысына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттiк қызмет Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, 1 Май көшесі, 18 үй, «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі, телефоны 8(71836)2-17-12, жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, электрондық мекенжайы: sherb_zanet@mail.ru.

3. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы осы регламенттің 1-қосымшасында мемлекеттік қызмет алу үшін кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) жүгінеді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы Шарбақты ауданының бөлімі (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі, орталық келесi мекенжайда орналасқан: Павлодар облысы Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, В.Чайко көшесі, 45/2 үй, телефоны 8(71836)2-33-36, орталықтың жұмыс кестесі: үзіліссіз 9.00-ден бастап 19.00-ге дейін күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, электрондық мекенжайы: shar_con@mail.ru.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға – он жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне – күнтізбелік отыз күннен аспайды;

орталыққа – күнтізбелік он күн ішінде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда он бес минуттан, ауылдық округтің әкімінде және орталықта отыз минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімі он бес минуттан аспайды, орталықта – отыз минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


10. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін тізбесін ұсыну тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет.

11. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1) уәкілетті органда немесе ауылдық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;

2) орталықта – Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып өтінішті қабылдау туралы қолхат беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады:

1) уәкілетті органның бас маманы;

2) ауылдық округі әкімі аппаратының маманы;

3) уәкілетті органның бастығы.

13. Әрбір құрылымдық-функционалдық бірліктердің әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) жүйелілігі және өзара әрекеттері, әрбір әкімшілік әрекеттің (процедураның) атқарылу мерзімін қоса көрсеткенде жазбаша кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету және құрылымдық-функционалдық бірліктер жүрісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі

15. Уәкілетті органның басшысы және қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.







«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне 1 қосымша







Ауылдық округтің атауы

Мекенжайы

телефонның №

1

Шарбақты

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Шарбакты ауылы



2-13-24

2

Александровка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Александровка ауылы



4-02-92

3

Алексеевка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Алексеевка ауылы



2-15-37

4

Галкин

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Галкино ауылы



33-4-04

5

Жылыбұлақ

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Жылыбұлақ ауылы



2-15-18

6

Ильичевка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Богодаровка ауылы



4-04-10

7

Қарабидай

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Қарабидай ауылы



2-20-79

8

Красиловка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Красиловка ауылы



2-31-00

9

Назаровка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Назаровка ауылы



4-03-10

10

Орловка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Орловка ауылы



2-97-66

11

Северный

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Северное ауылы



2-11-74

12

Сосновка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Сосновка ауылы



2-16-87

13

Татьяновка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Малиновка ауылы



4-05-20

14

Хмельницкий

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Хмельницкое ауылы



2-64-00

15

Чигириновка

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Чигириновка ауылы



8-718-42-28789

16

Шалдай

Павлодар облысы Шарбақты ауданы

Шалдай ауылы



32-2-99







«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша



Құрылымдық-функционалдық бірліктердің әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) жүйелілігі және өзара әрекеттері



1) уәкілетті органға өтінген кезде




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағымы)

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

2

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру

Хабарлама жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптыдайындау

Хабарлама жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру

Журналда тіркеу

4

Аяқтау нысаны (мәліметте, құжат, ұйымдастыру-басқарушы шешім)

Құжаттарды қабылдау туралы талон

Қарар

Хабарлама жобасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Хабарламаға жобасы не қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Дайындау мерзімі

15 минуттан аспайды

2 жұмыс күн ішінде

3 жұмыс күн ішінде

3 жұмыс күн ішінде

15 минуттан аспайды


2) ауылдық округ әкіміне өтінген кезде




Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағымы)

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Ауылдық округ әкімі аппаратының маманы

Ауылдық округінің әкімі

Уәкілетті органның бас маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның бас маманы

Ауылдық округ әкімі аппаратының маманы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру

Хабарлама жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау

Хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарастыру

Журналда тіркеу

Журналда тіркеу

4

Аяқтау нысаны (мәліметте, құжат, ұйымдастыру-басқарушы шешім)

Құжаттарды қабылдау туралы талон

Құжаттарды уәкілетті органға тапсыру

Хабарлама жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Хабарлама жобасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Ауылдық округ әкімі аппаратының маманына хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Дайындау мерзімі

15 минуттан аспайды

3 күнтізбелік күн ішінде

10 күнтізбелік күн ішінде

10 күнтізбелік күн ішінде

5 күнтізбелік күн ішінде

30 минуттан аспайды





«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша



Құрылымдық-функционалдық бірліктер жүрісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сызба




1) уәкілетті органға өтінген кезде


















2) ауылдық округ әкіміне өтінген кезде



















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет