Регламенті Жалпы ережелер «Туберкулездиспансерінен анықтама беру»



Дата19.06.2016
өлшемі51.67 Kb.
#148584
түріРегламент
Астана қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «20» қаңтардағы

106-83 қаулысына



5-қосымша

«Туберкулездиспансерінен анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

1. «Туберкулездиспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) негізделе «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) әзірленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансері»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ТҚД)(бұдан әрі – мемлекеттік қызмет беруші) атқарады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің құнын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес қызмет беруші белгілейді және қызмет берушінің интернет-ресурсында немесе қызмет берушінің орын-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз әдісімен қызмет берушінің шотына аудару арқылы жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі –фтизиатр-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен Стандартқа2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ТҚД берілетін анықтама.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) қызмет

көрсету тәртібінің сипаттамасы
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (әрекетті) бастау негізі қызмет алушының мемлекеттік қызметті берушіге тікелей жүгінуі болып табылады.

2. Құжаттарды қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жылдам қызмет көрсету қарастырылмаған.

3. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген:

жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);

қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (сотпен әрекет етуге қабілетсіз деп танылған тұлғалар үшін);

бекітілген халық тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің қызмет көрсету ауданында бекітілуінің болуы.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
1. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлері) тізімі:

1) медициналық тіркеуші;

2) қызмет берушінің кассасы;

3) фтизиатр-дәрігер.

2. Әр қызмет ұзақтығын көрсете отырып, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы қызметтің бірізділігін сипаттау:

1) мемлекеттік қызмет көрсетуге қызмет алушы өтініш берген кезде және құжаттар топтамасы толық болған кезде қызмет ұсынушының медициналық тіркеушісі Стандартқа сәйкес тіркеу жүргізіп, ұйымның есеп мәліметтері базасымен қызмет алушының мәліметтерін салыстырады. Қызмет нәтижесі – қызмет алушығафтизиатр-дәрігердің қабылдауына талон беру. Орындалу уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;

2) қызмет алушы қызмет берушінің кассасына мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем жасайды. Қызмет қорытындысы – төленгені туралы чек беру. Орындалу уақыты – 5 (бес) минуттан аспайды;

3) фтизиатр-дәрігер қызмет алушының өтінішін мемлекеттік қызмет (Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес) ұсынуды тіркеу журналына тіркейді және туберкулез ауруының бар, жоғына медициналық тексеру жүргізеді, бұзылу болмаған жағдайда Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша ТҚД анықтама береді. Қызмет қорытындысы – қызмет алушыға ТҚД анықтама беру. Орындалу уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қарым-қатынас тәртібін сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес блок-сызбада көрсетілген.

1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап - 60 (алпыс) минут;

құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

___________________________________



«Туберкулезге қарсы диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр рәсімінің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып әр рәсімнен (әрекеттен) өтудің блок-сызбасы


Қызмет алушы


Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

(қызмет беруші)








Мемлекеттік қызмет көрсетуге қызмет алушы өтініш берген кезде және құжаттар топтамасы толық болған кезде қызмет беруші медициналық тіркеушісі өтініштерге тіркеу жүргізіп, қызмет берушінің есеп мәліметтері базасымен қызмет алушының мәліметтерін салыстырады. Әрекет нәтижесі – қызмет алушыға фтизиатр-дәрігердің қабылдауына талон беру. Орындалу уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды







Қызмет берушінің кассасына мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем жасау. Әрекет нәтижесі – төленгені туралы чек беру.

Орындалу уақыты – 5 (бес) минуттан аспайды








Фтизиатр-дәрігер қызмет алушының өтінішін мемлекеттік қызмет ұсынуды тіркеу журналына тіркейді және туберкулез ауруының бар, жоғына медициналық тексеру жүргізеді,жоқ болған жағдайда ТҚД анықтама береді. Әрекетнәтижесі – ТҚД анықтама беру.Орындалу уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды




Қызмет алушы




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет