Регламенті Жалпы ережелер



Дата27.06.2016
өлшемі74.82 Kb.
#161633
түріРегламент










Павлодар ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “___”_________

№ ______ қаулысымен

бекітілген




«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. Мемлекеттік қызмет «Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – өкілетті орган) ұсынылады.



3.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло-арба беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
5. Мемлекеттік қызмет Павлодар қаласы, генерал Дүйсенов көшесі, 1үй кабинет № 3 мекежайы бойынша өкілетті органның ғимаратында демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00- ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, мүгедек болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

Жеке кәсіпкер – жұмыс беруші қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатынан немесе кәсіби науқастан болған мүгедектерге көрсетіледі.



7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде ұсынылады:

1) тұтынушы осы Стандарттың 11-ші тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - он жұмыс күні ішінде;

2) тұтынушы өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16- шы тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.



10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау өкілетті органның маманымен жузеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында іс-әрекеттер

(өзара әрекет жасау) тәртібінің сипаттамасы

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-ші тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға өкілеттік бере алады.

12. Тұтынушы өкілетті органда барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін мемлекеттік қызметке тұтынушының тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

 13. Кресло-арба алуға құжаттарды ресімдеу (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарламаны беру және жеткізуді тұтынушының тұрғылықты жеріндегі өкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы не пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдың бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) өкілетті органның бастығы;

2) өкілетті органның маманы.

15. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ-тің әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттіліктің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-ші қосымшасында көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2- ші қосымшасында берілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

17. Лауазымды тұлға және өкілетті органның маманы мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдайтын шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) ұшін Қазақстан Республикасының заңдарымен ескерілген тәртіпте жауапты.





«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің Регламентіне

1-ші Қосымша





ҚФБ- тің әкімшілік әрекеттерінің өзара әрекеттестігі мен

реттілік сипаттамасы
      Өкілетті органға өтініш білдірген кезде


1

Іс-әрекеттің №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Өкілетті органның бас маманы

Өкілетті органның бастығы

Өкілетті органның бас маманы

Өкілетті органның бастығы

Өкілетті органның бас маманы

3

Әрекеттер атауы (функциялар, операциялар, рәсімі ) және олардың сипаттамасы

Тұтынушымен ұсыныл-ған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Кұжаттарды

қарастыру



Хабарламаның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау

Хабарламаның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын қарау

Журналда тіркеу

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйыммдастырушы-өкімдік шешім)

Кұжаттарды қабылдау туралы талон

Қол қою

Хабарламаның немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасы

Хабарламаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

6 жұмыс күні

1 жұмыс

күні


15

минуттан аспайды



6

Келесі әрекеттің нөмірі

1 баған

2 баған

3 баған

4 баған

5 баған

 






«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметінің Регламентіне

2-ші Қосымша





Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы

өзара байланысты көрсететін схема


Өкілетті органға өтініш білдірген кезде


























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет