2013 жылғы 06.06. №95
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Батыс Қазақстан облысы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Батыс Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентi (бұдан әрі – Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 cәуірдегі Заңына сәйкес дайындалды.
2. «Батыс Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының негiзiнде «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру шеңберiнде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттік қызмет Стандартының негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі - Стандарт).
3. Мемлекеттік қызмет сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама) не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде;
2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында;
3) осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес уәкілетті органның және орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мерзiмi:
1) Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды берген сәттен бастап:
3 (үш) жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау кезiнде;
7 (жетi) жұмыс күн iшiнде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) – жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару және мекенжайдың тiркеу кодын көрсетiп, оны «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiнде мiндеттi тiркей отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне нөмiр беру, оны өзгерту немесе жою кезiнде жүргiзiледi.
Электрондық сұрау салу көзделмеген.
2) құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
10. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Орталықта қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
11. Мемлекеттік қызметті алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi, онда:
1) өтiнiштiң нөмiрi және қабылданған күнi;
2) сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны;
5) уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және оның байланыс телефоны;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiледi.
12. Мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті алушыға жетпей тұрған құжатты көрсете отырып қолхат береді.
Уәкілетті орган орталықтан түскен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызметті алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздеме ұсынады.
Бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш береді;
2) орталық қызметкері өтінішті тіркеуді жүргізеді, орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды. Орталықтан құжаттар пакеті уәкілетті органға жіберілген туралы дерек штрихкод сканері арқылы белгіленеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында құжаттың қимылын бақылауға мүмкіндік береді;
3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүргізіп, басшысына ұсынады;
4) уәкілетті органның басшысы құжаттарды уәкілетті органның лауазымды тұлғасына жолдайды;
5) уәкілетті органның лауазымды тұлғасы құжаттарды қарайды және орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда), анықтама немесе дәлелді бас тарту дайындайды;
6) уәкілетті органның басшысы анықтамаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды;
7) уәкілетті органның лауазымды тұлғасы орталыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жолдайды, орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) немесе уәкілетті органға тікелей өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін уәкілетті органнан алған жағдайда, орталық түскен құжаттарды штрихкод сканер арқылы белгілейді;
8) орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту береді.
14. Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдауды бір тұлға уәкілетті органның және орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес күні бойы жүзеге асырады.
Құжаттар сәйкес келген кезде орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті уәкілетті органға жібереді.
Орталық уәкілетті органға құжаттарды жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті органнан орындалған құжаттар қолхатқа көрсетілген мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда орталыққа түсуге тиіс.
15. Мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға немесе орталыққа ұсынады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) орталықтың қызметкері;
2) орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;
3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
4) уәкілетті органның басшысы;
5) уәкілетті органның лауазымды тұлғасы.
17. Әрбір әкімшілік іс-әректтерді (рәсімдерді) орындау мерзімі көрсетіліп, әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттерін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілік жүктеледі.
«Батыс Қазақстан облысы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізбесі
№
|
Атауы
|
Заңды мекен-жайы
|
Байланыс телефоны
|
1
|
«Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесi, 70, 16, 20 кабинеттер
|
8 (71136)-9-18-23
|
2
|
«Бөрлi ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесi, 99
|
8 (71133)-2-03-68
|
3
|
«Бөкейорда ауданының Сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылы,
Т. Жароков көшесi, 31
|
8 (71140)-2-14-59
|
4
|
«Жаңақала ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесi,44
|
8 (71140)-2-17-59
|
5
|
«Жәнiбек ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Жәнiбек ауданы, Жәнiбек ауылы,
Ғ. Қараш көшесi, 8
|
8 (71135)-2-74-09
|
6
|
«Зеленов ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесi, 137
|
8 (71130)-2-34-55
|
7
|
«Казталов ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Казталов ауданы, Казталов ауылы, Желтоқсан көшесi, 14
|
8 (71144)-3-17-28
|
8
|
«Қаратөбе ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесi, 18
|
8 (71144)-3-12-27
|
9
|
«Сырым ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Меңдалиев көшесi, 14
|
8 (71132)-3-13-43
|
10
|
«Тасқала ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесi, 23, 401 кабинет
|
8(71139)-2-15-57
|
11
|
«Теректi ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Теректi ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейный көшесi, 20, 1 кабинет
|
8(71132)-2-31-30
|
12
|
«Шыңғырлау ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Шевченко көшесi, 18
|
8(71137)-3-35-14
|
13
|
«Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі
|
Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1
|
8(7112)-50-05-80
|
«Батыс Қазақстан облысы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Орталықтардың тізбесі
№
|
Атауы
|
Мекенжайы
|
Байланыс телефоны
|
1
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы
|
Орал қаласы,
Жамбыл көшесі, 81/2
|
8(7112)282527
|
2
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Ақжайық аудандық бөлімдері
|
Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы,
Переулок көшесі, 2
|
8(71136)92580
|
Ақжайық ауданы,
Тайпақ ауылы,
Шемякин көшесi, 13
|
8(71142)21884
|
3
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Бөкей ордасы аудандық бөлімі
|
Бөкей ордасы ауданы,
Сайқын ауылы,
Берғалиев көшесі, 1
|
8(71140)21847
|
4
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Бөрлі аудандық бөлімі
|
Бөрлі ауданы,
Ақсай қаласы, Железнодорожная көшесі, 121 а
|
8(71133)35550
|
5
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Жаңақала аудандық бөлімі
|
Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы,
Халықтар Достығы
көшесі, 63
|
8(71141)22403
|
6
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Жәнібек аудандық бөлімі
|
Жәнібек ауданы,
Жәнібек ауылы,
Иманов көшесі, 79
|
8(71135)22425
|
7
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Зеленов аудандық бөлімдері
|
Зеленов ауданы,
Переметный ауылы,
Гагарин көшесі, 69 б
|
8(71130)23614
|
Зеленов ауданы,
Дариян ауылы,
Балдырған көшесi, 27/1
|
8(71131)24080
8(71131)24082
|
8
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Казталов аудандық бөлімдері
|
Казталов ауданы,
Казталов ауылы,
Лұқманов көшесі, 22
|
8(71144)32204
|
Казталов ауданы,
Жалпақтал ауылы,
С.Датұлы көшесi, 23
|
8(71138)21044
8(71138)21045
|
9
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Қаратөбе аудандық бөлімі
|
Қаратөбе ауданы,
Қаратөбе ауылы,
Құрманғалиев көшесі, 23/1
|
8(71145)31800
|
10
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Сырым аудандық бөлімі
|
Сырым ауданы,
Жымпиты ауылы,
Қазақстан көшесі, 11/2
|
8(71134)31446
|
11
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Тасқала аудандық бөлімі
|
Тасқала ауданы,
Тасқала ауылы,
Вокзальная көшесі, 6
|
8(71139)22398
|
12
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Теректі аудандық бөлімдері
|
Теректі ауданы,
Федоровка ауылы,
Юбилейная көшесі, 24
|
8(71132)23378
|
Теректi ауданы,
Ақжайық ауылы,
Ақжайық көшесi, 5
|
8(71142)91316
|
13
|
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуын және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметтерінің үйлестірілуін бақылау жөніндегі комитетінің «Халыққа қызмет көрсету» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалының Шыңғырлау аудандық бөлімі
|
Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы,
Тайманов көшесі, 95
|
8(71137)33311
|
«Батыс Қазақстан облысы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
1-кесте. Әрбір әкімшілік іс-әректтерді (рәсімдерді) орындау мерзімі көрсетіліп, әрбір ҚФБ бойынша әкімшілік
іс-әрекеттердің (рәсімдерінің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттерін мәтіндік кестелік сипаттау
|
іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны )
|
1
|
ҚФБ
|
ҚФБ -1
|
ҚФБ -2
|
ҚФБ -3
|
2
|
Атауы
|
Орталықтың қызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оны сипаттау
|
Құжаттарды қарау
|
Құжаттар жинау
|
Құжаттарды қабылдау және тіркеу
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Тіркеу және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына ұсыну немесе құжаттарды қабылдау туралы қолхат беруден бас тарту
|
Уәкілетті органға қайта жолдау
|
Уәкілетті органның басшысына ұсыну
|
5
|
Орындау мерзімдері (жұмыс күні)
|
20 минут
|
1 жұмыс күні
|
30 минут
|
|
Іс-әрекеттің № (барысы, жұмыс ағыны )
|
1
|
ҚФБ
|
ҚФБ -4
|
ҚФБ -5
|
ҚФБ -6
|
2
|
Атауы
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
|
Орталық қызметкері
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның атауы және оны сипаттау)
|
Құжаттарды қарау
|
Құжаттарды қарау және анықтама дайындау немесе дәлелді бас тарту
|
Анықтаманы тіркеу немесе дәлелді бас тарту
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Лауазымды тұлғаға жолдау
|
Орталыққа немесе мемлекеттік қызметті алушыға анықтаманы жолдау немесе дәлелді бас тарту
|
Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама беру немесе дәлелді бас тарту
|
5
|
Орындау мерзімдері
(жұмыс күні)
|
1 жұмыс күні
|
2 жұмыс күн
(нөмір беру, өзгерту, жою кезінде - 6 жұмыс күні)
|
1 жұмыс күні
|
2 - кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Орталық қызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
1.Құжаттарды қарау
|
3. Құжаттар жинау,
уәкілетті органға қайта жолдау
|
4. Құжаттарды тіркеу
|
2. Құжаттарды тіркеу немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту
|
|
|
3. Мемлекеттік қызметті алушыға анықтама беру және тіркеу
|
|
|
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
|
5. Құжаттарды қарау және лауазымды тұлғаны анықтау
|
6. Құжаттарды қарау және анықтама дайындау
|
|
7.Анықтаманы орталыққа жолдау немесе мемлекеттік қызметті алушыға беру
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Бағаналы үдеріс.
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Орталық ұызметкері
|
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы
|
Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері
|
1.Құжаттарды қарау
|
3. Құжаттар жинау,
уәкілетті органға қайта жолдау
|
4. Құжаттарды тіркеу
|
2. Құжаттарды тіркеу немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту
|
|
|
8. Мемлекеттік қызметті алушыға дәлелді бас тарту жолдау және тіркеу
|
|
|
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)
|
Уәкілетті органның басшысы
|
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы
|
5. Құжаттарды қарау және лауазымды тұлғаны анықтау
|
6. Құжаттарды қарау және дәлелді бас тартуды дайындау
|
|
7.Орталыққа немесе мемлекеттік қызметті алушыға дәлелді бас тартуды жолдау
|
«Батыс Қазақстан облысы аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің
мекенжайын анықтау жөнінде
анықтама беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
4-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар
Достарыңызбен бөлісу: |