1
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы
14 ақпандағы №40
қаулысымен бекітілген
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.
2. «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган). Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде селолық округтің әкімі (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысымен бекітілген (Бұдан әрі - Стандарт).
5. Мемлекеттік қызмет тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Клышев көшесі 91, Shyngyrlaurozsp@mail.ru, телефоны: 8(71137)33147.
Селолық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама (бұдаен әрі - анықтама), не қызметтен бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды:
2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
10. Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
11. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызмет алушыларға қызметі үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі.
2
Уәкілетті органның немесе селолық округ әкімінің үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай режимі – еркін.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
13. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) селолық округ әкімі;
2) уәкілетті органның қызметкері;
3) уәкілетті органның бастығы.
15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламентке 3-қосымшада берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
3
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін
растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша
Шыңғырлау ауданы бойынша селолық округтер әкімі аппараттарының тiзбесі
Р/с №
|
Шыңғырлау ауданындағы селолық округ әкімі аппараттарының атаулары
|
Орналасқан мекен - жайы
|
Байланыс деректерi
|
1.
|
«Шыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Тайманов көшесі 90а
|
871137-33-750
871137-34-245
|
2.
|
«Белогор селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091205, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Белогор ауылы Садовая көшесі 102
|
871137-25-103
871137-25-156
|
3.
|
«Полтава селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091208, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Полтава ауылы Жастар көшесі 12
|
871137-25-310
871137-25-340
|
4.
|
«Алмаз селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091202, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы Рахимова көшесі 69
|
871137-51-475
871137-51-702
|
5.
|
«Лубен селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091206, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Лубен ауылы Мұхамбетов көшесі 52
|
871137-23-233
871137-51-294
|
6.
|
«Қарағаш селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091207, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы Абай көшесі 18
|
871137-51-574
871137-51-579
|
7.
|
«Ақбұлақ селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091210, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылы Сагирбаев көшесі 230
|
871137-33-790
871137-33-860
|
8.
|
«Қызылкөл селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы Клышев көшесі 87а
|
871137-33-790
871137-33-262
|
9.
|
«Ащысай селолық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі
|
Индекс 091204, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы Бейбітшілік көшесі 22
|
871137-25-544
871137-50-600
|
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
өтініш берушінің (отбасының)
тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінің
2-қосымшасы
ҚФБ әрекетін сипаттау
№ іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)
|
ҚФБ-1
Селолық округ әкімі
|
ҚФБ -2
Уәкілетті органның қызметкері
|
ҚФБ -3
Уәкілетті органның бастығы
|
№1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді
|
№1 іс-әрекет
Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді
|
№1 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның маманына жіберу
|
№2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қою немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауап
|
№2 іс-әрекет
Анықтамаға қол қоюға немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның бастығына жіберу және дайындау
|
№3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді
|
№3 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті тұтынушыға анықтама немесе мелекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді
|
Орындау мерзімі 15 минуттан аспайды
|
|
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға
өтініш берушінің (отбасының)
тиесілігін растайтын анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба
Достарыңызбен бөлісу: |