Регламенті Негізгі ұғымдар «Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»



Дата04.07.2016
өлшемі82.88 Kb.
#178579
түріРегламент


Павлодар облысы

Качир ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 504/18 қаулысымен

бекітілген

«Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында

экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. «Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Качир ауданының орта білім беретін ұйымдарымен (бұдан әрі – білім беру ұйымы) және «Качир ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 124 мекен-жайы бойынша (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) көрсетіледі,

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).

6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымымен демалыс және мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін көрсетіледі.

Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.

7. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi экстернат нысанында оќуға рұқсат беру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

9. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау білім беру ұйымының бір жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекет

(өзара әрекеттілік) тәртібін сипаттау
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады

12. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алатын күні белгіленген тізімдеме беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:

білім беру ұйымының жауапты қызметкері;

білім беру ұйымының басшысы.

14. Осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір бірлік әкімшілік іс-әрекеттердің (үрдерістердің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

15. Осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігінің арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды адамдардың жауапкершілігі
16. Білім беру ұйымының лауазымды адамдарына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.

«Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында

экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызметінің регламентіне

1-қосымша
Качир ауданының білім ұйымдарының тізімі


п\п


Білім беру ұйымының атауы

Мектептің мекенжайы

1

“Качир ауданының Теренкөл ауылының А.Н.Ёлгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөл ауылы, Ленин көшесі, 234

2

“Качир ауданы Тереңкөл ауылының А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин көшесі,67

3

“Качир ауданы Теренкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тереңкөль ауылы, Ленин к-сі , 115 үй

4

“Качир ауданының №1 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі,1

5

“Качир ауданының №2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Песчан ауылы,Шоссейная к-сі, 200

6

“Качир ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Байқоныс ауылы

7

“Качир ауданы Байқоныс ауылы округінің Қызылтаң жалпы білім беретің орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Қызылтаң ауылы

8

“Качир ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі


Береговая ауылы

9

“Качир ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Жанабет ауылы

10

“Качир ауданынын Октябрь жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Октябрьск ауылы

11

“Качир ауданының Ивановка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Ивановка ауылы

12

“Качир ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Львовка ауылы

13

“Качир ауданының Коммунар жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Фрументьевка ауылы

14

“Качир ауданының Воскресенка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Воскресенка ауылы

15

“Качир ауданының Березовка жалпы білім беру орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Березовка ауылы

16

“Качир ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Трофимовка ауылы

17

“Качир ауданы Жаңа-Құрлысауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін орта мектебі” мемлекеттік мекемесі

Тегістік ауылы

18

“Качир ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы

19

“Качир ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі” мемлекеттік мекемесі

Калиновка ауылы

«Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында

экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызметінің

регламентіне

2- қосымша


Құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) іс-әрекетінің

сипаттамасы







Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы )

1

Іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы )№

1

2

3

4

1

Бірліктердің атауы

Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


Білім беру ұйымының басшысы


Білім беру ұйымының жауапты қызметкері


2

Іс-әрекеттің (үрдістің, операция процедура-ларының) аталуы

және оның сипаттамасы





Мемлекеттік қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Тізімдеме беру.

Экстернат түрінде оқуға рұқсат беруге немесе қызмет көрсетуден бас тартуға дәлелді жауаптың жобасын дайындайды

Экстернат түрінде оқуға рұқсат беруге немесе қызмет көрсетуден бас тартуға дәлелді жауапқа қол қояды.

Экстернат түрінде оқуға рұқсат беруді немесе қызмет көрсетуден бас тартуға дәлелді жауапты береді.

3.

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру-реттеу шешімі)

Тізімдеме

Экстернат түрінде оқуға рұқсат берудің немесе қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Экстернат түрінде оқуға рұқсат беру немесе қызмет көрсетуден бас тартуға дәлелді жауап.

Экстернат түрінде оқуға рұқсат беру немесе қызмет көрсетуден бас тартуға дәлелді жауап

4.

Орындалу мерзімі

20 минуттан аспайды

12 жұмыс күні

1 жұмыс күні

20 минуттан аспайды

5.

Келесі іс-әрекеттің №

2

3

4




«Негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарында

экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»

мемлекеттік қызметінің регламентіне


3 -қосымша


Мемлекеттік қызметтің көрсету үрдісінің сызбасы





    


















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет